ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

    ИМЕНИ Ж. ДОСМУХАМЕДОВА

    ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫЛАНДЫ

    Колледжімізде 2019 жылдың 26 желтоқсаны күні БҚО білім басқарамасы басшысының орынбасары Габдушев Нурлан Баймуратовичтің, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес білім беру ұйымы өкілдерінің арнайы қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Онда басқарма төрайымының орынбасары Испусинова Светлана Багитовна, Стратегия және корпоративтік басқару департаменті директоры Абилов Рустам Жумабекович, Білім беру бағдарламалар орталығының директоры Абдильдина Жанар Нурбапашевналар сөз алды.

    Жүзеге асып жатырған «Білім беру процесін ұйымдастыру және «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім мазмұнын модернизациялау» жобасының алғашқы кезеңін қорытындылап, атқарылған жұмыстарға тоқталды және эксперименттің аяғына дейін қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.

    Шара барысында эксперимент кезінде қажеттілік тудырып толықтырулар мен өзгерістер енгізілген оқу бағдарламалары, әдістемелері, бағалау жүйесі мен колледждің даму стратегиясының соңғы нұсқасы таныстырылып, баспа және электронды нұсқалары колледжіміздің директоры Бахишева Светлана Мендыгалиевнаға табысталды.
    Қазіргі уақытта жобаның келесі кезеңін іске асыру бойынша шаралары пысықталып, жоспарлы қызметтер жүргізіліп жатыр.