Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ

    ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

    CALL-CENTER «111»


    ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

    МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ

     

    АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ

    Орталық өз жұмысын 2001 жылдан бастап ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарға сәйкес жүргізуде.

    Орталықтың мақсат-міндеттері:
    Колледж түлектерін қазіргі заманғы талаптарға сай бейімді, сұранысты болуы мақсатында болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығының көпфункцияналды моделін жетілдіру.
    Ақпараттық мәдениетті қалыптастыруды жетілдіру, қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мен оқыту-әдістемелік үрдістің арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
    Оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникативтік технологиялар енгізу арқылы әрбір тұлғаға мегаақпарат жеткізуді қамтамасыз ету.
    Оқу мекемесінің талаптарына сай оқытушылар мен оқушылар үшін жағдай туғызу, жатақханада тұратын оқушылардың тұрмыс мәдениеті мен кәсіптік мәдениетін қалыптастыруды жетілдіру.
    Педагогикалық ұжымның өзін-өзі дамуы мен жетілдіру үшін жағдайлар жасау.
    Жалпы білім беретін оқу стандарттары белгіленген талаптарға сай оқу бағдарламалары мен жоспарларды жүзеге асыруда квалификациялық талаптарды орындауға бақылау жүргізу.
    Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламалардың типтік оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкестігін тексеріп, талдау жасау.
    Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруда көмек көрсету, қазіргі заман талаптарын негізге алып, уақытында қажетті мамандар дайындауда үздіксіз көмек беру.
    Оқытушылар мен оқушыларға әдістемелік көмек көрсетудің нәтижелі формасы ретінде мақсаттылы бағдарламалар мен жобаларды құру және жүзеге асыру.
    АКТ, жобалық және интерактивтік формадағы әдістемелік жұмыстарды қолдану негізінде әдіскерлер мен оқытушылардың өзара қарым-қатынасын жетілдіру.
    Әдістемелік жұмыстың сапасын мониторингілеу механизмін жетілдіру.
    Орталықта 1 орталық меңгерушісі, 1 желі администраторы, 1 техник, 1 бағдарламашы, 4 лаборант қызмет атқарады.

    АӘО жұмысының негізгі бағыттары:
    Ұйымдастыру - әдістемелік қызмет;
    Ақпараттық қызмет;
    Техникалық қызмет;
    Интернет қызметі;
    АКТ - құзыреттілікті жетілдіру.
    Ұйымдастыру - әдістемелік қызмет
    Колледжде ұйымдастырылып өткізілетін ғылыми-практикалық конференция, мерекелік, тақырыптық, шығармашылық кештер мен шараларға, сабақтарға әдістемелік және техникалық қызмет көрсетіледі. Колледждің оқу-тәрбие үрдісіне АКТ енгізу үшін 4 мультимедиялық проектор, 5 EIKI интерактивті проекторлары, 4 Promethean фирмасының интерактивтік тақтасы мен құрал-жабдықтары: ActivBoard, ActivStudio, ActivTablet, Activout, жылжымалы экран, Work-Center мини-типографиясы, жылжымалы компьютер класы, 4 мультимедиялық компьютер класы, 1 электрондық оқу залы, 1 оқу шеберханасы, қашықтан оқытудың спутниктік каналы қолданылуда.

    Сонымен қатар АӘО оқу жылы бойы келесі жұмыстар жүргізеді:

    әдістемелік жинақтарды безендіру, баспа жұмысы;
    оқу үрдісіне қажетті құжаттарды компьютермен даярлау;
    оқу-тәрбие үрдісін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
    «Фолиант» баспасымен хабар алмасу;
    электрондық оқулықтармен, ЭӘЖ жұмысты қамтамасыз ету;
    студенттердің АКТ-құзыреттілігін анықтау;
    интерактивтік кабинеттердің жұмысын ұйымдастыру, қадағалау;
    интерактивтік режимде форум ұйымдастыру;
    Tamos University Suite - оқытуды басқарудың автоматтандырылған бағдарламасымен оқушылардың қатынасын ұйымдастыру;
    ұйымдастырылатын шараларға қажетті бағдарламалық, әдістемелік көмек беру.

      
    Ақпараттық қызмет
    Оқу үрдісін басқарудың автоматтандырылған бағдарламалары: Tamos, Пифагор, электрондық журнал жұмыс жасайды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының 0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі» біліктілігі бойынша топ кредиттік жүйемен оқуға қабылданып, білім алуда. Бұл жүйемен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында Tamos University Suite - оқытуды басқарудың автоматтандырылған бағдарламасы көмегімен әр білім алушының бұл бағдарламамен жұмыс жасауын, өзіне қажетті мәліметті алуды қамтамасыз ету ақпараттық-әдістемелік орталық пен офис-тіркеушіге тапсырылып, жыл бойы мүмкіндігінше жұмыстар жүргізіліп келеді.

    Электрондық оқу залында колледжде жасақталған «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі», «Экономиканың теориялық негіздері», «Анатомия, физиология және гигиена» электрондық әдістемелік жүйе, «Математиканың теориялық негіздері», «1-4 кластарға арналған математика», «1-4 кластарға арналған экономика» электрондық оқулықтары, «Мұғалімнің АКТ жағдайында әдістемелік жұмысқа дайындығы диагностикасы» автоматтандырылған бағдарламалары, РББАО жасақталған 120-дан аса электрондық оқулықтар мен қашықтан оқыту арнасынан жазылып алынған видеоматериалдар оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуда.

    АӘО қызметкерлері информатика кафедрасының оқытушыларымен бірлесе отырып оқытушылар мен студенттерге интерактивтік тақта, проектор, АКТ пайдаланып сабақ өткізуге кеңес беруді оқу жылы бойы жүргізеді.

    Техникалық қызмет
    Жалпы орталық жұмысының негізгі бағыттары колледж компьютерлерінің жұмысын қадағалау, өткізілетін шараларға техникалық көмек көрсету болып табылады.

    Оқу жылының басынан бастап компьютер кабинеттерін жаңа оқу жылына дайындап, бағдарламалық қамтылуы қадағаланады. Жыл бойы әр апта, ай сайын компьютер ақауларын жөңдеу, вирусқа тексеру, қажетсіз файлдарды өшіру, қатқыл дискілерді дефрагментациялау жұмыстары жүргізіледі.

    Оқу жылы бойы жүргізілетін жұмыстар:

    ағымдық және аралық автоматтандырылған тестілеу жұмысын техникалық қамтамасыз ету;
    материалдық-техникалық қамту, жаңа компьютер класын қабылдау;
    компьютер паркінің техникалық қамтылуы;
    Tamos University Suite - оқытуды басқарудың автоматтандырылған бағдарламасының жұмысын қадағалау;
    колледж принтерлеріне бояу толтыруын қадағалау;
    компьютерлердегі бағдарламаларды жаңарту, орнату, вирусқа қарсы бағдарламаны жаңартып тұру;
    колледжішілік конференциялар, семинарлар, шараларға техникалық қызмет көрсету.
    Интернет қызметі
    Компьютер кластары колледжішілік Интранетке және бүкіләлемдік Интернетке сымсыз және локальдық желімен қосылған. Білім алушылар мен оқытушыларға бүкіләлемдік желіден қажетті ақпарат алуларына жағдай жасалған. Өз ноутбугы бар әр студент колледж ішінде бүкіл әлемдік желіге қосылып, қажетті ақпаратын алуына жағдай жасалған. Колледждің сайты ай сайын жаңартылып, www.pedcolleg.kz адресі бойынша Интернетте орналастырылған.

    Жыл бойы орталық колледж сайты материалдарын жаңартуға арналған ақпараттарды жинақтау, колледждің электрондық почтасын тексеру, қашықтан оқыту орталығы жобасын жасақтау, интернетті пайдалану жөнінде курстар ұйымдастыру, «Интернетпен жұмыс» машығын өткізуде техникалық қызмет көрсету т.б. жұмыстарды жүргізіп отырады.

    АКТ-құзыреттілікті жетілдіру
    Колледж оқытушылар мен студенттерінің АКТ- құзыреттілігін жетілдіру мақсатында жоспар бойынша ұйымдастырылатын Интернет, интерактивті оқыту технологиясы бойынша курс, семинар-тренингтерге көмек көрсетіліп отырады.

    Облыстық білім беру басқармасы мен педагогтардың білімін жетілдіру институтымен бірлесе отырып білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға және колледжде жыл сайынғы дәстүрге айналған информатикадан студенттер арасында Online режимінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Үздік интерактивтік сабақ» колледжішілік байқауы мен математикадан оқытушылар арасында Web-олимпиадаларға, «Жыл оқытушысы», «Жыл студенті» сайыстарына көмек көрсетіледі.