№
|
Қаралатын мәселелердін, жұмыстардың атауы
|
Орындау мерзімі
|
Индикаторлар/сонғы нәтиже
|
Жауаптылар
|
ҚЫРКҮЙЕК
|
1.
|
Білім күніне арналған салтанатты жиын
|
01.09.2022 ж
|
1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты шараны өткізу.
|
Тәрбие бөлімі, Студенттік парламент
|
2.
|
Студенттік Парламент мүшелерінің жиналысы
|
Қыркүйек айының 1 онкүндігі
|
Студенттік парламент мүшелерін Жастар ісі комитетінің жаңа жетекшісі К.Бикитеевамен таныстыру. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына жаңадан серпін беру, белсенділердің басын біріктіру.
|
Студенттік Парламент
|
3.
|
Бірінші курс студенттерін колледж студенттерінің міндеттерімен, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен таныстыру және кездесу өткізу. Жатақхана студенттеріне жатақхана ережелері мен тәртібін таныстыру, түсіндіру.
|
Қыркүйек айының 2 онкүндігі
|
Бірінші курс студенттеріне колледж және жатақхана ережелірін таныстыру, құқық бұзушылықтың алдын-алу. Жаңа оқу жылына дарынды студенттерді анықтап, оларды белсенді студенттер қатарына шақыру, пайдалы кеңестермен ақпараттандыру.
|
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент
|
4.
|
Студент жастардың «Елбасы медалі», «ҚР Алтын жастары», «ҚР колледждерінің ТОП-100 студент» жобаларына қатысуға жағдай жасау
|
Жыл бойы
|
Студент жастардың белсенділігін арттыру, қалалық, облыстық, Республикалық сайыстарға іріктеу, белсенді студенттердің басын құрап, топ жасақтау.
|
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент
|
5.
|
«Отбасы – алтын байлық» атты отбасы күнімен қала тұрғындарын құттықтау шарасы.
|
Қыркүйек айының 3 онкүндігі
|
Студенттердің өзіндік жұмыстары арқылы сыйлықтар дайындап, қала тұрғындарын құттықтау.
|
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент
|
6.
|
«Жаһанша кубогы» Волейбол жарысы
|
Қыркүйек айының 3 онкүндігі
|
Колледж студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру
|
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент
|
7.
|
«Dance battle» би сайысы
|
Қыркүйек айының 3 онкүндігі
|
1-курс студенттері арасында бейімделу кезеңіндегі сайыс.
|
Студенттік Парламент
|
8.
|
«Zhahansha life» жобасын өткізу
|
Жыл бойы
|
Колледждің белсенді студенттерімен кездесу. Белсенді студенттерді барша колледж студенттеріне таныстыру.
|
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент
|
9.
|
Мұғалімдер мерекесіне арналған «Ұстаздар - ұлы тұлғалар» атты мәдени шара
|
Кыркүйек айының 3 онкүндігі
|
Мұғалім мамандығын дәріптеу және мерекені жоғарғы дәрежеде атап өту
|
Студенттік Парламент
|
ҚАЗАН
|
10.
|
«Қарты бар елдің қазынасы бар» атты қарттар күніне орай қарттар үйінде концерт.
|
Қазан айының 1 онкүндігінде
|
Студенттердің бойына халқымыздың қадірлі қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
|
Студенттік Парламент
|
11.
|
«Қазан айы-қайырымдылық айы!» атты қайырымдылық айлығы
|
Қазан айы бойына
|
Қайырымдылық айлығы аясында қамкөңіл қарияларға көбірек көңіл бөліп, қолұшын беру. Олардың отбасындағы жұмыстарына қолғабыс жасау.
|
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент
|
12.
|
«Сыбайлас жемқорлық – сенің жауың!» атты колледжішілік дебат ұйымдастыру
|
Қазан айының 2 онкүндігінде
|
Дебат барысында студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықпен күресте жас буынның ұсыныстарына құлақ асу.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
13.
|
Студенттер арасында «Zhahansha talents show» жобасын өткізу.
|
Қазан айының 2 онкүндігінде
|
Студент жастардың белсенділігін арттыру, қалалық, облыстық, Республикалық сайыстарға іріктеу, команда жасақтау.
|
Студенттік Парламент
|
14.
|
«Ж.Досмұхамедов – Күнбатыс Алашорданың көшбасшысы!» тақырыбында көшбасшылық сағатын өткізу.
|
Қазан айының 3 онкүндігінде
|
Ж.Досмұхамедұлының туғанына 135 жыл толуына орай колледжінің белсенді студенттеріне көсемнің қайраткерлік қырымен кеңінен таныстырып, Ұлы тұлғаны үлгі тұту.Студенттік парламент мүшелерімен топ басшыларының көшбасшылық қабілетін дамыту.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
15.
|
«Егемен елім-мақтанышым менің!» атты
«Республика күні» мерекесіне арналған мәдени шара
|
Қазан айының 2 онкүндігінде
|
ҚР Президентінің пәрменімен биылғы жылдан бастап қайтадан оралған 25 қазан – Республика күні мерекесінің мән-маңызын кеңінен түсіндіру.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
ҚАРАША
|
16.
|
«Тарихы терең Жаһанша колледжі» топ визиткасын қорғау сайысы
|
Қараша айының 1 онкүндігі
|
Ж.Досмұхамедов ат. жоғары педагогикалық колледжіне 110 жылдыққа орай арналған сайыс
|
Студенттік Парламент
«Жайық жастары» педагогикалық отряды
|
17.
|
«Күз – теңдесі жоқ атмосфера» күзгі балл сайысы.
|
Қараша айының 2 онкүндігі
|
Студенттердің шығармашылық белсенділігі және еркін қарым-қатынаста атмосфера құру.
|
Студенттік Парламент
|
18.
|
БҚО ДСБ мен ЖИТС орталығының мамандарымен, колледж медбикесімен кездесу ұйымдастыру.
|
Қараша айының 2 онкүндігінде
|
Жат қылықтардан, денсаулыққа қатер төндіретін зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, ақпарат беру және алдын алу шараларын ұйымдастыру.
|
Студенттік Парламент
|
19.
|
1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау шарасы
|
Қараша айының 2 онкүндігінде
|
Бірінші курс студенттерін салтанатты түрде «Студенттік қатарға қабылдау» шарасын ұйымдастыру. Колледж тарихымен таныстыру.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
20.
|
Фотоколлаж проекті «Біздін колледж: өткені, қазіргісі, болашақта»
|
Қараша айының 3 онкүндігінде
|
Ж.Досмұхамедов ат. жоғары педагогикалық колледжіне 110 жылдыққа орай арналған проект
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
ЖЕЛТОҚСАН
|
21.
|
«Ғасыр індеті» атты ақ халатты абзал жандармен жүздесу
|
1 желтоқсан
|
1 желтоқсан – Дүние жүзілік ЖИТС қарсы күрес күні. Студент жастарды жат қылықтардан, денсаулыққа қатер төндіретін зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, ақпарат беру және алдын алу шараларын ұйымдастыру.
|
Студенттік Парламент
|
22.
|
«Біз сіздермен мақтанамыз» атты белсенді түлектермен кездесу
|
Желтоқсан айының 2 онкүндігінде
|
Ж.Досмұхамедов ат. жоғары педагогикалық колледжіне 110 жылдыққа орай арналған конференция
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
23.
|
«Сыбайлас жемқорлық – сенің жауың» атты Антикор мамандарымен кездесу шарасын өткізу
|
9 желтоқсан
|
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай, студенттердің санасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, мүлдем төзбеушілік қағидатын сіңіру.
|
Студенттік Парламент
|
24.
|
«Тәу етер Тәуелсіздік!» Тәуелсіздік күні құрбандарына тағзым ету шарасы
|
16 желтоқсан
|
Еліміздің азаттығы жолында құрбан болған Ұлы тұлғаларды ұлықтап, олардың рухына тағзым ету. Жас ұрпаққа бабалардың аманатын жеткізіп, еліміздің азаттығын сақтаудағы азаматтық парызын сезіндіру.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
25.
|
«Ескі жылдың есебі» атты Студенттік парламент жұмысының қорытынды отырысы
|
Желтоқсан айының 3 онкүндігі
|
2023 жылы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, келесі жылға жұмыс жоспарын жасақтау.
|
Студенттік Парламент
|
26.
|
"Қош келдің, Жаңа жыл!"атты мерекелік шара
|
30 желтоқсан
|
Жаңа жылдық мерекелік шара ұйымдастыру.
|
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент
Жайық жастары
|
ҚАҢТАР
|
27.
|
«Сауатты ұрпақ - ұлтты сақтайды» атты ғалым, оқытушылармен отырыс.
|
5 қаңтар
|
5 қаңтар – Халықаралық сауаттылық күні. Сауаттылық күніне орай, студенттерді сауаттылыққа шақырып, парасаттылыққа үндеу.
|
Студенттік Парламент
|
28.
|
Адалдық сағаты аясында кездесулер
|
Қаңтар айының 2 онкүндігі
|
Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
29.
|
«Оқуға құштар оқу орны» атты арнайы іс-шара.
|
Қаңтар айының 2 онкүндігі
|
«Оқуға құштар колледж» тұжырмдамасы аясында сауалнама, тестілеу жүргізу. Студенттердің оқырмандық қызығушылықтарын арттыру.
|
Студенттік Парламент
|
30.
|
«Парасатты адам – қоғамға пайда!» тақырыбында дөңгелек үстел.
|
Қаңтар айының 2 онкүндігі
|
Парасаттылық мектебінің мүшелерімен кездесулер өткізу. Өзін – өзі дамытуға бағдар беру, парасаттылық мектебінің жұмысын жандандыру.
|
Студенттік Парламент
|
АҚПАН
|
31.
|
«Қатерлі ісік - қауіпті сырқат» атты дәрігерлермен дөңгелек үстел
|
Ақпан айының 2 онкүндігінде
|
4 ақпан – Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай жылма-жыл жасарып келе жатырған обыр ауруы туралы жастарды ақпараттандырып, студенттерді сырқаттан сақтандыру.
|
Студенттік Парламент
|
32.
|
«Қысқы спортты қолдаймыз!» атты спорттық шара.
|
Ақпан айының 2 онкүндігінде
|
Хан тоғайына шаңғымен серуенге шығып, шаңғышылар шеруін ұйымдастыру
|
Студенттік Парламент
|
33.
|
Студенттер арасында «Ойлан тап!» ойындарын ұйымдастыру.
|
Ақпан айының 2 онкүндігінде
|
Студенттерді бірлікке шақыру, белсенділіктерін арттыру, білім-біліктерін дамыту.
|
Студенттік Парламент
|
34.
|
«Development Day» атты студенттердің даму күнін ұйымдастыру.
|
Ақпан айының 2 онкүндігінде
|
Студенттермен сұрақ – жауап алмасу. Семинарлар өткізу. Дебат ұйымдастыру.
|
Студенттік Парламент
|
НАУРЫЗ
|
35.
|
«Алғыс айтамын!» атты алғыс айту шарасы
|
1 наурыз
|
1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған колледжішілік арнайы шара ұйымдастыру.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
«Жайық жастары» педагогикалық отряды
|
36.
|
«Әлемнің мәні әйелде!» атты мерекелік концерт
|
8 наурыз
|
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт. Колледждің нәзік жанды ұстаздары мен аруларына мерекелік көңіл күй сыйлау.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
37.
|
«Жаһанша аруы» байқауы
|
12 наурыз
|
Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, ұлттық қасиеттерін танып білуге және жүріп тұру мәдениетін бала бойына қалыптастыру
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
38.
|
«Көрісу күні» атты көрісу дәстүрін кеңінен дәріптеу
|
14 наурыз
|
Көрісу дәстүрін колледж жастары асасында кеңінен насихаттап, жастардың арасында бір-біріне деген бауырмалдықтарын арттыру
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
39.
|
«Наурызым - құтты жылым!» концерттік шара
|
22 наурыз
|
Наурыз мейрамына орай концерттік шара ұйымдастыру
|
Студенттік Парламент
|
СӘУІР
|
40.
|
«Өз құқығыңды біл», «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында тәртіп сақшыларымен кездесу
|
Сәуір айының 2 онкүндігінде
|
Студенттерге өз құқықтарын білуге үйрету және құқық бұзушылыққа жол бермеу.
|
Студенттік Парламент
|
41.
|
Студенттер арасында «Менің қолымнан бәрі келеді» челленджін ұйымдастыру.
|
Сәуір айының 2 онкүндігінде
|
Студенттерді белсенділікке тарту және жеке қабылеттерін анықтау.
|
Студенттік Парламент
|
42.
|
«Қала тазалығы біздің қолымызда» жалпы
қалалық сенбілік
|
Сәуір айының 2 онкүндігі
|
Жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысу.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
43.
|
«Топтың үздік оқырманы», «Колледждің үздік оқырманы» конкурстарын өткізу.
|
Сәуір айының 2 онкүндігі
|
Жастардың кітап оқуға ынтасын арттыру.Оқырман студенттерді ынталандыру.
|
Студенттік Парламент
|
44.
|
«Chess battle» Колледж студенттері арасында шахмат жарысы
|
Сәуір айының 3 онкүндігі
|
Студенттердің шахмат ойынына қызығушылықтарын арттыру, достық қарым-қатынас орнату.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
МАМЫР
|
45.
|
«Бірлігі бекем елдің, тірлігі көркем!»
|
1 мамыр
|
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтіп, жастарды бірлікке шақыру шараларын өткізу.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
46.
|
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»
|
9 мамыр
|
Ұлы Жеңістің 79 жылдығын кеңінен атап өтіп, майдангерлердің ерлігін студенттерге дәріптеу. ҰОС және тыл ардагерлерімен кездесу өткізу.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
47.
|
«Таза сессия» акциясы
|
Мамыр айының 2 онкүндігі
|
Оқу жылы аяқталар қарсаңында студенттерді сыбайластықтан сақтандырып, жомқорлыққа жол бермеуге үндеу.
|
Тәрбие бөлімі,
Студенттік Парламент
|
48.
|
«Жазғы демалысты дұрыс өткіземіз!» атты жастар жиналысы
|
Мамыр айының 3 онкүндігі
|
Студенттерді «Студенттік құрылыс жасақтарына» және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында жұмыс жасауға жұмылдырып, еңбекке баулу.
|
Студенттік Парламент
|