Цифрлық сауаттылық – жиырма бірінші ғасырдың жаңа маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі. Цифрлық сауаттылық-бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Білім беру жүйесін цифрландыруда елімізде алғаш болып «Алматыкітап» баспасы оқушыларға ыңғайлы болу үшін үш баспаның 123 электронды оқулығын Web платформасында жинақтаған болатын.
Цифрлық оқулық – баспа оқулықтың pdf нұсқасы емес, интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы. TopІQ.kz электронды оқулықтар Web платформасы оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналарға және педагогикалық колледж студенттері үшін мектепте практикада қолдануға өте қолайлы екенін дәлелдеді. Біздің арнаулы оқу орнының оқытушылары мен болашақ мамандардың осы платформаны меңгеріп, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін оқу орнының басшысы Алтынгүл Жақсығұлқызы арнайы платформамен қамтамасыз етіп, заман талабына сай цифрлық технологияларды қолдану құзыреттілігін дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
TopІQ.kz платформасының мақсаты-электронды оқулықтар платформасын дидактикалық, әдістемелік, технологиялық мүмкіндіктері арқылы білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру. Электрондық оқулықтар мектеп оқушыларының қажетті білімді толық алуына, өздігінен білімді меңгеруіне, өзін-өзі тексеріп, бағалай білуге, өз біліміне сенімді болуға мүмкіндік береді. Web платформасында жинақтаған электронды оқулықтар әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін өте ыңғайлы, мультимедиалық тапсырмалар көптеп берілген, бала ойнап отырып, материалды тез меңгеріп алады, және оқушы үйде де, қоғамдық орындарда да білім алуға мүмкіндігі мол.
Меңгерілмей қалған білімді қайта-қайта қайталап қарау арқылы өзбетімен қабылдауға икемді. Ал мұғалім үшін тиімді көмекші құрал болып отыр, өйткені платформадағы жасақталған электронды тапсырмаларды пайдаланып қана қоймай, өз сабағына қажетті материалдарды өзі жасақтап, өзі өзгертіп түрлендіре алады. Ал студенттер үшін педагогикалық практика кезінде мектепте қолданып өз тәжірибесінде тиімді екенін дәлелдеді. Платформада мектеп оқулықтарымен қатар көркем әдебиеттер кеңінен жасақталып, үш тілде де оқуға ыңғайланған.
Бұл барлық қауымға бос уақытта дүниетанымды кеңейту мақсатында таптырмас құрал болып отыр. Осы жылы «Алматыкітап» баспасы ұйымдастырған TopІQ.kz платформасында электрондық оқулықтарды ең үздік қолдану бойынша өткізілген «Leader TopІQ» республикалық байқауына колледж студенттері директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлнар Нұрашеваның жетекшілігімен «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының үшінші курс студенттері Сахипова Камилла Біржанқызы, Бақытова Анэль Гамлетовна және «Математика» мамандығының 4 курс студенті Жомартқызы Ақжүніс қатысып, жүлделі 1,2,3-орын иегерлері атанды.
Жеңімпаз студенттерді республикалық тамыз мәслихатында «Алматыкітап» баспасындағы жобалық PR бөлімінің басшысы Гүлмарал Наурызбайқызы Қабдолашева арнайы келіп, марапаттап, ақшалай сертификаттарын табыстады. Байқауға қатысушылар осы платформаны қолдану туралы облыстық радионың «Жас торис» хабарында болып, республикалық, облыстық баспасөз беттеріне облыстық, «TopІQ.kz» платформасы туралы көпшілік қауымға жарнама жасап, ақпараттармен бөлісті.
Бірегей байқауды ұйымдастырған «Алматыкітап» баспасының әкімшілігі мен облыстық «Алматыкітап» баспасының тренинг орталық басшысы Айнагул Кайрмухановна Берниязоваға колледж ұжымы атынан шынайы ризашылық білдіріп, алғыс айтамыз.
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, Батыс қазақстан облысы, Орал қаласы.
Акан Маликулы БИЖАНОВ,
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директорының
ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі