17.02.22. күні студенттер үйінде тәрбиеші А. Т. Нугманованың ұйымдастыруымен "Жарқын елдің болашағы-жас маман" тақырыбында биылғы бітіретін топ студенттерімен тренинг өткізілді. Болашақ жас мамандардың яғни, болашақ ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби жанудың алдын алу, болашақ жас мамандарға алдағы жұмыс барысындағы өздерін ұстау мәдениеттеріне кеңестер беріп, бағыт-бағдар көрсету. Ең бастысы өздерін нағыз ұстаз ретінде ұстап, ұстаз деген ұлы ұғымды абыроймен алып жүруге көмектесу, өздеріне құрметпен қарауды үйретіп, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.