ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

    ИМЕНИ Ж. ДОСМУХАМЕДОВА

    Мотивациялық кездесу

    28.11.2019 ж Жастар жылына орай студенттер үйінде Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы – Зулхаров Әділгерей Сырымбетұлымен мотивациялық кездесу ұйымдастырылған болатын. Кездесудің мақсаты – жастардың өмірге деген қызығушылықтарын ояту, бүгіні мен ертеңіне деген көзқарастарын дамыту, болашаққа нық қадам жасап, өздерін рухани жағынан байыту.

    Әділгерей Сырымбетұлы студенттермен еркін түрде әңгімелесті. Өзінің өмірлік жолында кездескен қиындығы мен қызығы мол жұмысы жайлы да сөз қозғалды. Студенттер «Сіздің сүйікті кітабыңыз қандай?», «Алғашқы ұстазыңыз кім», «Студенттік шақтағы есте қаларлық қызықты оқиға», «Жастарға қандай кітап оқуға кеңес бересіз?», «Адам өз арманына жету жолында не істеу керек?», деген секілді сұрақтар қойып, кездесуді одан әрі өрбіте түсті. Қазіргі таңдағы ата- ананың қадірі, ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі жайлы да сөз қозғалды. Кездесу соңында, студенттер бүгінгі мотивациялық кездесу үшін өз алғыстырын білдірді. Әділгерей Сырымбетұлы қойылған сұрақтардың ішінен өзіне ұнаған сұрақтың иесі студентіміз Жаңабаева Айымға жеке кітапханасынан кітабын сыйлауды ұсынып, «кездесуге шақырып, жастармен еркін тілдесуіме себепші ретінде» деп, студентіміз Фариза Хибатоваға «Ақжайық жастарының төсбелгісін» табыстады.