МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

«Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кездесетін қиындықтар, олардың алдын алу жолдары» (Әдістемелік баяндама). Оқытушы: Есенова Л.С.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

22.11.2014

«Жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы кездесетін қиындықтар, олардың алдын алу жолдары»

(Әдістемелік баяндама)

Педагог – психолог: Есенова Л.С.

Орал қаласы

2014- 2015 оқу жылы

Егеменді еліміздің ертеңі болар келешек ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырып, бәсекелестікке қабілетті біліммен қаруландыру - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап - тілектерге сай рухани бай, білімді шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап отыр. Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеу процесінің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде.

Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның бала жасынан басталып, есейген шағына дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар ену керек. Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы 3 факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты.

Тәрбиенің сапасы тәрбиенің, тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізілуіне байланысты.

Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін - өзі қалыптастырып отырады. Тұлғаның іс - әрекеті өзіне және айналасына қарым - қатынасы, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Сондықтан баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық жасаудың маңызы зор.

Басты мақсаттардың бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай шыңдау, тұлғалыққа бағыттау.

Егеменді елдің ұрпақтарын білімді азамат етіп тәрбиелеу ұстаздарға байланысты. Сондықтан ең алдымен мұғалім - білімді, ақылшы, тәрбиеші болу керек.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың тұлғалық дара, және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:

1.    Өз бетінше ойлау біліктері мен іздемпаздығы.

2.    Оқуға деген қабілетінің артуы.

3.    Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.

4.    Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.

5.    Өз ойының дербестігі.

6.    Жеке тұлғаның өз бетінше жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.

Әр студентке жеке тұлға ретінде қарау үшін келесі ой – пікірлерге назар аудару қажет:

– жеке тұлға - бұл білімнің мақсаты;

– білім деңгейі орташа студент жоқ;

– кемшіліктерге шыдамдылық;

– қатеге құқықты;

– тиым салмай, бағыттау; бұйрық бермей, ұйымдастыру  шектемей, өз шешімін қабылдай білу;

– колледжде оқу студентке мереке болу үшін оны жетістікке жеткізу, әр уақытта оның табысын жариялап отыру.

Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең жасөспірімдік кезең. Олардың  көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, оқытушы мен білім алушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады. Аталған тұлғалық  және кезеңдік ерекшіктер жеке тұлғаны қалыптастыруда белгілі қиындықтарға әкеледі. Олардың ішкі әлеміне терең үңіле алмау, сырын ұғынбау, мәселелерімен бөліспеу, ауыр тұрмыстық - әлеуметтік жағдайлары өмірге деген құндылықтарының жойылуына әкелуі мүмкін. Өзіне – өзі қол жұмсап, жағымсыз әрекеттерге, құқық бұзушылыққа апарады.

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу.

- Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар.

- Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар.

- Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет.   Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет.

- Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз.

- Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз.

- Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз.

- Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет.

- Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!)

- Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз.

- Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз.

- Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте маңыздысы, олармен әдепті болыңыз.

- Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз.

- Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді.  Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Жеке Суицидке  барудың  негізгі  себептері:

►  Әлеуметтік - психологиялық  тұрғыдағы себептер:  ортамен  қарым- қатынастың  бұзылуы;  психологиялық климаттың балаға жағымсыз  әсер етуі; отбасындағы  басқару стилі;  үлкендер тарапынан  күш көрсетілуі; ата-анасы тарапынан балаға  тиісті көңіл бөлінбеуі және  мейірімсіздік, қаталдық көрсетуі;   балаларға қол жұмсауы; ата-анасының  айырылысуы;  құрбы- құрдастары, көше мен  ауланың  жағымсыз  әсерлері мен  қысымдары, т.б. 

►  Педагогикалық - психологиялық тұрғыдағы себептер:   оқушылармен жүргізілетін  психологиялық  дайындық  жұмыстарының    аз жүргізілуі немесе   нашарлығы                                          балалардың  проблемалы  жағдайларда өз-өздерін  басқара алмауы,   қиын жағдайлардан  шығуда өзін дұрыс бағыттай алмауы;  кері әсерлерге  қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының, алға жетелейтін  мақсаттың жоқтығы,  эмоциялық күйлердің  тұрақсыздығы, фрустрацияға,  стресске бейімділігі; ҰБТ жағдайларында,  әсіресе теріс не төмен  нәтижеге ие болғанда өздерін  ұстай алмауы, т.б.); мамандардың  педагогикалық- психологиялық  біліктілігінің төмендігі,  осы мәселенің алдын алуға байланысты  зерттеу, түзету, алдын алу   жұмыстары   бойынша    практикалық  әдістемелердің   жоқтығы және  т.б. 

►  Экономикалық - психологиялық  тұрғыдағы себептер: балалардың  құрбы-құрдастары  қатарынан қаржы-қаражат, киім киісі, ақша жарату, материалдық- тұрмыстық жағдайы жағынан  жетіспеушілік көруі,т.б.  

 Жоғарғы суицидтік тәуекел зонасында жүрген  адамдардың қатарына:   

- депрессиядағы жасөспірімдер; 

- ішімдік және наша қолданатын жасөспірімдер; 

- суицидтік ұмтылысқа (попытка) барған жасөспірімдер немесе отбасы адамдарының ішінде өз-өзіне қалай қол салғанына куә болған жасөспірім. 

- дарынды жасөспірімдер; 

- мектепте оқу-үлгерімі төмен жасөспірімдер; 

- аяғы ауыр қыздар; 

- зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жасөспірімдер; 

- религиялық сектаның, қалыптан тыс (неформальный)   бірлестіктердің  ықпалына түскен жасөспірімдер. 

- Жасөспірімнің көңіл күйі түскені және басқа да депрессивті жағдайы байқалса, баланың бұл жағдайдан шығуына көмектесу үшін дереу шаралар қолдану қажет. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алу өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуда өте маңызды болып табылады. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алуда ата-аналары маңызды рөлге ие.

- Баламен сөйлесу, оның жағдайы туралы сұрақтар қою қажет, болашақ туралы әңгімелесу керек, жоспарлар құру қажет. Бұл әңгімелесулер позитивті болу керек. Балаға оптимистік ықпалды «иландыру» қажет, сенім орнатып, оның алға қойған мақсаттарға жете алатындығын көрсету керек.

- Баланы «үнемі ризасыз кейпі» және «жылауықтығы» үшін кінәламаңыз, одан да оң жақтары мен оның тұлғасының ресурстарын көрсетіңіз. Оны одан жетістікті, қайырымды, ширақ басқа балалармен салыстырмаңыз. Бұл салыстырулар жасөспірімнің онсыз да төмен өзіндік бағалауын түсіреді. Бүгінгі жасөспірімді кешегі жасөспіріммен салыстырып, ертеңгі жасөспірімнің позитивті бейнесіне бағыттауға болады.

- Баламен бірге жаңа істермен айналысыңыз. Күнде жаңа бір нәрсені біліп, бұрын істемегенді істеңіз. Қалыпты өмірді түрлендіру қажет. Тренажер залына жазылу немесе немесе таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдыру, жаңа серуендеу бағыттарын таңдау, демалыс күндері тартымды экскруссияға бару, үй міндеттерін орындаудың жаңа әдістерін іздеу, кинотеатрға, көрмелерге бару, үйді жинастыру. Үй жануарын – ит, мысық, алақоржын, тотықұс алуға немесе балықтарды өсіруге болады. Қорғансыз жанға деген қайырымдылық баланы жұмылдыруға және оны оң әсерге бағыттауға көмектеседі.

- Жасөспірімге күн тәртібін сақтау қажет. Оның ұйқысы жақсы қанып, жақсы тамақтануы, таза ауада қажетті уақыт болуы, спортты қозғалмалы түрімен айналысуы қажет.

- Депрессия – психофизиологиялық жағдай. Бұл кезеңде жасөспірімнің физикалық жағдайын қолдау керек, тым болмаса, екі белгі қалыптасса, маманға кеңеспен жүгініңіз.

- Адамда, соның ішінде жасөспірімде, антисуисидтік, өмірге деген табандылық факторларының саны көп болса, оның «психологиялық қорғанысы» және өзіне деген ішкі сенімі мықты болса, оның антисуицидтік тосқауылы берік болады!

Жасөспірімді өзіне-өзі қол жұмсаудан не тоқтатуы мүмкін

- Баламен қамқорлық қарым-қатынастарды орнатыңыз

- Зейінді тындаушы болыңыз

- Қатынаста шынайы болыңыз, қорқынышты жағдай туралы байыпты және түсінікті сұраңыз

- Психикалық ыңғайсыздық көзін анықтауға көмектесіңіз

- Барлық мәселелерді дұрыс шешу үшін сенім орнатыңыз

- Балаға оның тұлғалық қорларын тануға көмектесіңіз

- Баланың осы шақта сәтті орнығуы үшін қолдау көрсетіңіз және болашақтағы бағытты анықтауға көмектесіңіз

- Жасөспірімді зейінмен тыңдаңыз!

Оқу – тәрбие үрдісінде болатын орын алуы мүмкін келіспеушіліктер, кикілжіңдер, реніштер тұлға психологиясына әсер етеді. 

Реніштер неге әкеледі

 Кенеттен пайда болған және ақырындап жиналатын реніштер: Неге әкеледі?

- «Өзіне кетуге» ұмтылуға;

- Оқшаулануға;

- Қарым-қатынаста шеттеуге;

- «Қатынастарды анықтау» ұмтылысына, бұл қақтығысқа ауысуы мүмкін;

- Қоршаған жағдайды «қара түстерде» көруге деген ұмтылысқа;

- Рационалдыдан эмоционалдық ауытқудың артуына;

- Жүйке-психикалық шиеленісудің артуына;

- Белсенділіктің төмендеуіне;

- Танымдық белсенділіктің реніш объектісіне аударуға және, нәтижесі ретінде, түскен ақпаратты дұрыс бағалаудың шектелуіне әкеледі.

Қашан ренжиді

- Барлық сәтсіздіктерді саған артса, ренішті;

- Жетістіктері байқалмаса, ренішті;

- Егерде саған сенбесе, ренішті;

- Сенің қолыңнан келетін істі басқа адамға тапсырса, ренішті;

- Басқалары қызықты нәрсемен айналысқанда, сені жабырқаңқы, ез болған іспен  айналысуға  мәжбүрлегенде, ренішті;

- және қызықты іс машақатқа, құтыла алмайтын іске айналғанда, ренішті;

- Үшінші тұлғалардан өзін туралы «жаңашылдық» білгенде, ренішті;

- Өз шаруаларымен жүріп, сен туралы ұмытқанда, ренішті;

- Сенен күмәнданса, ал сенде ақталу мүмкіндігі болмағанда, ренішті;  

- Біз еске алмағдандардың көбі үшін ренішті.

Өмір сүруді өмірден үйренеді

- Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.

- Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.

- Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.

- Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.

- Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді.

- Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.

- Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.

- Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.

- Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.

- Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббатты табады.

Студенттер бойында өмірге деген жағымды көзқарас, ұмтылыс қалыптастыру үшін әр топқа «Өмір, қымбатсың, маған!», «Өмір – ғажап!» тақырыптарында ақпараттық газет дайындау жоспарланып отыр. Ол жұмыстары колледж сайтына «Психолог кабинеті» блогына жарияланатын болады.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 76

Вчера 150

На этой неделе 475

В этом месяце 2755

Всего 177140

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска