МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Оқушыларды халық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастырудың тиімді жолдары. Оқытушы: Ишанбергенова Қ.Б.

Қ.Б.Ишанбергенова         

Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжінің музыка пәнінің оқытушысы.

Оқушыларды  халық  аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастырудың тиімді жолдары.

Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде: «Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі – музыкадан, біреудікі – сұлу суреттен, ал біреудікі – поэзиядан. Өнердің  әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды, ал тәрбиенің міндеті – балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, қызығушылығын, сол тұрғыда  туғызатын сұлулық сезімдерін оятып, өркендету» - деп эстетикалық қызығушылықтың, яғни, тәрбиенің бала дамуындағы маңызына ерекше тоқталған. 

Эстетикалық қызығушылық – адамның әдебиет, өнер, кино, музыка салаларында қоршаған орта, табиғатқа көңіл аударуы, оны сезім арқылы бағалап, қанаттанып, толғанысқа ұшырауы. 

Бүгінде әрбір пәннің, соның ішінде әрбір сабақтың мақсаты  оқушыларға тек  белгілі бір білімдердің жүйесін меңгертуді көздемей, олардың сезімдерін, эмоцияларын оятып, мұғалімдерге сабақтар барысында жүйелі әсер етуді міндеттейді. Бастауыш мектептердегі оқу пәндерін бір-бірімен байланыстыра отырып оқыту шәкірттің тиянақты білім алуына жол ашады және олардың білім алу жолындағы жан-жақтылығы мен саналылығы  артып, дүниетанымы кеңейе түседі. Мысалы, бастауыш мектептегі ана тілі, қазақ тілі, сурет, музыка, еңбек пәндерін оқытуда халқымыздың, ауызекі шығармашылығымен қатар халық музыкасын орынды пайдаланып отыру оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ықпал етеді, соған олардың қызығуы мен икемділігін арттырып, шеберлікке баулиды. 

Бастауыш сынып оқушыларының қазақ музыкалық аспаптары арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру өзінің көпжақтылығына қарамастан педагогикалық теория мен практикада жеке тұлғаны үйлесімді дамытуда көкейтесті мәселенің бірі болып саналады. Қызығушылықты қолма-қол, бірер сағаттың ішінде қалыптастыру мүмкін емес, бұл бірте-бірте, кезеңдеп және мақсаттылықпен дамитын үрдіс. 

Қазақтың халық аспаптық музыкасының негізі - күй жанры  мазмұны  өз заманының тарихи оқиғаларын музыкалық – хабарламалық негізде жеткізіп отырған.  Алдымен осы күй  жанры туралы музыка сабақтарында, сыныптан тыс шараларда, жеке тапсырмалар беру арқылы, аспаптарда үйрету арқылы  және т.б. жұмыс түрлері арқылы оқушыларға толығырақ түсіндіру, сөйтіп бірте-бірте қызығушылықтарын оятуды мақсат ету керек.                 

Күйдің логикалық ырғағына сөз ықпал етпейді. Сондықтан да, күйдің музыкалық бітімі өзінің біртұтас әуендік жаратылысымен, бас – аяғының  бүтіндігімен тәнті етеді. Яғни, күйдің эмоциялық – ақпараттық болмысында сөз ырғағы қосалқы рөл атқарады. Бірінші кезекте тыңдаушыны  күйдің әуендік, «дыбыстық тілі» ұйытады. 

Күй - аспаптық шығармаларға қолданылатын атау. Қазақ халқында  адамның өміріне байланысты оқиғалардан туындаған күйлер өте көп. Соның бір мысалы  халық күйі «Нар идірген». Ерте замандарда қазақ қыздарының өз еркі болмағандығын, өзін ұнатқан адамға еріксіз қалыңмалға берілгенін, күй мазмұнынан осындай жағдайдағы қазақ қызының тапқырлық шешімін байқауға болады. Яғни, күй құдіреті  арқылы иіген нардың  сүтін жас жігіт күй тартып жатырған кезеңге келтіруі. Күйдің  мазмұнындағы негізгі айта кетерлік тағы бір жағы – күй құдыреті, әуеннің сезімге әсері. Бұл шығарма Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалардың 3 сынып, төртінші тоқсан музыка сабағының бағдарламасында пайдаланылған. Бастауыш сынып оқушыларының күй мазмұнын түсінулерін, қызығушылықтарын арттыру мақсатында көрнекіліктерді пайдаланған дұрыс.  

Күйдің әуен құдыреті қазақтың халық күйлерінде ең негізгі  деуге болады. Мысалы, халық күйлері  «Ел айрылған», «Ақсақ құлан»  және т.б. күй мазмұндарында күйдің құдыреті басымдылығы  ашық көрінеді. «Ақсақ құлан»  күйін тыңдатуда құланның суреті, оның жараланған кезеңі және т.б. көрнекілікті пайдалану балаға ерекше әсер етіп, жануарға деген аяныш сезімдерін тудырары анық.  

Күй туралы айтылғанда Қорқыттың қобызы сарынын ұмытуға болмайды. Қорқыт ата әуендері ең алдымен, елді сақтап қалуды, батырлықты, ел мүддесі үшін жанын беруге даяр жанпидалықты өсиет етеді барша жұртқа. Қорқыт ата қара қобызды түркі жұртының аруақты аспабына айналдырған ұлы күйші, бүгінгі тілмен айтқанда, түркі саз өнерінің негізін қалаушы. «Қобыз атасы - Қорқыт» - дейді қазақ халқы. «Қорқыт шығыстың ең алғашқы бақсысы», - дейді Шоқан Уәлиханов. Қай пікірде де шындық бар. Күй өнері, қобыз тарту үрдісі Қорқыттан басталғаны тарихи шындық болу керек, сірә?! Бұл пікірімізге он төрт ғасыр астам уақыт бойы жоғалмай, сиқыры мен сазын сақтап бізге жеткен Қорқыттың өз күйлері айғақ. Қорқыт күйлері бастауыш сыныптағы музыка сабақтарында тыңдатылады.  Қорқыттың «Ұшардың ұлуы», «Башпай», «Әуппай», «Қоңыр», «Желмая» және т.б. күйлерінің  аңыздарға сәйкес өзіндік шығу тарихтарын балаларға жеткізе білудің мән – мағынасы, тәрбиелік мәні бар. Мысалы, «башпай» туралы аңызды еске алайықшы. ... Жүз жыл бойы дария үстінде күйін сызылтып отырған Қорқытқа Ақтамақ аталатын қарындасы тамақ әкеп беріп тұрады. Сол сәтте дария үстінде дауыл тұрып, алай – дүлей толқын тұрып, су бетіндедегі екеудің берекесін алмаушы ма еді? Аласапыран шақта Қорқыттың башпайы байқамай қарындасына тиіп кетеді. Осынау әбес оқиғаға қамыққан Қорқыт қапалана отырып, «Башпай» күйін тартады. Кейін ұрланып кеп шағып алған  ажал – жыланның уынан өлетінін білген сәтте, әлгі арам башпайын қабірінен сыртқа шығарып жерлеуді аманат етеді...

Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйінің шығу тарихын оқушылар қызығушылықпен тыңдайды, ал күйді  үнтаспадан тыңдағанда қобыз үнімен иттің ұлығанының келтірілуі қай баланы да бей-жай қалдырмайды. Бастауыш сынып оқушылары бұл күйді қайталап тыңдатуды сұрап жатады. 

Дүниеде аңыз - әңгіме көп, бірақ дәл қазақтың аңызындағыдай биік этикалық талапты ешбір елдің аңызынан таппайсың. Осы аңыз-әңгімелерден қазақтың аспаптық музыкасы туралы көптеген мағлұматтарды алуға болады. Музыка мұғалімдері өз сабақтары, сыныптан тыс іс-шараларында оқушыларының аспаптық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат етіп сол бағытта шығармашылықпен жұмыстануы қажет.  

Қазақ  ұлттық музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің өзіндік  әдістері болады.

Баланы музыкалық аспаптарға үйретпес бұрын, оны музыканы  тыңдауға,  тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу  музыкалық тәрбие беру  жұмысындағы  міндеттердің  бірі. Өйткені,  ол оқушының музыкалық міндеттілігін  қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.  Музыканы қабылдау – музыка сабақтарында,  сыныптан тыс шараларда музыка туралы әңгімелеуде қолданылатын іс - әрекеттердің  кез – келген түрінің  ірге тасы,  бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады. Кез- келген түрі деп отырғанымыз, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты  және т.б.  Бағдарлама бойынша халық аспаптық музыкасын қабылдау дегеніміз – жалпы білім беретін мектептерде балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Міне, сондықтан музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуға тиіс.

Музыканы тыңдаған кезеңдерде бала еркін отыру керек: бұл тәсіл  орындалып жатырған шығарманы  қозғалмай  байсалды  тыңдауына мүмкіндік береді. Сондай – ақ,  музыка тыңдап отырған кезеңдерде  сөйлеуге, мұғалімге сұрақ қоюға болмайтынын   білуі керек. Бірте – бірте мұғалім балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. 

Қазақ музыка аспаптары және олардың түрлерімен таныстырып, баланың қай аспапта ойнап үйренгісі келетіні анықталады. Алғашқы  дайындықтағы енді бір ескерер мәселе – оқушылардың көңіл көтеріңкілігі мен қызығушылығының дәрежесін бәсеңсітіп алмай, дамыта түсу. Музыкалық аспапты игерудегі ойнау аппаратын дұрыс қою кезеңі немесе шығарманы сапасыз қайталай беру оқушыларды жалықтырады. Музыка мұғалімі мұндай сәттерде олардың жақсы көретін шығармаларын ойнап, музыка тарихы, халық оркестрі аспаптары жайлы әңгімелер айтып сейілдіріп отырғаны жөн. Әсіресе, музыка мұғалімінің аспапта өзі ойнап беруі оқушыларға эстетикалық құштарлық  туғызып, мен де осылай ойнасам екен деп ынталанады. Бұл әдістемелік маңызы зор тәсіл. Оны әр сәт аспапқа әзірленуде орынды пайдалану, музыкалық дамудың зор кепілі. Психологияда мұны еліктеу дейді. 

Халық аспаптарының алғашқы дайындығында қысқа да, көңілді ән-күй, пьесаларды ойнаған жөн. Себебі, оқушының өзі таңдаған аспабына келудегі негізгі мақсаты – музыка аспабын тезірек үйреніп, жолдастарының алдында, үйде ойнап, концерттерге шығып, жұрттың назарына ілігу, өз ойынынан ләззат алу. Міне, алғашқы үйренген ән-пьесалар оқушыны көңілдендіреді, қызығушылығын арттырады. Аспапта ойнай алады екенмін деген ынта-сезімін туғызады.

Музыка мұғалімі, оқушының осы бір алғашқы талап ұшқындарын сөндіріп алмай, жандандыра түскен жөн. Яғни, оның не ойнағысы келетінін, оны қандай жолдармен игеруге болатындығын  түсіндіру, концертке шығару, сыныптық т.б., ойнағысы келетін шығармадан үзінділер үйрету; концерттерге алып бару; ансамбльдік ойындарға қатынастыру (дуэт, трио) фортепиано, баян сүйемелімен пьеса, күйлер ойнау т.б. Бұл кезеңдегі енді бір ескерер жәйт, оқушылардың аспапты үйде ойнап жаттығуы. Ұстаз үйдегі жаттығулардың әдістемесін өзі аспапта ойнап көрсетіп, мысалдар арқылы айқындаған жөн. Үйдегі жаттығулардың маңызын терең түсіндіргенде ғана олардың өз бетімен дайындығының белсенділігі арта түседі. Міне, осылайша баланың әр қадамы, жетістігін марапаттау, қолпаштау арқылы қызығушылығын арттыра түсіп үлкен жетістіктерге де бірте-бірте жетуге болады. 

«Бұлақ көрсең, көзін аш» - дегендей, бастауыш сыныптан қиялшыл келетін оқушыларды музыка мұғалімі олардың қазақ халқының аспаптық музыкасына деген қызығушылығын үнемі жетілдіруі қажет.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 102

Вчера 148

На этой неделе 649

В этом месяце 2929

Всего 177314

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска