2022 жылғы 22 ақпан күні БҚО Білім беруді дамыту орталығымен бірге облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін "PISA халықаралық зерттеулерін жүргізу шеңберінде оқушылардың функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту" тақырыбында облыстық семинарын өткіздік.
Шара БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі басшысының м.а. Брекеева Ләззат Рахметқызы мен колледжіміздің директоры м.а. Кенжегалиева Салтанат Мақсотқызының алғы сөздерімен басталды.
Семинар жұмысына ынтымақтастық аясында бірге қызмет атқарып келе жатырған Татарстан Ресбуликасының Арск ауданының білім беру өкілдері қатысты. Арск ауданының Білім басқармасының бастығы Мухамадияров Рамиль Данилевич «Приоритетные направления развития системы образования Арского муниципального района» тақырыбында өздерінің іс тәжірибесімен таныстырса, Ғ.Тоқай атындағы педагогикалық колледж директорының орынбасары Мусина Лилия Надыровна "Особенности организации проведения ВПР в системе профессионального образования в 2021г." атты баяндамасында Бүкілресейлік бақылау жұмысының жүргізілуі туралы баяндап берді.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушыларыда семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті. «Ғылыми-жаратылыстану пәндерінен PISA форматына сәйкес құрастырылатын тапсырмалармен жұмыс жасау» тақырыбында жаратылыстану, биология пәндерінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Зайнуллина Анаргул Талгатовна, «Корректировка и практика трудностей в развитии естественно-научной грамотности» тақырыбында физика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі Джумагазиева Асель Каримовна ұтымды тәжірибелерімен бөлісті.