Бұл мерекелік шараның ерекшелігі топтағы арулардың аналарымен кездесуде болды. Отбасы құндылықтарын арқау етіп өрбіген әңгімеде аналарымыз жігіттер қауымын топ қыздарымен бірге олардың аналары да құттықтап, Отан қорғаудағы қызметтеріне сәттілік тіледі.Шара топ жетекшісі Құрманғалиева Баян Берікқызының алғыс, құттықтау сөздерімен басталып, келген қонақтарға қызықты сұрақтар қоюмен жалғасты.
Топ студенттеріне "Менің осындай тамаша анама тілерім..." стикері үлестіріліп, студенттер оған аналарға деген тілектерін жазды. Содан соң мерекелік шараның тізгінін топ студенттері Борис Мансұр мен Гусманова Жұлдыз алды. Жігіттерге арналған картоп ашу ойынымен шара қыза түсіп, аудитория арулардың ән-жырымен сәнге бөленді. Топтағы студенттер келген аналарымызды ұмытпай оларға арналған тренингтерді өткізді. Шара соңында "Ана-әке" әні айтылып, келген қонақтардың лебізі мерекенің сәнін аша түсті.
Осы орайда барлық Отан Қорғаушыларды, ер-азаматтарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!Еңбектеріңіз елене берсін!