ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

    ИМЕНИ Ж. ДОСМУХАМЕДОВА

    Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі мен Бөрлі ауданының білім беру бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум

    Педагог мамандығын кең көлемде насихаттауға және педагогикалық бейіндегі колледждер мен ЖОО-да білімін беретін мектеп оқушыларының үздіксіз мамандандырылған дайындық жүйесін құру мақсатында Ақсай қаласы №1 мектеп жанында педагогикалық сыныптар ашу. Педагогикалық бағыттағы бейінді сыныптарды ашудағы мақсат ЖОББМ түлектеріннің арасынан мұғалім мамандығына қызығушылық танытқан талапкерлерді іріктеу. Олардың педагогикалық оқу орындарында білімін жалғастыруға бағытталған үздіксіз мамандандырылған дайындық жүйесін жасау. Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің басшысы О.Т.Тулемисов педагогикалық сынып туралы ереже, бағдарламаларымен танысып, 26 сәуір күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі мен Бөрлі ауданының білім беру бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.