ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

    ИМЕНИ Ж. ДОСМУХАМЕДОВА

    CALL-CENTER «111»


    КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

    МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    ФОНД СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ

     

    ТРУДОУСТРОЙСТВО

    2015-2016 оқу жылында колледжді 502 түлек бітірген, жалпы  362 түлек  жұмысқа  орналасқан, оның 186 –ын жұмысқа колледж орналастырған, 176 –сі өз бетімен жұмысқа кірген, осылардың  ішінде 268 –і өз мамандығы бойынша орналасқан. 

    2016-2017 оқу жылында колледжді 598 түлек бітірген, жалпы  450 түлек  жұмысқа  орналасқан, оның 258 –ын жұмысқа колледж орналастырған, 192–сі өз бетімен жұмысқа кірген, осылардың  ішінде 305 –сі өз мамандығы бойынша орналасқан. 

     

    Түлектерді жұмысқа орналастыру шарасы

         07.04.2017  күні Облыстық білім беру басқармасының қолдауымен колледжіндетүлектерді алдын ала жұмысқа бөлу мақсатында дәстүрлі «Мамандықтар жәрмеңкесі-2017» шарасы өткізілді. Шараға БҚО білім басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы Ж.Н Абдрахманова, қалалық білім беру басшысы Ж.М. Төремұратова, аудандық білім беру бөлімдері басшылары мен кадр бөлімінің қызметкерлері және Атырау облысы білім беру  бөлімінің мамандары қатысты.

    Шара барысында түлектердің мамандықтары бойынша оқу барысында жинақтаған студент портфолиосының көрмесі ұйымдастырылып, презинтацияланды. Білім беру бөлімдерінің басшылары, кадр бөлімінің қызметкерлері  аудандар бойынша түлектермен кездесіп бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, қажетті мамандарды  жұмысқа шақырады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы   аясындағы мемлекеттік қолдаулар туралы және еңбек нарығындағы сұраныстар туралы ақпараттармен таныстырылды. 

    Шараның мәжілістік отырысын колледж директоры педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Ш.Х Құрманалина ашып 2017 жылғы бітіретін түлектердің жергілікті бюджет және келісім шарт негізінде бітіруші түлектерінің мамандықтары бойынша сандық және сапалық көрсеткіштері туралы мәлімет беріп таныстырды. Шара нәтижесінде жергілікті бюджет негізінде бітіретін 148 түлектің 128-і жұмыспен қамтылды, ол 86,5% құрайды соның ішінде "Бастауыш білім беру мұғалімі", "Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі", "Шетел тілі мұғалімі", "Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі", «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарына сұраныс басымдылығы анықталды.