Жаңа трендтердің білімдегі сипаты

Математика, физика және информатика кафедрасының онкүндік аясында колледжіміздің студенттеріне бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында 3асКИНФ-9 тобының ұйымдастыруымен "Қызықты қоңырау" өткізілді.

ЖАҢА ТРЕНДТЕРДІҢ БІЛІМДЕГІ СИПАТЫ

26.01.2024 күні оқытушылар Суйнгалиева Г.К., Утегенова А.Т. және 3асКИНФ-9 тобының студенттері ұйымдастыруымен математика, физика және информатика кафедрасының «Жаңа трендтердің білімдегі сипаты» тақырыбындағы онкүндік аясында колледжіміздің оқытушыларына жаңа ақпараттық технологиялар идеясын ұсыну сағаты оздырылды.

«Мен оқыған бір кітап» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды

26 қаңтар күні 3а КШТ-9 топ студенттерінің қатысуымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде топ студенттерінің оқыған кітаптарының оқиға желісі бойынша құрастырылған суреттері қойылды. Шараның негізгі мақсаты: студенттердің кітап оқуға деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, дамыту.

“Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” атты челлендж өтті

26.01.2024 күні кітапханада 1аКШИ-9 тобының кураторы Турежанова Гулайым Айдынгалиевнаның ұйымдастыруымен “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” атты челлендж өтті. Топ студенттерінің қысқы демалыста оқыған кітаптары талданды. Қысқы демалысқа шықпай тұрып, топ болып Жүсіпбек Аймауытовтың “Қартқожа” шығармасын және Ғабит Мүсіреповтың “ Ұлпан” романын оқуға таңдап алған болатын.

Организовано заседание спикерского клуба «Меркурий» на тему «Достижение финансового роста и влияние книг на саморазвитие»

26 января 2024 года Областной универсальной научной библиотекой им. Ж. Молдагалиева было организовано заседание спикерского клуба «Меркурий» на тему «Достижение финансового роста и влияние книг на саморазвитие». В качестве спикера был приглашен известный предприниматель, основатель сети салонов «GEONA», «MIR POLA», «5 SVESD», «CHESTER PUB», автор проекта «Бизнес-школа для детей и подростков «BASQAR», депутат городского маслихата Асланбек Аминов. Модераторами мероприятия выступили студентки Высшего педагогического колледжа им. Ж.Досмухамедова Кетикова Диляра и Утепова Джамиля из группы 3 аспКШР-9.

«Ғылыми әдебиеттермен және картотекамен жұмыс» тақырыбында СҒҚ мүшелерімен отырыс өткізілді

25 қаңтар күні "Студенттердің ғылыми қоғамының" жоспарына сай «Ғылыми әдебиеттермен және картотекамен жұмыс» тақырыбында СҒҚ мүшелерімен отырыс өткізілді. Отырыста оқытушы В.А.Даулетова ғылыми әдебиеттерді өз жұмысыңда пайдалану жолдары, ғылыми ақпараттың негізгі дереккөздері, ақпарат көздерінің құжатнамалық түрінің мерзімді және мерзімді емес басылымдары, каталогтың түрлері, электронды кітапхана каталогі, ғылымның әр саласындағы ғылыми жарияланымдарды қамтитын еркін ғаламтор-іздеуші Google Scholar жүйесі туралы ақпарат беріп өтті.

«Бастауыш сыныпта сөз тіркесін оқыту әдістемесі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде оқытушы Б.М.Каримова «Қазіргі қазақ тілі, әдістемесі, каллиграфия» пәнінен 3аКШО-9 тобына «Бастауыш сыныпта сөз тіркесін оқыту әдістемесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ бастауыш сыныпта сөз тіркесін оқыту оқытудың жолдарын мектеп бағдарламасы мен оқулықтары негізінде талдауға, ҚМЖ құруға, өз бетінше жұмыстануға дағдыландыру. Лексикалық тақырып ретінде балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 толуына орай, жазушының шығармашылығынан, соның ішінде «Менің атым Қожа» фильмі туралы қосымша мәлімет беру арқылы шынайылыққа үндеп, кітап оқу мәдениетін арттыруды мақсат тұтты.

“Қыз бұрымы - қорғаны” атты шара

Қыз бұрымы қашан да қазақ қыздарының сұлулығының символы мен әсемдігінің белгісі. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу біздің мақсатымыз.
 “Бұрымды қыз” челленджі

Этно стиль апталығының аясында түрлі шаралар жоспарланып өтілуде, соның бірі қазақ қызының ұлттық сипатын насихаттауда “Бұрымды қыз” челленджі жарияланып, студенттер арасында таратылды.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 221

Вчера 1370

На этой неделе 4033

В этом месяце 6128

Всего 183647

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска