МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Құзыреттілік түсінігі және оны қалыптастыру жолдары. Оқытушылар: Ильясова Р.К., Галимова А.У.

Баяндама тақырыбы: «Құзыреттілік түсінігі және оны қалыптастыру жолдары»

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқытушылары Ильясова Р.К., Галимова А.У.

Құзыреттілік— бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде практикалық тәжірибе негізінде табысты жұмыс жасау. Құзыреттілік адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде. Кейбір сөздіктерде құзыреттілік құзырлылық делініп былай анықтама берілген. «Құзырлылық – адамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзіреттілік = Білім – Тәжірибе – Іскерлік.

Поляк ғалымы Иоанна Подгурскаяның пікірінше «Білім мен құзыреттілік туралы пікірталасқа тоқталсақ, іскерлікті қалыптастыру бұл да тәрбие, Эрудицияны құзыреттілікке қарсы қоюға болмайды. Оларды үйлесімді түрде қолдану керек. ХХІ ғасырда мектеп бағдарламасына енгізу керек білімдер көбеюде, бірақ бұл жолмен жүрсе, мектеп ақпараттарға тойған, бірақ өмірде қорғансыз адамдарды шығарады. Ал мектеп тек қана өмірге дайындауға бет алса, онда құзыретті, бірақ бірақ болмыс туралы терең рефлексия жасай алмайтын адамдарды дайындап шығарады. Құзыреттілікке үйрету сабақтың құрамына еніп, сабақтан тыс оқу жұмыстарында жалғасу керек».

Ұғымды нақтыландырамыз:

Құзыреттілік тұрғы білім нәтижесіне назар аударып, нәтиже ретінде адамның меңгерген ақпараттарының жиынтығын емес, түрлі жағдаяттарда іс- қимылдар жасау қабілетін басшылыққа алады. Белгілі бір салада табысты әрекет жасау үшін білім, іскерлік, және жеке тұлғалық сапаларын қолдану қабілеті.

Білім нәтижелері

Студенттің білімдік процесті аяқтаған соң (лекциялар, пән, модуль) нені білетіндігі, түсінетіндігін анықтау. (Қызметі: оқытуды студенттің көқарасы тұрғысынан қарап, оның жинақтайтын оқу тәжірибесінің сапасын көтеру).

Ақпараттық құзіреттілік

* ақпараттық ізденісті жоспарлау:

* ақпараттың белгілісі мен белгісізін бөліп анықтамаларды, энциклопедияларды қолдануы; мазмұн бойынша кітаптарға және сілтемелер бойынша сайтқа бағдар жасауы;

* ақпаратты адамға сұрақ қоя отырып алуы

* ақпаратты көркем образды мазмұнды қайнаркөздерден бөліп алуы; ақпараттарды жүйелеуі ;

* қарапайым ақпараттарды графикалық түрінен мәтінге немесе керісінше ауыстыруы;

* ақпараттың жеткіліксіздігінің немесе түсініксіздігін көрсетуі;

* ұсынылған қайнаркөздегі ақпараттан дәйектер мен қорытынды табуы;

* ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды орындау:

* дәйектемені бағалауы.

Проблемалар мен өзіндік менеджментін шешу құзыреттілігі ол - оқушылардың:

әр түрлі жағдайларда проблемаларды анықтау, жауапты шешім қабылдау, шешімнің салдарын бағалау;

* - өзінің іс-әрекетінің мақсатын қою, оны жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды анықтау, оған қол жеткізу процесін ұйымдастыру (яғни міндетке сәйкес технологияларды әзірлейді);

* - рефлексия мен өзін-өзі бағалауды, өз қызметін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

* - өз үшін жағдайларға сәйкес іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдау;

* - қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды таңдау, технологияларды айқын қолдану даярлығы.

Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

Тапсырма түрлері:

* 1-ші жақтан сөйлеу

* Мұғалімдердің пікірлері,үйреткен әдіс-тәсілдері туралы өз ойларын айту

* Пән атынан сөйлеу

* Жаңашыл мұғалімдерге марапат сөздер айту

* Жазалау

Енді назарларыңызға «Оқытуды ұйымдастыру формалары» тақырбында өткізілген сабақта қолданылған құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды ұсынамыз. ғымызды ұсынамыз.

Бөлім: Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, топтастыру.

Ақпараттық құзыреттілік

Аспектілер

Тапсырмалар

Ақпараттық ізденісті жоспарлау

  1. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Н.М.Шахмаев, И.М. Чередов, П.И.Подласый еңбектерінен «Оқытуды ұйымдастыру формасы» ұғымының анықтамасын жазып алып, пікірлердің үндестігін, айырмашылықтарын кестеге жазыңыз.
  2. «Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихы» тақырыбында кесте құрастырыңыз. Жоспары:

Рет саны.

Оқыту түрі

Оқыту формасы

Жақсы жақтары

Кемшіліктері

Алғашқы ақпаратты бөліп алу

  1. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы деп сипаттама беріңіз. Сипаттаманы кестеге жазыңыз.
  2. Сынып-сабақ жүйесінің негізгі қайшылығын жеңуге бола ма? Қалай?

Қайта алынған ақпаратты бөліп алу

Өзара оқыту мен сабақты салыстыр. Жауаптарын кестеге толтыр. Осы үлгімен Трамп жоспары мен сабақты салыстыр.

Өзара оқыту

Сабақ

1.Жоғары сынып оқушылары мұғалімнің түсіндірген оқу материалдарын бастауыш сынып оқушыларына түсіндіреді.

1.Жоғары сынып оқушылары бастауышқа сабақ бермейді.

2.

2.

Ақпаратты алғашқы өңдеу

Оқытуды ұйымдастыру формасының картотекасын жасауды бастаңыз. 5-7 форма қызықты және пайдалы болсын. Сабақтың дәстүрлі емес формаларын алғаныңыз дұрыс.

- аукцион;

- брейн-ринг;

- пресс-конференция;

- сот;

- іскерлік ойын;

Осы формаларға сипаттаманы карточкаға жазып, педагогикалық мүкіндігін көрсетіп, қай жастағы балаларға есептелгенін, қандай тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектесетінін анықтаңыз.

Ақпараттарды өңдеу

Өз пәніңізден бір тақырыпты оқытқанда қолдануға болатын 2-3 әртүрлі, дәстүрлі емес сабақ формаларының жүйесін жасап, суреттеңіз. Қосымша әдебиеттерде сіздің тақырыбыңыз болса қолданыңыз, оқыту құралдарын ойластырыңыз.

Ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды пайдалану

  1. Оқытуды ұйымдастыру формаларының сабақтан басқа түрлерінің сирек қолданылу себептерін анықтаңыз.
  2. Оқытуды ұйымдастыру формаларының сабақтан басқа түрлерін қазіргі мектепте қолдану мүмкіндіктерін қарастырыңыз.

Тақырып: Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың типтері, құрылымы.

.

Коммуникативтік құзыреттілік

Аспектілер

Тапсырма

Жазбаша қатынас

Педагогикалық байқағыштыққа тапсырма:

  1. Объектілерді тануға тапсырмалар: сабақ жоспарына қарап, сабақ түрін, құрылымын анықтау.
  2. Әрбір оқушының жақсы қасиетіне сүйеніп, дамуын жобала.

Көпшілік алдында сөз сөйлеу

1. Сиқыршы болсаңыз сабақты қалай өткізер едіңіз?

2. Объектілерді тануға тапсырмалар: сабақ жоспарына қарап, сабақ түрін, құрылымын анықтау.

3. Ж.Аймауытовтың сабаққа қойылатын талаптарын қазіргі талаптармен салыстырыңыз

4. ХХ ғ. мен ХІХ ғасырдың басындағы сабақтардың басты айырмашылығы неде? Осы сұраққа сен қалай жауап бере едің? Жауабыңды диалог түрінде келтір.

5. Парақтың сол жағына сабақтың уақытын, кезеңдерін жазып, оң жағына көңіл-күйіңізді түстермен белгілеңіз. Көгілдір түс-тиімді жұмыс істеген сәтіңіз; жасыл-көңіл-күйіңіз тұрақсыз; қызыл түс-үрей, стресс((күйіп пісу). Бұл жағдайлардың сабақ өнімділігіне әсері қандай болды?

Диалог

  1. Кіріктірілген сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы қандай?
  2. «Аралас сабақта оқушылар тек тыңдаушылар ретінде отырып, өзбеттерінше ешқандай жұмыс істемейді» деген пікірге өз ойыңызды білдіріңіз.

Өнімді топтық қатынас

Стандартты емес сабақ үлгілерін көрсету. Микротоптар стандартты емес сабақ үлгілерін жасайды

1. Сабақтың дәстүрлі емес 5-7 формаларын сипаттаңыз.

- аукцион;

- брейн-ринг;

- пресс-конференция;

- сот;

- іскерлік ойын;

Көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізілетін көңілді тапқыштар клубының жоспарын жаса.

Тақырып: Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы.

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент)

Аспектілер

Тапсырма

Проблеманы сәйкестендіру (анықтау)

1. Баланың мүмкіндіктерін, іс-әрекеті, мінез-құлқы мотивтерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін зерттеңіз.

Әрекетті жоспарлау және мақсат қою

Педагогикалық ойлауға тапсырма. Өткізгелі отырған сабағыңызда болатын педагогикалық жағдаятты көзіңізге елестетіп, одан шығу жолдарын белгілеңіз. Нұсқалардан оңтайлысын таңдап, қанша уақыт, күш кететінін есептеңіз.

Технологияларды қолдану

1. Өзіңізге белгілі педагогикалық жағдаяттан жеке оқушыларды бөліп, іс-қылықтарының мотивін анықтаңыз. Сабақтағы қиын жағдаятты еске түсіріп, шығу жолдарын белгілеңіз.

2. Қиын баламен болған педагогикалық жағдаятты көзге елестетіп, 1-2 минөтта жағдаяттан шығудың оңтайлы жолын табыңыз

3. Жеңген қиын педагогикалық жағдаятты еске түсіріп, оға көмектескен жеке тұлғалық сапаларыңызды анықтаңыз. Мұғалімге керекті қандай сапаның жеткіліксіздігі жұмысыңызға кедергі жасайды?

Ресурстарды жоспарлау

  1. Ой енжарлығын жеңу үшін ақыл-ой тренингісін, синектиканы қолдану; оқу үлгерімі нашар оқушының озат оқушыға кеңес береді;
  2. Педагогикалық әдепке тапсырма: Сабақ кезеңдерін қарым-қатынас міндеттеріне сай ойластырыңыз. Мұғалімнің және оқушының сөзін үнтаспаға жазып, арасалмағын реттеу жолын ойластыру. Оқушылардың пікірлерін, жауаптарын қайталаған сәттеріңізді санаңыз. Оқушыларға «Оқу материалын түсінбесең, не істейсің?» « Оқу материалын түсінуге мұғалім қандай көмек бере алады?»-деген сұрақтар қою. «Сіз тапсырманы оқушыларға таңдатып, тапсыратын уақытын өздеріне белгілеттіңіз бе? Еркіндік пен даму арасында байланыс байқалды ма?»

Қызметті бағалау

  1. Өз тәжірибеңізден қиын жағдаятты еске түсіріп, оқушылардың жан дүниесіне үңіліңіз.
  2. Мектептерде дидактикалық мақсатқа сай топтастырылған сабақтардың жиі қолданылу себептерін анықтаңыз.
  3. Бақылау жұмысының нәтижелерін пән мұғалімі ретіңде(жіберген қателері), психолог-диагностик ретінде(қателердің психологиялық себептері) талдаңыз.

Қызмет өнімінің нәтижесін бағалау

  1. Пікірсайыстар: «Қиын сыныппен қалай жұмыс істеуге болады?» Ұсыныстар айту.
  2. Педагогикалық оптимизиге тапсырма:

Сіз әрбір оқушының жақсы қасиетіне сүйеніп, дамуын жобалай аласыз ба?

  1. Педагогикалық рефлексияға тапсырмалар:

-өзіңізді бақылап, сабақтың әр кезеңінде өзіңізді оқушының орнына қойдыңыз ба?

4.Сабақ біткен соң мұғалімдер бөлмесінде бүгінгі сабақтың қай кезеңінде психологиялық жағынан жеңілгеніңізді, ұтқаныңызды ойлаңыз

5.Бүгінгі сабақта қандай жаңа білім алдық? Қандай іс-әрекеттері жасадық (әңгімелесу) стратегия: раундробин

Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері.

Ақпараттық құзыреттілік

Аспектілер

Тапсырмалар

Ақпараттық ізденісті жоспарлау

1. Оқулықтың(Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, А.У.Галимова, Р.К.Ильясова. Педагогика: Оқулық. –Астана,: «Фолиант», 2007) 330-331 беттерін пайдаланып, өз пәнің бойынша деңгейлік тапсырмалар құрастырыңыз.

Алғашқы ақпаратты бөліп алу

2. Шарада, кроссворд, лабиринт, жұмбақ, тестi тапсырмаларын құрастырыңыз.

Қайта алынған ақпаратты бөліп алу

3. Өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөліп, шығармашылық. Сабан жоспарын жаса.

Ақпаратты алғашқы өңдеу

«Жылдам оқу» оқыта үйрету ойыны. Оқулықтың(Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, А.У.Галимова, Р.К.Ильясова. Педагогика: Оқулық. –Астана,: «Фолиант», 2007) 452-бетіндегі «Оқушымен жеке жұмыс» деген тақырпшаны 2 минөт оқып, серігіңізе әңгімелеңіз.

Ақпараттарды өңдеу

Талқылау оқыта үйрету ойыны. Жұптағы 2 оқушы мұғалім және оқушы рөлінде болады. 5 минөтте бірі екіншісіне оқулықтағы мәтінді айтып беруі тиіс.

Мерзімдерді жатқа айту» оқыта үйрету ойыны. Топ 2 командаға бөлінеді. Әр командадан бір ойыншы өздік жұмыстардың түрлерін ұмытып қалғанша, қателескенше жатқа айтады. Көп сөз, мерзімдерді жатқа айтқан студенттер жеңіске жетеді.

Топтың бір тақырыппен жұмыс істеуі – топ ішіндегі оқыту.Студенттер топтарға бірігіп, топ ішінде оқулықтың(Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, А.У.Галимова, Р.К.Ильясова. Педагогика...) 451-453 беттеріндегі оқу материалдарын бір-біріне түсіндіріп, талқылап, сөйлеуге әзірленеді.

Ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды пайдалану

Ұзақ уақыттық шығармашылық тапсырмалар әзірлеңіз.Объектіні зерттеу, прибор немесе механизмдерді құрастыру, жоба жасау, экскурсия, оның есебін дайындау, көркем шығарма орындау және басқалары

Қолданылған әдебиеттер

  1. Введенский В.Н. Моделирование профессиональной компетентности педагога // Педагогика. – 2003. – №10. – С. 51-55.
  2. Кучугурова Н.Д. Формирование профессиональной компетентности будущего специалиста // Проблемы и перспективы педагогического образования в XXI веке. – М., 2000. – С. 360-362.
  3. Құрманалина Ш.Х.және т.б. Педагогика. Астана-2007. 274-307 бет
  4. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя // Педагогика. – 2001. – №10. – С. 56-61.
  5. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация / Пер. с англ. – М., «Когито-Центр», 2002. – 396 с.
  6. 168 с.
  7. Сорокина Т.М. Развитие профессиональной компетенции будущего учителя средствами интегрированного учебного содержания // Начальная школа. – 2004. – №2. – С. 110-114.
  8. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы //Народное образование. – 2003. – № 2. – С. 58-64
СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 346

Вчера 1197

На этой неделе 2788

В этом месяце 4883

Всего 182402

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска