Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері республикалық PISA – Based Test for Schools негізінде мектептерге арналған зерттеудің валидация кезеңіне сәйкес тестілеуден өтті.
Тестілеуде олар оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыттары бойынша функциональдық дағдылары бойынша білім деңгейлерін көрсетті. Зерттеу компьютерлік форматта, онлайн режимінде өтті. Тестілеуді екі бөлімнен әрқайсысына 60 минуттан, 2 сағатта тапсырса және қосымша 35 минут шамасында сауалнама сұрақтарына жауап берді.
Бұл зерттеуге облысымызда 7 мектеп және 2 колледж қатысты.