«СПИД не үшін қауіпті?» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

05.12. 22 ж. күні Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтан педагог Умбетова Гульнара Кимовна «СПИД не үшін қауіпті?» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.

«Жүректен маржан іздеген» атты әдеби кеш өткізілді

1 желтоқсан күні студенттер үйінде тәрбиеші Г.Т.Шахаеваның ұйымдастыруымен Ш.Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Жүректен маржан іздеген» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты:Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Студенттің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешендік  шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы студент бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Кешіміз биші қыздарымыздың әдемі биімен ашылып,одан әрі Шерхан Мұртазаның жырлары мен қайталанбас ерліктері жайлы баяндама оқылды, нақыл сөздері айтылды.

«Уақытты басқару – табысты басқару» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар

2022 жылдың қараша айының 25-де педагогика және психология кафедрасының «Жаңа Қазақстан-білімді жас, білікті маман» онкүндігі аясында оқытушы Л.С. Есенова мен практика бөлімімен бірге жоспарлы түрде «Уақытты басқару – табысты басқару» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

«А.Байтұрсынұлы шығармармалары» тақырыбында ReadX

24 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжін кітапханасында «Оқуға кұштар колледж» атты республикалық акцияға үн қосу мақсатында А.Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «А.Байтұрсынұлы шығармармалары» тақырыбында ReadX жетекшісі А.Ж.Темрешеваның ұйымдастыруымен оқырмандар конференциясы өтті.

«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты пікірталас

Бүгін 24.11.2022 күні студенттер үйінде тәрбиеші Н.Д.Байтақованың ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты пікірталас өтті. Мақсаты: студенттердің үлкен өмірге нық қадаммен аттауына ат салысу, психикалық тұрғыда көмек көрсету, жол сілтеу.

Сәкен Ғұмаровтың музей-үйінде ақын Ерсайын Жапақ Қайырлыұлымен кездесу кеші

23 қараша күні, Сәкен Ғұмаровтың музей-үйінде "Сәкен өнері-барлық ұлттарға ортақ рухты өнер" атты суретші-сазгер, ақын Ерсайын Жапақ Қайырлыұлымен кездесу кеші өтті. Кездесуге 2асКШТ тобы қатысты. Шара барысында өнер иесі өз шығармашылығы жөнінде әңгімеледі.

Біз өз таңдауымызды жасадық!!!

Біз үшін бүгін 2022 жылдың қараша айының 20-шы күні тарихи сәтте азаматтық ұстанымызды білдіру мақсатында дауыс беріп, өз таңдауымызды жасадық. Үлкен өзгерістер алдында тұрған мемлекетіміз үшін бүгінгі сайлаудың маңызы зор деп есептейміз.

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022»

Сүйінші!!!

Жаһанша колледжінің тағы бір жұлдызы жанды!

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші  Кошанова Зауреш Аманкосқызы республикалық «Үздік педагог-2022» байқауының жеңімпазы атанды.

«Студент болып өтсе ғой, әр адамның жас шағы» атты мерекелік шара өтті

17 қараша күні студенттер үйінде, Студенттер күніне орай «Студент болып өтсе ғой, әр адамның жас шағы» атты мерекелік шара өтті. Мақсаты: студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 282

Вчера 198

На этой неделе 1150

В этом месяце 9186

Всего 186705

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска