МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Электрондық оқу басылымдарын жасақтау жолдары. Оқытушы: Бекенова С.С.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ БАСЫЛЫМДАРЫН ЖАСАҚТАУ ЖОЛДАРЫ

Бекенова Сандуғаш Сағындыққызы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің 

информатика пәнінің жоғары санатты оқытушысы

Электрондық оқыту жағдайында электрондық басылымның алатын орны ерекше. Электрондық басылым - программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқаақпараттар жиынтығы. 

Ал электрондық оқу басылымы - оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруғаарналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.

Бұл жағдайда білім беру электрондық басылымдары мен ресурстары студенттер мен қатысушыларға білім саласына сәйкес шығармашылық және белсенді түрде білім алуды қамтамасыз ететін ғылыми-пратикалық жүйеленген оқу материал түрі электрондық басылым болып табылады. Электрондық оқыту құралдарын жоғары деңгейде орындалу мен көркем әсемдеу, ақпараттың толықтылығы, әдістемелік құрал сапасы мен логикасымен ерекшеленуі тиіс.

Электрондық оқу басылымдарын келесідей белгілеріне қарай топтастыруға болады:

- Оқу процесіндегі оқу электрондық басылымдарының мәні мен орнын анықтайтын функциональдық белгілері бойынша;

- Құрылымы бойынша;

- Мәтінді ұйымдастыру бойынша;

- Берілген ақпарат сипаты бойынша;

- Мазмұндалу формасы бойынша;

- Мақсаттық бағытталуы бойынша;

- Баспалық баламасының болуы бойынша;

- Негізгі ақпараттың табиғаты бойынша;

- Тарату технологиясы бойынша;

- Қолданушы мен электрондық басылымның өзара әрекеттесу сипаты бойынша.

Оқу процесіндегі оқу электрондық басылымдарының мәні мен орнын анықтайтын функциональдық белгілері бойынша 5 топқа  бөлінеді:

- программалық-әдістемелік (оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары);

- оқу-әдістемелік (әдістемелік нұсқаулар, оқу пәнін оқыту,курсты игеру, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау бойынша материалдарды қамтитын басшылықтар);

- оқыту (оқулықтар, оқу құралдары, дәрістер мәтіні, дәрістер конспектілері);

- қосымша (практикумдар, есептер мен жаттығулар жинақтары, хрестоматиялар, оқуға арналған кітаптар).

- бақылау(тестілеу бағдарламалары, мәліметтер қоры).

Құрылымы бойынша электрондық басылымдар былайша бөлінеді:

- біртомдық электрондық басылымдар – бір машина оқитын тасымалдаушыда шығарылған электрондық басылым.

- Көптомдық электрондық басылым – мазмұнф және безендірілуі бойынша біртұтас, жеке машиналық оқу тасымалдаушысында берілген екі немесе одан да көп нөмірленген бөліктерден тұратын электрондық басылым. 

 -электрондық серия – біртектес безендірумен шығатын ойы, тақырыбы, мақсаты бір болатын томдардың жиынтығын қамтитын электрондық басылым.

Электрондық оқу басылымы мәтіннің ұйымдастырылуы бойынша  монобасылым және жинақтар болып бөлінеді. Монобасылым бір шығарманы, жинақ бірнеше оқу әдебиетін қамтиды. 

Берілген ақпарат сипаты бойынша келесі оқу басылымдарының түрлерін айтуға болады: оқу жоспары, оқу бағдарламасы, әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік басшылық, практика бағдарламалары, практикалық сабақтардың тапсырмалары, оқулық, оқу  құралы, дәрістер конспектісі, дәрістер курсы, практикум, хрестоматия, оқу кітаптары т.б. 

Мазмұндалу формасы бойынша оқу басылымдары келесідей түрлерге бөлінеді:

- оқытудың ақпараттық қызметін жүзеге асыратын конвекциялық оқу басылымдары 

- программаланған оқу басылымдары, яғни электрондық оқу басылымдары;

- проблемалық оқыту теориясына негізделген проблемалық оқу басылымдары;

- аталған модельдердің жеке элементтерін қамтитын комбинациялық немесе әмбебап оқу басылымдары.

Мақсаттық бағытталуы бойынша электрондық оқу басылымдары келесі топтарға бөлінеді: 

- мектеп оқушылары үшін;

- бакалаврлар үшін;

- дипломдалған мамандар үшін;

- магистрлер үшін;

- ересектер үшін.

Баспалық баламасының болуы бойынша екі топқа бөлінеді:

- асылған оқу басылымының электрондық аналогы;

- жеке оқуға бағытталған электрондық құрал.

Негізгі ақпараттың табиғаты бойынша:

- мәтіндік (символьдық) электрондық басылым (негізінен мәтіндік ақпараттан тұратын басылым);

- бейнелік электрондық басылым (негізінен графикалық ақпараттан тұрады);

- дыбыстық электрондық басылым(негізінен дыбыстық ақпараттан тұрады);

- программалық өнім (программалық код түрінде)

- мультимедиялық электрондық басылым (түрлі ақпараттар жиынтығы түрінде).

Тарату технологиясы бойынша былай ерекшелеуге болады: 

- оқу бағытындағы локальды электрондық құрал;

- желілік электрондық басылым;

- комбинацияланған таратылымдағы электрондық басылым.

Қолданушы мен электрондық басылымның өзара әрекеттесу сипаты бойынша екі топқа бөлуге болады:

- етерминделген электрондық басылым – әрекеттесу тәсілдері, параметрлері және мазмұны басып шығарушы арқылы анықталған, қолданушы өзгерте алмайтын электрондық басылым;

 -детерминделмеген электрондық басылым – әрекеттесу тәсілдері, параметрлері және мазмұны басып шығарушы анықтаған алгоритм бойынша қолданушы өз қызығушылығына сай өзгерте алатын электрондық басылым.

Мультимедиалық курс негізі оның компьютерде орындалатын интерактивтік бөлігі болып табылады. Оған мыналар кіреді:

- электрондық оқулық,

- электрондық анықтамалық,

- жаттықтыру кешендері (компьютерлік модельдер, конструкторлар және жаттықтырғыштар),

- есептер,

- электрондық лабораториялық практикум,

- компьютерлік тестілеуші жүйелер.

Электрондық оқу басылымдарын жасақтаудың келесідей принциптерін атап көрсетуге болады:

•оқу материалын бөлу принципі;

•оқу материалының интерактивтілігі; 

•оқу ақпаратын мультимедиялық көрсету принципі; 

•оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімділік принципі.

Электрондық басылымдарды құруда арнайы (авторлық орталар) және әмбебап (программалау жүйелері) аспаптық құралдар қолданылады. Біріншісі «программалаусыз программалауға», яғни программа авторлық ортада автоматты түрде құрылады. Екіншісімен жұмыстану үшін арнайы программалау тілдерін білу қажет. 

Visual Basic немесе Delphi тәрізді визуальды жобалау жүйелері осы екі құралдардың арасындағы айырмашылықты азайтады, өйткені бұл орталарда интерфейсті интерактивті режимде құру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ олар дайын шешімдер еркіндігін де шектемейді. 

Желілік курстардың негізіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жатқызуға болады. Телекоммуникациялық технологиялар оқу материалдарын жеткізуге және оларға енуді бақылауды ұйымдастыруда қолданылады. 

Интернет-ресурстар түрінде берілетін оқу материалдарын құруда түрлі HTML-редакторлар қолданылады. Скрипт-тілдерді қолдану HTML-құжатты интерактивті етеді және ақпаратты серверге жіберілуін қамтамасыз етеді. Бірақ әртүрлі браузерлер HTML тілінің түрлі нұсқаларын қолдайтынын ескеру керек. Сол сияқты мұндай жағдайда интернеттің жұмыс жылдамдығын да естен шығармау керек. Электрондық басылымдарды жасақтау жолдары өте көп, оны әрбір жасақтаушы өзі таңдап алатыны түсінікті.

Өз тәжірибемде түрлі арнайы және әмбебап аспаптық құралдар көмегімен бірнеше электрондық оқу басылымдарын жасақтадым, олар қазір оқу процесінде қолданылуда. Бүгін Сіздердің назарларыңызға «Бағдарламалау» электрондық анықтамалық жүйесін ұсынып отырмын. 

Педагогикалық жағын қамтамасыз ету үшін «Бағдарламалау» анықтамалық жүйесін жобалауда классикалық дидактиканың ұстанымдарына сәйкес келіп қана қоймай, арнайы ұстанымдар: интерактивтілік, оқу ақпараттарының жеткіліктілігі, ақпараттық құрылымдар мен үдерістердің иерархиясы, оқытудың әртүрлі формаларын пайдалану, мультимедиа құралдарын кешенді пайдалану және виртуальды шынайылылықты ескерілді. «Бағдарламалау» жүйесі пайдаланатын ақпараттық технология бірнеше басты қызметтерге негізделеді, олар: 

•қабылданатын оқу ақпараттарының саналығы мен тереңдігін қамтамасыз ететін көрнекілік, 

•түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуы; 

•ақпараттық, өйткені, оқу құралдары - қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы білімнің негізгі көзі болып табылады; 

•оқыту үдерісін жеңілдетіп және алға қойған мақсатқа күш және уақытты үнемді жұмсап жетуге бейімдейтін компенсаторлық қызмет; 

•оқыту үдерісіне ыңғайлы жағдайлар жасайтын, демонстарция, өзіндік жұмыс ұйымдастыратын үйренгіштік қызмет; 

•нысана немесе құбылысты біртұтас та, бөлшектеп те қарай алатын интербелсенділік қызмет. 

Бұл электрондық анықтамалық жүйе педагогикалық колледждердің 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығы 0111093 «Негізгі мектептің информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттерді даярлауға арналған. «Бағдарламалау» ЭАЖ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР МЖМБС 4.05.157-2010ж.)  сәйкес 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығы 0111093 «Негізгі мектептің информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген «Программалау» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асты. Авторлары: педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің информатика кафедрасының меңгерушісі А.Б.Медешова, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің жоғары санаттағы информатика пәнінің оқытушысы С.С.Бекенова. Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнында келесі бөлімдер  қарастырылған: 

1 бөлім Алгоритм. Алгоритмдік тіл

2 бөлім Программалау тілдері  

3 бөлім Программалау орталары 

Осыған сәйкес«Бағдарламалау» электрондық әдістемелік жүйесі 3 модульден тұрады:

1 модуль - Алгоритм. Алгоритмдік тіл;

2 модуль - Программалау тілдері;  

3 модуль - Программалау орталары. 

«Бағдарламалау» электрондық анықтамалық жүйесі жаңа педагогикалық технологиялар қолданылып жасақталды, ол үшін Delphi бағдарламалау ортасы пайдаланылды. HTML – форматында жазылған құжаттарды пайдаланумен қатар, есептерді шешу әдістерін бейнелеу есебінде жеке әдістемелік формалар қолданылды. «Бағдарламалау» жүйесі бумасында келесі құжаттар бар:

Орындалатын файл – EMS.exe, .mht форматындағы файлдар. Бұл файлдар программа барысында орындалады. Қажет жағдайда оларды алмастыруға, жоюға, жаңасын қосуға болады. Басты терезені жасақтау үшін Lаbel, Button, Аnimаte, Imаge, treeView компоненттері қолданылды.

Жасақталған электрондық анықтамалық жүйе «Бағдарламалау» пәнін меңгеруге арналған. «Бағдарламалау» жүйесін іске қосу үшін компьютерде  Windows 2000/XP/7/8/10 орнатылуы тиіс. Программаны іске қосу үшін оны қатты дискке көшіру ғана қажет, қосымша орнатуды талап етпейді. Көлемі программаға қосылатын файлдарға байланысты өзгереді.  

Программаны іске қосқаннан кейін splаsh-терезе (заставка) шығады:

 

Одан соң басты терезе ашылады: 

 

Басты терезе 3 бөліктен тұрады:

1.Мазмұны аймағы;

2.Оқу материалын шығару аймағы;

3.Батырмалар бөлігі.

Мазмұны аймағында электрондық анықтамалық жүйе қамтитын барлық тақырыптар тізімі көрінеді. Қажетті тақырыпты ашу үшін соның жанындағы «+» таңбасын басу керек.Терезе келесідей болады: 

 

Жинақтап тастау үшін «–» таңбасын қолдану керек.

Шартбелгісіне байланысты модуль немесе тақырып екенін ажыратуға болады. Модуль шартбелгісі -  « », тақырып шартбелгісі - « » .

Тақырыпты таңдағанда оқу материалын шығару аймағында соған сәйкес материал шығады:

 

Тапсырма батырмасын шерткенде тақырып бойынша тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді. Мысалы: 

Тест батырмасы модульге сәйкес тест тапсырмаларын ұсынып, оны автоматты түрде бағалайды. Авторлар, Жабу батырмалары төменде орналасқан. Ал  Жабу батырмасы программаның жұмысын тоқтатады.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық басылымдарды жасақтаудың маңызы зор. Ой — өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді ашып отырсақ, жұмысымыз өрге басары сөзсіз.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАР

1.Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В.,  Бостанов Б.Ғ. Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану. Алматы. 2009.

2.Қазақстан Республикасының Стандарты «Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылым», 2005

3.Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 136 с.

4.Разработка электронных учебных изданий: Справ. пособие. /В.П. Трубин, П.Г. Денисов, Ю.М. Передрей; Под ред.проф. В.В. Усманова. Пенза: Изд-во Пенз. технол. ин-та, 2001. 34 с.

5.http://infust.kz/– Информатик ұстаздар 

6.http://nto.immpu.sgu.ru/sites/defаult/files/ 

7.http://www.edu.gov.kz/

8.http://45minut.kz/

9.http://oop.rosweb.ru/cetus/softwаre.html

10.http://www.unn.ru/vmk/grаphmod/

11.http://pmi.ulstu.ru/new_project/korobov/index.htm

12.http://dcprogrаms.nаrod.ru/

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 110

Вчера 148

На этой неделе 657

В этом месяце 2937

Всего 177322

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска