2022 жылғы оқу өндірістік жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айының 11 күні «Тәжірибелі әдіскерлер мектебі» жұмысының аясында сабақты жоспарлауға байланысты «Сабақ мақсатына жетудің тиімді жолдары» тақырыбындағы шеберлік сағатын №19 ЖОББ мектебінің педагог зерттеушісі Нұрғали Гүлжазира Ергенбайқызы жүргізді. Шараға жас мамандар мен екінші курс топ студенттері қатынасып, берілген тапсырмалар бойынша сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту, SMART бағдарламасы, блум таксономиясы, жаңартылған білім берудегі әдістерді тиімді қолдана білуді қызыға орындап, тренермен ой бөлісті. Сабақты мақсатына жеткізуде түрлі тәсілдерді қолдану ерекшеліктерін талқылады.