МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

«Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту» Оқытушы: Темрешова А.Ж.

ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ БОЙЫНША

Темрешева Алтынай Жауарбекқызы Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Қазақстан,Орал қаласы.

 «ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ»

 «Біз мемлекеттігіміздің рухани мәселелері экономикалық,материалдық мәселелерден    ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз»

Н.Назарбаев

Қазіргі уақытта әлемдік аралас-құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние  жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалылығын сақтап қалуға, патриоттық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде,осыған байланысты білім мен тәрбие беру мәселелерінде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқытуға ерекше мән берілуде. Ұлттық сана мен ұлттық рух қалыптастырып, сол арқылы ұлтқа ,еліне қызмет ету адам парасатының ізгі өлшемдерінің бірі екендігін бүгінгі жас ұрпаққа білгізу – білім саласында еңбек етіп жүрген әр ұстаздың парызы. Олай болса, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту білім беру мен тәрбие жүйесінің өзекті ұстанымына айналуы керек. Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында білім жүйесінде ұлттық құндылықтарға бағыттап оқытуға байланысты білім мен тәрбиеге көңіл бөліне бастады. Алайда, бүгінгі күні бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде деуге әлі ерте сияқты. Біздіңше, ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту бүкіл білім беру мен тәрбие жұмыстарының алтын арқауына айналып, оның мазмұны мен идеясында отаншылдық тұғыр болуға тиіс. Бұл ретте,әрине,елдің елдігін дәріптейтін, ұлттың ұлылығын ұлағаттайтын жүйелі білім мазмұны, әсіресе, қоғамдық-гуманитарлық пәндер арқылы жүргізілгені абзал. Сонда отаншылдық деген киелі ұғым жай ғана жақсы ниет деңгейінде қалып қоймай, әрбір субъектіні шынайы патриоттық сезімдерге бөлеп, одан әрі асқақ әрекеттерге бастайтын сапаға ие болады. Орыстың әйгілі педагогі К.Д.Ушинский ХІХ ғасырдың өзінде-ақ былай деп жазыпты: «Барша Еуропа  халықтарының педагогикалық үлгілеріндегі өзара ұқсастықтарға қарамастан, олардың әрқайсысына тән ұлттық тәлім тәрбие жүйесі, әрқайсысының дара мақсаты мен сол мақсатқа жету жолында ұстанатын ерекше әдіс-тәсілдері бар. Халықтың тарихы ,оның болмыс-бітімі тәлім-тәрбиенің тегеурінімен айқындалады. Демек, оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты бағыт-бағдарды, мән-мазмұнды, үлгі-өнегені айқындауда көзсіз еліктеу мен келеңсіз көшіру оң нәтиже бермейді. Әрбір тәлім-тәрбие жұмысының ең өзекті идеясына халықтық қасиеттер тұғыр болуға тиіс». Сонда ғана жастар өз ұлтының уызына жарып, ұлттық рухпен рухтанады, нағыз патриоттық сезім қалыптасады. 

Осымен үндес ойды М. Шоқай 1931 жылы «Яш Түркістан» журналына былай деп жазыпты: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды... «Түркі ұлттық , мазмұны пролетарлық болсын» деген формула халықтық рухқа сай келмейді. Халықтың рухани дүниесі (мәдениеті) біртұтас құбылыс. Оны «мазмұнға» және «түрге» бөлуге болмайды. Кез келген рухани мәдениет өзінің формасымен де, мазмұнымен де айқындалады». Еліміздегі білім саласының білім мен тәрбие арқылы рухани құндылықтарын сақтауға ұмтылысын қолдаймыз және Қазақстандық патриотизмнің алтын қазықтарын, қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрін оқып-үйрену мен насихаттауды да, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқытуды да білім мен тәрбиенің тұғырына айналдыру басты міндет деп білеміз.  

Қазіргі уақытта ұстаздардың алдына қойылған міндеттердің ауқымды екенін жоғарыда келтірілген ойлар көрсеткендей, білім жүйесін  іштей қайта  құру және сол арқылы қоғамды ағарту жүйесінің барлық аймағында жүктелуде. Ұстаздықтың стратегиялық рөлі- адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Ең бастысы қазіргі мұғалімде мұғалім таланты мен шабытының стилі болуы керек.Басты міндеті-жеке тұлғаны жан-жақты тануға және түсінуге, ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беруге ұмтылу. Неміс жазушысы Герольд Бельгер: «Қазақстан-қазақтың елі, қазақтың жері, қазақтың атамекені, ана тілінің өркендер, өсер ежелгі қара орманы. ... Қазаққа ағылшын, американдық,  неміс болуға ұмтылудың түкке де қажеті жоқ. Ең бастысы өзіңнің қазақтығыңды сақтау. Өзін жоғалтқан-өзге болып та жарытпайды,» - дейді (Ана тілі газеті.2003 жыл) Ұрпақ тәрбиесі адамдарды қай заманда болмасын толғандырады.Осыдан келіп «Біз кімбіз?» , «Біз не істеп жүрміз?», «Бағытымыз қандай?» сұрақтарына жауап шығар жол іздейміз. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев 2013 жылғы  «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында айқындаған міндеттерді іске асырудың бірден-бір жолы жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу екендігін айрықша атап өтті. Жеке тұлғаның   рухани-адамгершілік дамуы ұлттық дәстүрлерімізді меңгеруі мен құрметтеуінен туындайды.   Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсат қойдым:                                                                                                             - Өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан азаматын, жалпы  адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастары мен қағида ұстанымдары бар ұрпақ тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру, оқушыларды табысты  іс-әрекетке бағыттау, олардың шығармашылығы мен білім құмарлығын дамыту, қолдау.

  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Ғылыми – әдістемелік жұмыстар,ғылыми-тәжірибелік семинарларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жақсы жолға қойылған. Сөзіміз дәлелді болу үшін, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы «Бастауыш сыныптың қазақ тілі пәні мұғалімі» мамандығына арналған мемлекеттік стандарт бойынша «Шешендік өнер»пәнінен оқу бағдарламасын жаздым. Осы оқу бағдарламасына сәйкес «Шешендік өнер» пәнінен өткізілген дәстүрден тыс пысықтауға арналған сайыс сабақ жоспарын ұсынамын.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Сайыстың мақсаты:ақпараттық құзіреттілік:ақпарат көздері арқылы шешендік сөздерді оқытудың сапасын арттыру; проблеманы шешу құзіреттілігі:шешендік сөздердің қоғамдағы мәні мен алатын орнын жете түсінген құзіретті тұлғаны қалыптастыру;коммуникативтік құзіреттілік: шешендік өнерді жастар арасында насихаттау және күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер: Шешендік өнерді басқа пәндермен байланыстыруды,жүйелі сөйлеуді,шешендік сөздер үлгілерін қолдануды, мақал-мәтелдерді салыстыруды,талдауды біледі.

Пайдаланылатын педагогикалық технология: ақпараттық-коммуникативтік технология.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сөздік, практикалық, көрнекілік.

Пайдаланылған әдебиеттер: Балтабай Адамбаев «Шешендік сөздер» А.. 1990; Абат Қыдыршаев «Шешендіктану» Орал 2004.

Сайыс алты кезеңнен тұрады:

I. Топтың атын, ұранын қорғау (2 мин)

II. «Мақал – сөздің мәйегі» (Дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын мақал – мәтелдер жарысы,2 мин )

III. «Тіл мәдениеті» (Махмұд Қашқари еңбегіндегі мақалдарды қазіргі мақалдармен мағыналық жағынан сәйкестендіру,3 мин)

IV. «Деген екен» (Билер, шешендер, әйгілі өнер, білім қайраткерлері, ақын –жазушылардың ұтқыр ой, ұтымды жауаптарынан үзінділерді мәнерлеп оқу,2 мин )

V. Әр түрлі жағдаяттарға жауап беру (2 мин)

VI. Үй тапсырмасы («Менің Қазақстаным», «Ана тілі-ұлттың ұйытқысы», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Туған жер – алтын бесік» тақырыптарында сөйлеу (3 мин)

Топ 5 адамнан тұрады. Әр топтың жауаптарын қазылар алқасы 5 ұпайлық жүйемен бағалайды.Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады және марапатталады.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар,  «Сөз тапқанға қолқа жоқ» атты шешендік өнер сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға «Бастауыш сыныптың қазақ тілі мұғалімі» мамандығының 1а ҚМҚ тобы студенттері қатысып отыр.Олар 5 студенттен 4 топқа бөлінген.

2- жүргізуші: Сайыскерлердің білімін, шешендік шеберліктерін  бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық.Жауаптар 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

   ( Келген қонақтардан қазылар алқасы сайланады.)

1-жүргізуші: Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.Әр топ өздерінің аты және топтың ұранын қорғайды.

2- жүргізуші:  Қазақ «сөз қадірі – өз қадірім» деп білген халық.Қазақ тілі – сұлу, қонымды да толымды тіл.Сол тіл кестелеп өріп өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырды.Асыл мұра - сарқылмас ауыз әдебиетін жасады.Ауыз әдебиетінің байлығының бірі – мақал-мәтелдер.Олай болса, мақал-мәтелдер жарысын бастаймыз.1- топ 2-топпенбірыңғай дауысты дыбыстан басталатын мақал-мәтелдер айтып,3-топ 4-топпен бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталатын мақал-мәтелдер айтып жарысады.

1-жүргізуші: ...Су түбінде жатқан тас, 

                        Жел толқытса шығады.

                         Ой түбінде жатқан сөз, 

                         Шер толқытса шығады.

Ендігі кезекті «Тіл мәдениеті»кезеңіне береміз:Махмұт Қашқаридың мақалдарын қазіргі мақалдармен мағыналық жағынан сәйкестендіру.

1-топқа:«Тәрбие басы - тіл»

2-топқа:«Кеңескен білім өседі.Кеңеспеген білім өшеді»

3- топқа: «Жалқауға бұлттың көлеңкесі де жүк болады.»

 4-топқа: «Ерінбегеннің ерні май болады,ерінгеннің басы қан болады.»

2- жүргізуші:   - «Деген екен» кезеңінде билер , шешендер, әйгілі өнер, білім қайраткерлері, ақын – жазушылардың , ұтқыр ой, ұтымды жауаптарынан үзінділерді мәнерлеп оқу керек, әр топқа 2 мин беріледі.

1-жүргізуші: 5 кезеңде әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.1- топқа:1. «Сен 3 метр болып өсіп кеттің.Осыған байланысты әңгіме құра.» 2. «Сүйікті кітабыңызға пікір айтыңыз.Бұл шығарма сізге несімен ұнады? Дәлелдеңіз»

2-жүргізуші: 2- топқа:1. «Өзіңді шешен адам орнына қойып бүгінгі жастардың игі істері туралы әңгімеле».2.«Ас адамның арқауы» тақырыбында ойыңызды қорғаңыз.Қазақтың ұлттық тағамдарын атап,денсаулыққа пайдалысы туралы әңгімелеңіз.

1-жүргізуші: 3 – топқа:1. «Өзіңізге белгілі жаңылтпаштар арқылы ерекше әңгіме құрастырыңыз,оның барынша анық және тез дыбысталуына жаттығыңыз.»2. «Абайдың дәстүрлі шешендік өнерге қатысы хақында нақтылы мысал келтіре сөз сөйлеңіз.»

2-жүргізуші: 4- топқа:1. «Менің құрдастарым » тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.2.«Сөйлемді аяқтаңыз: 

1.Менің айтып тұрғаным, - бұл 

2.Кім мені тыңдайды, -ол

3.Кім айтады,-сол  »

1-жүргізуші: Қазақ халқы ежелден тіл қадірін біліп,ақылды,дұрыс сөзге бағына білген.Шешендердің сөзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болған.Ұяшықтан сөйлеу мәдениетіне арналған тапсырмаларды таңдаймыз («Менің Қазақстаным», «Ан тілі- ұлттың  ұйытқысы», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Туған жер – алтын бесік»тақырыптарында пернелеп сөйлеу және әр топ бір- біріне мақал жасырып,ұйқасын табады.)

2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін қазылар алқасына сөз береміз. (Қазылар алқасы жеңімпаздарды атайды.)

Қорытындылау: Шешендеріміз арқылы мақтанып жүрейік.Күнделікті өмірде шешендік сөздерді орынды,дұрыс қолдануға дағдыланайық.Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның тілін,ұлттық мәдениетін,салт – дәстүрлерін дамытуға ат салысайық.Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. 

Қорыта келгенде, ата – бабамыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы,мәдениеті.әдебиеті- бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра. Осы мұраларымыз әдет – ғұрыпымен, салт – дәстүрімен қымбат. Бүгінгі ұрпақ өз мемлекетін, Отанын қорғай білуі керек. Олай болса бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін сіңіруіміз керек.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.

2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.

3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004.

4.«Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» №5 2009 жыл

5. «Он екі жылдық білім» №7 2006 жыл

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 41

Вчера 469

На этой неделе 510

В этом месяце 8546

Всего 186065

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска