МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Қазақ тілінен құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдары. Қ.Ү. Жақыпова

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Қазіргі кездегі білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білім беру  кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Ол мұғалім мен оқушыда басты негізгі  құзырет тіліктерді қалыптастыру арқылы шешіледі.  Бұл ретте мұғалім өз пәнін жете меңгерген , кәсіби құзыретті  маман болу керек. Бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы , өзіне сіңіруші рольдерін атқарса,  енді мұғалім оны өздігінен білім  алушы, ізденуші   дәрежесіне жеткізуі керек.  Яғни ақпараттарды  өз бетімен  алуға, талдауға, қайта өңдеуге  үйрету  арқылы  жеке тұлғаның теориялық  білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі міндеттерді орындауға дайындығы мен қабілетттілігі  яғни  құзыреттілігі  қалыптасады. Педагогика  ғылымдарының  докторы   Ш.Х.Құрманалина  педагогикалық колледждің оқу-тәрбие үрдісіне  3 түрлі  ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шешу құзыреттілігін    ұсынды.  Оқу материалын  меңгерту, ақпараттық құзыреттілікті  қалыптастыруға негіз болады. Проблеманы шеше білу құзыреттілігі  әр оқу материалы бойынша берілетін тапсырмаларды оқушы өз бетімен орындауына негізделеді. 

Коммуникативтік  құзыреттілік өтілген материалды ауызша, жазбаша тілде пайдалана білуін қалыптастыру болып табылады. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері барлық пәннің, ғылымның  анасындай қызмет атқарады. 

Кез келген пәнді  меңгеру үшін сауатты оқи, жаза білу керек. Оқығанын ұғу, айта білудің  бастамасы аталған  пәндерде қалыптасады. 

Ақпараттық  құзыреттілік  білім  алудың ең негізгі көзі оқулық  арқылы беріледі.  А.Байтұрсынов : «Оқу құралының ең ұлығы- бала оқытатұғын  кітап, оның жақсы болып баланың жанын қинамасына   жазудың тәртібі болу  шарт», -деген болатын.  Оқулық-оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына , оқыту мақсатына  сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп баяндайтын құрал десек те, қазақ тілінің негізі қаланатын бастауыш, жоғары класс оқулықтарында  дидактиканың ғылыми принципінің талаптары  сақталмайтынын  көруге болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін  деректер келтірейік.  4-класс оқулығы бойынша берілген күрделі сөздердің бір түрі «Біріккен сөздердің жазылуы» тақырыбы бойынша жер-су аттарын білдіретін біріккен  сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.  Мысалы: Сарыадыр,  Шиліөзен.

Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың  бірі түсіріліп жазылады. Мысалы: Торайғыр, Мырзәлі.  Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалпында  айтылуы  бойынша жазылады  деп, жаздыгүні,  қыстыгүні, қолғап, Қарагөз, Телғожа, Амангелді   сөздері  ережеге  байланысты  мысал  түрінде  беріледі. Осы  оқулықтың 69- бетіндегі ереженің алдында проблемалық сұрақ түрінде берілген 1-жаттығудың шарты: Кісі аттарын оқып, түбірлері  өзгермей біріккен сөздерді  бөлек, түбірлері дыбыстық  өзгеріске ұшырап, біріккен сөздерді бір бөлек көшіріп жаз. Қандай түбірден  біріккенін  айт. Алдыңғы түбірдің  қандай  дыбысқа  аяқталып  тұрғанына , келесі  түбірдің қандай дыбыстан басталатынына  назар аудар. Айтылуы мен жазылуын салыстыр. Жаттығуда берілген  жалқы есімдер: Нұргелді, Әбдіқадыр, Қаламқас, Жиенқұл, Жанғали, Айғыз, Бердіқожа, Қарагөз,  Әбілқайыр,  Айнамкөз.  Екінші сыңарлары ортақ  Қарагөз, Айнамкөз  сөздері екі  түрлі жазылған.  Бердіқожа  сөзі морфологиялық принциппен жазылған.  Ереже мен жаттығу жазылған арасында бірізділік   сақталмаған.

5-жаттығудың шарты: Сөйлемді оқып, көшіріп жаз.  Қарамен  жазылған сөздердің қайсысы бірге,  қайсысы  бөлек жазылады?   Жаттығудан үзінді келтірейік.  Жарысқа  қазақтың қара(көз)  қыздары жарысқа   қатысты. Қара(көз) –шығарманың басты кейіпкері.   Қаракөз  сөзі екі жаттығуда   екі түрлі принциппен  жазылған. Күрделі сөздің бір түрі біріккен сөзге байланысты  ереже мен жаттығулар  арасында алшақтық бар. Бұл оқушыға тайға таңба басқандай жол көрсететін   оқулық   мазмұнына   сын  болып табылады. Оқулық  -  оқушылардың ана тілінен білім  беретін,  сауаттылығын қалыптастыратын,  тапсырмаларды өз бетімен  орындауға жетекшілік ететін негізгі құрал. Қазақ тілінен берілетін білім сапасының көрсеткіші   оқулыққа да байланысты болса,  ал пән мұғалімдеріне  осындай екіұшты  жағдайларда   ғылымилық принципті ұстанып,  кемшін  тұстармен  жұмыстануды   қажет  етеді.

Жалпы білім беретін мектепке арналған  пән  бағдарламасында тілдің 3 түрлі білімдік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында теориялық тақырыптар аясында 1. Тілдік терминдердің  ішкі  мағынасына  мән бере оқыту.  Қазақ  лингвистикасының атасы  А. Байтұрсынов тілдік терминдерді жалпыхалықтық тілде бар сөздерден жасағанын мұғалім  үнемі  жадында  ұстап,  мысалы: «көсемше»  негізінен күрделі етістік құрамында негізгі сөзді білдіріп, етістікті бастап тұратын бастаушы сөз болғандықтан  көсемше  аталуын  түсіндіргені абзал.  Себебі  термин сөздерде тілдік  категорияларды негізгі белгілері беріледі.  Сабақ барысында жалаң анықтамадан  термин сөздің  сырын оқушымен бірігіп ашуға  ұмтылу қажет. 

2. Тіл ерекше құбылыс ретінде өз бойына ұлттық  құндылықтарды сақтаушы, жеткізуші екенін таныту. «Етістіктің болымсыз түрі» тақырыбын тыйым сөздерді мысалға  алып, оның мәнін түсіндіруде ұлттың болмыс-бітімінен хабардар ету, «Сұрау есімдіктерін»  риторикалық сұрақтарға жауап іздеген асыл діңгек жыраулар мен ділмарлар сөздерімен байланыстыру . 

Әр тақырыптың астарындағы құндылықтарға мән бере оқыту арқылы тілдің табиғатын ұлттық бітімімен байланыстыруға көмектеседі. «Қаратпа сөздер» мен «Тәуелдік жалғау» тақырыптарын  бір-бірімен  байланыстырып,   қарағым, шырағым , қалқам, айнам,  Баукең, Өзағаң сөздерінің эмоциональды-экспресссивті мәнін аштыруға болады. Әр теориялық  тақырыпты этнолингвистикамен сабақтастыруға болады. 

3. Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім секілді  барлық түрлерін  өзара сабақтастыра  қолдану   нәтижесінде ойы ұшқыр, сөзі дәйекті  қарым-қатынас әдебін қалыптастыру мен сөйлеу мәдениетін үйренуге басымдылық беру.

Сабақта педагогикалық технологиялардың ұтымды әдістерін талғап,  таңдап қолдану да нақты нәтиже берері сөзсіз. 

4. Берілген оқу материалын, алынған ақпаратты модульдей білу. Ол үшін қазақ  тілінің әр саласын тірек кестелер арқылы түсіндіру, оқушымен  шығармашылық одақ құрып, кестелер құрастыру, өтілген тақырыптың негізігі түйінін табуға көмектеседі, аз уақыт ішінде меңгеруге жағдай туғызады.

5. Қазақ тілі сабақтарын пәнішілік, пәнаралық бірліктер негізінде оқыту.  «Тұрақты сөз тіркестері» тақырыбы  антоним, синоним, омоним, морфология, синтаксис салаларымен сабақтастыру тақырыпты жан-жақты ашуға көмектеседі.

Құзыреттілік -  оқушылардың іс-әрекеттің  әмбебап тәсілдерін  меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек,  Ғұлама Абай: «Әр нәрсенің өлшеуіші бар, өлшеуінен асса жарамайды»,- деп айтқанындай, жоғарыда  айтылғандарды бір-бірімен тігісін білдірмей, жымдастыра пайдаланғанда, баба тілі –ана тілінің құзыреттілігін қалыптастыруға  әбден болады. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Абай  «Өлеңдер мен қарасөздер»  А, 1995

2.А.Байтұрсынов «Тіл тағлымы»  А, 1989

3.Қазақ тілі  4-класс А, 2010

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 71

Вчера 201

На этой неделе 741

В этом месяце 8777

Всего 186296

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска