«Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды

1. Оқытушылар - В1-4 блогы – 171307-173254 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

1) Дирижирлеу  оқытушысы -1 бірлік

2) Фортепиано оқытушысы– 1 бірлік

3) Шетел тілі пәнінің оқытушысы – 2 бірлік

4) География пәнінің оқытушысы– 1 бірлік (мемлекеттік және орыс тілінде)

5) Бастауышты оқыту әдістемесі  оқытушысы – 2 бірлік ( мемлекеттік тілде)

6) Бастауышты оқыту әдістемесі  оқытушысы – 1 бірлік ( орыс тілінде)

7) Дефектология пәнінің оқытушысы - 1 бірлік

8) Математика пәнінінің оқытушысы – 1 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

 

2. Бастапқы әскери дайындық оқытушысы– 1 бірлік (мемлекеттік және орыс тілінде) В1-4 блогы – 171307-173254 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар запастағы офицерлер, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді; оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;

басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;

білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен мүкәммалдың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери-патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;

әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады;

білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс - шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

3.Педагог- психолог( мемлекеттік және орыс тілінде)  - 1 бірлік В3-4  блогы– 137046-141718 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- "Психология" мамандығы бойынша жоғары білімі және бейіні бойынша медициналық жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

- Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер-5 жыл.

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды.  Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады.Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді. Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық). Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.

 

4.Концертмейстер -3 бірлік В3-4  блогы – 137046-141718 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

Біліктілікке қойылатын талаптар:  Жоғары  білімді, мүмкіндігінше магистр және педагог-модератор, педагог- сарапшы, педагог- зерттеуші, педагог- шебер санаттарының болуы, білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарындағы еңбек өтілінің болуы, мемлекеттік тілді және орыс тілін  жетік білуі керек.Оқытушыға қойылатын талаптарға жауап береді, өз бетінше пәнді оқыту әдістемесін әзірлей біледі, белсенді оқытудың нысандары мен әдістерін пайдаланады, білім алушылармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра біледі; оқу-тәрбие жұмыстарындағы тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді, білім беру мекемесі шеңберінде шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына белсене қатысады.

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқуын әдістемелік ғылыми деңгейде өткізеді, олардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу және орындауға қатысады, білім алушылардың білім сапасына жауап береді. Оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасайды.Білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және бейімділіктерін зерделейді.Білім алушыларда кәсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырады, алған білімдерді тәжірибелік қызметте қолдануға оларды дайындайды, бітірушілерді даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді.Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.

 

5.Кітапхана меңгерушісі  - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс орнына). С1 блогы – 141141-147799 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

Біліктілікке койылатын талаптар: жоғары (кітапханалық) білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3  жылдан кем емес;

Лауазымдық міндеттері: Кітапханананың  ғылыми және өндірістік  қызметін басқарады;

Белгіленген тәртіппен перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

Кітапхана қорын қалыптастыруды ұйымдастырады;

Жаңа түсімдерді қабылдайды;

Жаңа түсімдер бюллетенін рәсімдеу;

Келіп түскен әдебиеттерді тізімдік есепке алу;

Окырмандарға уакытында қызмет көрсетуіне, ақпараттык жұмысты, көрмелерді (витриналарды) және басқа да кітаптарды насихаттаудың белсенді және пәрменді іс-шараларын ұйымдастыруды, бақылауды жүзеге асырады;

Кітапхана аралық абонемент бойынша басқа кітапханалармен байланыс орнатады;

Ғылыми-техникалық ақпарат органдарымен, шетелдік құрылтайшылармен,   қоғамдық ұйымдармен және шығармашылық одақтармен мәдени және кітапханалық ынтымақтастық

мәселелері бойынша тұрақты байланыс жасайды;

Қажетті жабдықтармен, сондай-ақ кітапхана үрдістерін механикаландыру мен компьютерлендіруді қамтамасыз етеді.

Білікті кадрларды камтамасыз ету, қызметкерлердің білім мен тәжірибесін дұрыс  пайдалану, тапсырылған іске жауапткершілікті  арттыру бойынша шаралар қабылдайды;

Кітапхана қызметінің еңбек тәртібін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын уакытылы және жүйелі есепке алуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді,

Қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ыкпал етеді;

Кітапхананың  қаржы ресурстарын басқарады.

 

Заңгер – 0,5 бірлік С2  блогы– 68240-69738 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      1-санатты заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 2-санатты заңгер лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      2-санатты заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз заңгер лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Лауазымдық міндеттерi:  Құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады; заңды тұлғаларды тіркеуді, бағалы қағаздар эмиссиясының, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;  кәсіпорын органдарының құқықтық негіздерін (жалпы жиналыстың өкілеттіктері туралы, директорлар кеңесі туралы, басқарма туралы, тексеру комиссиясы туралы ережелерді әзірлейді) анықтайды; мүлікті сатып алу немесе бас тартуға байланысты мәмілелер (шарттар) туралы ережені әзірлейді; кәсіпорынның қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; кәсіпорын бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді; кәсіпорындағы шартпен келісілген жұмыстарды талдайды, оны қайта қарау мен өзгерту бағдарламасын әзірлейді, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі шарт бойынша жұмыстардың жағдайын тексереді; кәсіпорындағы наразылық жұмыстарын жүргізеді, қарсы агенттерден түсетін наразылықтарды есепке алуды, оларды қарауды қамтамасыз етеді; түскен наразылықтарға жауап дайындайды және түскен наразылықтарды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешім жабаларын қабылдайды; талап-арыз жұмысын жүргізеді, шарттық дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау бойынша шаралар қабылдайды; кәсіпорын қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензиялар, рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен өзге де құжаттарды дайындайды; қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі туралы шарттарды тексереді және қол қояды; қызметкерлерді жұмыстан босатылу мен ауысу, оларға тәртіптік жаза қолдану заңдылығын тексеруді жүзеге асырады; кәсіпорында анықталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдарында кәсіпорын атынан өкілдік етеді;талаптарды қабылдауға, талаптар бойынша жауап беруге және бітімгершілік келісімдерге қол қоюға құқылы; кәсіпорын жұмысшыларына әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңесті жүзеге асырады, заңды құжаттарды құрастыруға құқықтық көмек көрсетеді.

 

Жастар ісі комитеті жетекшісі  - 1 бірлік – 70 000 теңге

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығы бар өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

       және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жастар ісі жөніндегі инспектор лауазымындағы педагог-шебер үшін жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс.

Лауазымдық міндеттері: Өзіне тапсырылған жұмысты тиімді орындау; Орындаушылық, еңбек  және ішкі тәртіптің талаптарын сақтау; Жас ерекшеліктеріне сай жасөспірімдер мен жұмыс және шаралар ұйымдастыру; Жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру;Мекеменің құпиясын қамтитын мәліметтерді сақтау: Діни ахуалды бақылау, жүзеге асыруда көмектеседі.

 

 Хореограф – оқытушы - 0,5 бірлік В1-4  блогы – 85653 - 86627 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

Біліктілікке қойылатын талаптар: Хореография саласында жоғары кәсіптік білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, не жоғары кәсіптік білім беру мекемесіндегі қызмет бағыты бойынша қосымша кәсіптік даярлық. Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл, педагог – шебер үшін-5 жыл.

Лауазымдық міндеттері: Колледж оқытушыларымен және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірлесіп колледж іс-шараларының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді, студенттермен жеке және топтық сабақтар өткізеді. Студенттердің орындаушылық шеберлігін қалыптастырады, студенттердің көркемдік талғамын оятады және дамытады, музыкалық және бейнелі идеяларды кеңейтеді және шығармашылық даралықты тәрбиелейді. Колледж студенттерінің жеке және жас ерекшеліктерін, олардың музыкалық және қозғалыс қабілеттерін ескере отырып, олардың хореографиялық қызметінің бағытын болжайды, жоспарлайды және ұйымдастырады. Студенттермен би қимылдарының элементтері бойынша сабақтар өткізеді; студенттердің колледж мерекелерінде және іс-шараларында би нөмірлерімен өнер көрсетеді. Би жаттығуларын, сценарийлерді әзірлеуді және студенттік билерді құруды қамтамасыз етеді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес хореографиялық қойылымдарды, оның ішінде жеке және ұжымдық қойылымдарды орындайды. Хореографиялық қойылымдармен айналысатын студенттермен ұжымдық және жеке сабақтар, репетициялар өткізеді. Қарапайым ансамбльдік нөмірлер мен хореографиялық сахналардың орындалуын өз бетінше дайындайды, олардың көркемдік сапасын бақылайды.

 

Конкурсқа  қатысуға қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)Жеке басын куәландыратын құжат (нотариуспен шандырылған);

3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариуспен шыңдалған), (түпнұсқа) (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (075 нысан), медициналық кітапша.

7) Сотталмаған туралы анықтама;

8) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) Бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

12) Әскери есепке алу құжаты
13) Бар болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері,  ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) ұсынады.

Конкурс мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің мемлекеттік қызметке бос лауазымдарға орналасу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және колледждіңң ресми сайтында жарияланады.

Хабарландыру шыққан соң 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Орал қаласы. Н.Назарбаев даңғылы 173 үй 22 – бөлме,  тел:  87752231252, 87785516538;

 

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 133

Вчера 203

На этой неделе 1456

В этом месяце 5108

Всего 244190

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска