Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ

    ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

    CALL-CENTER «111»


    ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

    МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ

     

    Электрондық оқулықтар

    Колледжде жасақталған электрондық-әдістемелік жүйе мен электрондық оқулықтар оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуда.

    «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» электрондық-әдістемелік жүйесі

    Авторы: Ш.Х.Құрманалина – п.ғ.д., ҚПҒА, ХАА академигі, 

    Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры

    «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» электрондық-әдістемелік жүйесі педагогикалық колледждердің 0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттерді даярлауға арналған.

    Жаңа педагогикалық технологиялар қолданылып жасақталған.

    Бұл ашық, дамыту жүйесі педагогика, психология, математиканың теориялық негіздері мен бастауыш математиканы оқыту әдістемесі пәндерінің пәнаралық байланысында құрылған.

    Электрондық-әдістемелік жүйе – оқытуды ұйымдастырудың мақсаттылық, мазмұндылық, іс-әрекеттілік, нәтижелік бағалау компоненттері мен құрылымдандырылған пәнаралық байланыста құрылған ашық қор.

    ЭӘЖ құрастырудағы педагогикалық технологияның негізі – модульдік технология.

    Ашық жүйе түсінігіне пәндік білімдер, педагогикалық тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі, оқытушы мен оқушының өзінің әдістемелік тәжірибесіне байланысты қосымша қоса алатын тестілер кіреді. Тестілер арқылы білім алушы өзін-өзі бақылай, бағалай алады. Тапсырмаларға анықтамалық материалдар берілген, бұл материалдар арқылы оқушы өзін-өзі тексере алады.

    ЭӘЖ құрамына 0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі» біліктілігі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті орта кәсіптік білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламалары, «Педагогика», «Психология», «Математиканың теориялық негіздері», «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» оқулықтары енгізілген.

     

    «Математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері» электрондық оқулығы

    Авторы: Ш.Х.Құрманалина – п.ғ.д., ҚПҒА, ХАА академигі, 

    Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры

    «Математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері» электрондық оқулығы педагогикалық колледждің 0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алушы студенттерге арналған.

    Оқулықтың модуль бойынша құрастырылған мазмұны білім беру қызметінің субъектілеріне қажетті тақырыптарды меңгеру мен қайталауға көмегін тигізеді.

    Электрондық оқулық төрт модульден тұрады, олардың бастауыш математика курсының теориялық негіздері мен әдістемесінің мазмұнына сәйкес келеді:

    1. Арифметикалық ұғымдар

    2. Шама ұғымы және оны өлшеу

    3. Алгебралық ұғымдар

    4. Геометриялық ұғымдар

    Әрбір тақырыпқа берілген тапсырмалар мен тестілерді орындау арқылы білім сапасының мониторингін жүргізу жеңілдейді.

    Оқулықтан қажетті қосымша ақпараттар алуға болады.

     

    АКТ жағдайында оқытушылардың әдістемелік дайындығы мониторингі

    Авторы: Ш.Х.Құрманалина – п.ғ.д., ҚПҒА, ХАА академигі, 

    Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры

    АКТ жағдайында оқытушылар мен студенттердің әдістемелік жұмысқа дайындығы диагностикасы төмендегілерден құралады:

    оқу ақпаратын модульдеу;

    ақпараттық білім беру ортасын жасақтау;

    қашықтықтан қарым-қатынасты жобалау;

    оқу сапасы мониторингі.

     

    «Бастауыш класқа арналған экономика» электрондық оқулығы

     Авторы: Хамитова К.З. – п.ғ.к., экономика пәні оқытушысы

    «Бастауыш класқа арналған экономика» электрондық оқулығы 2-4 класс оқушыларына арналған.

    Электрондық оқулық модульдерден, гипермәтін, тарпсырма, тест тапсырмалары, сабаққа арналған қосымша материалдардан құралады.

    Мұғалім бағдарламаға сай өз түзетулерін енгізуіне болады.

     

    «Экономиканың теориялық негіздері» электрондық-әдістемелік жүйе

     Авторы: Хамитова К.З. – п.ғ.к., экономика пәні оқытушысы

    ЭӘЖ – бұл АКТ жағдайында педагогикалық колледж студенттерін бастауыш класс оқушыларына экономикалық білім беруге даярлау, білім мазмұнын цифрлық форматқа түгел өзгерту болып табылады.

     

    «Кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы» электрондық әдістемелік жүйесі

    Авторы: Набидоллина Ш.С. – п.ғ.к., анатомия пәнінің оқытушысы

    «Кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы» электрондық әдістемелік жүйесі оқу үдерісінің келесі құрамды бөліктерінен тұрады: мақсаттылық, мазмұндылық, іс-әрекеттілік, бағалау-нәтижелік.

    Олар модуль, гипермәтін, интерактивтік тапсырмалар, тестілер арқылы жүзеге асырылады. Олардың әрқайсысы тәрбиелік, білім берушілік, дамытушылық қызметтерді бір уақытта шешуге бағытталған.

    Ұсынып отырған электрондық әдістемелік жүйе 3 модульден тұрады:

    1. Жоғарғы нерв қызметі

    2. Адам ағзасының жалпы құрылысы және жас ерекшеліктері