Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ

    ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

    CALL-CENTER «111»


    ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

    МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ

     

    КІТАПХАНА

    Кітапхана колледж ғимаратының  1-ші қабатында орналасқан. Кітапхана көлемі 100 ш.м құрайды.  8 компьютермен  жабдықталған 50 орындық оқу залы, 42  компьютермен жабдықталған электрондық оқу залдары бар.  

                 Кітап қорын толықтыру және пайдалану

    Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры -74105 дана құрады, оның -38611 данасы мемлекеттік тілде, -32669 данасы орыс тілінде, ағылшын тіліндегі кітаптар саны- 2839. Электрондық оқулықтар саны -254 дана.  Кітап қорындағы оқулықтар саны-62416 дана, жалпы білім беру бағытындағы пәндерге арналған кітаптар саны-13039 дана. Оқу әдістемелік құралдар -5826. Студенттерді кітаппен қамтамасыз етуде бір білім алушыға шаққанда 33,8 бірлікті құрайды. Аталған оқу жылы 60 атаулы мерзімдік басылымдарға, соның ішінде-19 түрлі газет, 41 журналға жазылу жүргізілді.

    Оқу-әдістемелік әдебиеттердің саны бір білім алушыға шаққанда лицензиялық талаптарға сай.

     

        Оқырмандар

    Кітапхана -2015 оқырманға қызмет көрсетеді. Оның ішінде білім алушылар саны – 1730 оқырман, сырттай бөлімі студенттері-174, оқытушылар саны -111  оқырманды құрайды. Кітап беру саны-78311, оқырмандардың кітапханаға келу саны-59123. 

    Күнделікті кітапхананы 270-тен -290 -ға дейін студент, оқытушылар пайдаланады.

     

    Көпшілік шаралар

     2015-2016 оқу жылы кітапхананың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мазмұнды көпшілік шаралар ұйымдастырылып, жоспарда  белгіленген күндерде оздырылды.

    Әр жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының басында 1 курс студенттеріне арналған «Кітапханалық сабақтар» оздырылуда.

     Сабақ барысында  студенттерді «Кітапхананы пайдалану ережесімен», кітап қорымен, каталогтармен жұмыс, кітап көрмелерінің мазмұны, мерзімдік басылымдар туралы, кітапханаға тіркелу тәртібі, т.б. қызмет көрсету түрлерімен жоспарлы түрде кестеге сәйкес өткізілуде.

    Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу  арқылы  жеткізу  мақсатында еліміздің ақын- жазушыларынын шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған  инновациялық, көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, Тілдер мерекесі қарсаңында «Тілдің мерейі-елдің мерейі»  атты танымдық -зияткерлік сағат, көрнекті жазушылардың (Ө.Тұрманжанов, Ә.Сарсенбаев, А.Тоқмағамбетов, Ж.Молдағалиев т.б.)даталы күндеріне орай шығармаларын насихаттау барысында библиографиялық ұсыныстар дайындалып оқырмандарға ұсынылып насихатталды. 

    «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жазушы И.Есенберлиннің «Көшпенділер» атты тарихи шығармасына арналған оқырмандар конференциясы  өткізіліп, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты портрет кеші, салауатты өмір салтын насихаттауда «Менің денсаулығым-менің болашағым»атты тақырыптық сөре, студент жастарға Қазақстанның сырттан келген  басқа ұлт  өкілдеріне алтын бесік болған әлемдегі мемлекеттердің бірі екендігін ұғындыру, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеу, Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы насихат жұмыстарын жүргізу барысында «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі-Тәуелсіздік» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып өткізілді. 

    Сонымен қатар,  «Халықтың қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлына -105 жыл» тақырыбына арналған  танымдық сағат,Тәуелсіздіктің 25-жылдығына араналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік», «Қазақ Елінің  ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел» тақырыбтарында тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, жаңа түскен материалдармен толықтырылып кітапхана оқырмандарына  насихатталуда. 

    Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау-болашаққа сенімділік» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде жинақталған материалдармен студент жастарды таныстыру мақсатында шолу өткізілді.

    Студенттердің кітапқа деген  қызығушылығын арттыру мақсатында «Менің сүйікті кітаптарым» атты өткізілген оқырман бенефисі, жастардың поэзияға деген  сүйіспеншіліктерін арттыру, поэзияны бағалай білуге баулу, сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында суырып салма ақын Ж. Жабаевтың -170 жылдығына арналған «Жыр алыбы-Жамбыл»атты портрет кешінің өткізілуі, және адамгершілік тәрбиені насихаттау мақсатында «Әдептілік-әдеміліктің белгісі» тақырыбында студенттер арасында өткізілген пікірталас, қазақтың әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін  ұғындыру, жастардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру, әдемілік  туралы түсініктерін кеңейту, мақсатын көздеді. 

    Жастарға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпының  тәрбиелік мәнін ұғындыру бағытында, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен «Салт –дәстүр тәрбие негізі» тақырыбындағы оздырылған шараны айтуға болады.

    «Сонымен қатар белгілі орыс тілді қазақ ақын-жазушысы, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Қазақстанның Еңбек Ері  Олжас Сүлейменовтың -80 жасына арналған  оқырмандарға ақпарат беретін «О.Сүлейменов-80 жаста» атты  кітап бұрышы   ұйымдастырылып ақын-жазушының шығармалары насихатталды.

    Жоспарға сәйкес студент жастарға Отаңға деген  сүйіспеншілікті тәрбиелеу  мақсатында  «Өшпес ерлік-ұрпаққа» атты  әдеби-сазды кеш өткізіліп, қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты «Зобалаң жылдар жаңғырығы» ұсыныстық-библиографиялық көрсеткіш шығарылып студент жастарға насихатталды. 

    Кітапханада кітап мәртебесін көтерумен қатар кітапхана қорын жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен  толықтырып отырылады,  және келіп түскен баспасөз басылымдарын насихаттауда  ай сайын шолу өткізіліп отырылады. 

    Анықтамалық-библиографиялық жұмыс

    Бүгінгі күні кітапхананың басты қызметінің бірі электронды кітап қоры және электронды мәліметтер базасын жинақтау. «Кітапхана ісі» бағдарламасы бойынша электронды қоры базасы жасақталып, келген жаңа кітаптармен толықтырылуда. 

    Бағдарламада оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер бойынша анықтама, жаңадан келіп түскен оқулықтар туралы мәлімет алуға болады. Кітапхана қорындағы басылымдар, олардың түрлері бойынша бөлінуі, оқулықтар қозғалысы туралы ақпарат «Жинақталған есеп кітапшасы» бөлімінде беріледі. Оқытушылар мен студенттер «Кітаптар каталогы» арқылы каталогтағы 13900 дана басылымдармен, 100-ге жуық мақалалармен танысып, «Web-құрамдас» бөлігіндегі іздеу ұяшығына атауды енгізу арқылы қажетті оқулықты іздеп таба алады. 

    Кітапханада 50-ге жуық оқулықтардың электрондық нұсқаларын колледж оқытушылар мен студенттерінің қолдануына қолжетімділік ұйымдастырылған. Оқытушылар мен студенттер үшін бағдарламаға қолжетімділік кітапханадағы 8 компьютер мен №6 оқу залындағы 16 ноутбук арқылы ұйымдастырылған.

    Кітапханада тоқсанына бір рет «Хабарлама күні» өткізіліп отырылады. Мақсаты- кітапханаға келген  «Жаңа кітаптармен», баспасөз басылымдармен оқырмандарды таныстыру.

     

     

    Колледж кітапханасында 2015-2016 оқу жылының қыркүйек ақпан айлары аралығында жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімет

    Колледж кітапханасы 2014-2015 оқу жылының қыркүйек айынан ақпан айы аралығында жоспарланған жұмысты жүзеге асыру барысында біркелкі жұмыстар жүргізді.

    Атап айтатын болсақ кітап қоры -74073 данаға толықтырылды, кітапханаға тіркелген оқырман саны-1905 студенттер мен оқытушыларды құрады, кітап берілімі-44760 дана болды, оқырмандардың кітапханаға қатынасы саны-29512.

    Қыркүйек айында 1 курс студенттеріне кітапхананы пайдалану ережесімен таныстыру  мақсатында «Кітапханалық сабақтар» өткізілді.

     Тілдер мерекесі қарсаңында18.09.2015 «Тілдің мерейі-елдің мерейі» тақырыбында зияткерлік-танымдық ойын өткізіліп, кітап көрмесіне шолу жасалып, студенттер көрмедегі материалдарды сабақта пайдаланды.

    Көрнекті жазушылардың шығармаларын насихаттау барысында қараша айының 11 күні жазушы И.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи шығармасына арналған оқырмандар конференциясы ұйымдастырылып өткізіліп,  «Жазушы И.Есенберлиннің туғанына-100 жыл» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Конференцияға 87 студент 5 оқытушы және Ж. Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебаб кітапханасы директорының орынбасары С.Кушалиева қатысты.

    Сонымен қатар, қазан айында, мерейтой иелері ақын-жазушылар шығармашылықтарына арналған библиографиялық ұсыныстар дайындалып топ студенттеріне насихататлды. (Ө.Тұрманжанов, Ә.Сарсенбаев, А.Тоқмағамбетов, Ж.Молдағалиев т.б.).

    Желтоқсан айында «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты , 1-ші Тұңғыш Президент күніне арналған портрет кеші өткізілді.

    Салауатты өмір салтын насихаттауда «Менің денсаулығым - менің болашағым» тақырыбында тақырыптық сөре жасақталып, оқырмандарға таныстырылып,  студенттер материалдарын пайдаланды. 

    Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында желтоқсан айының 24 күні «Жолдау-болашаққа сенімділік» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға шолу өткізілді. 

    Патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында Қаңтар айының 21-күні  Халық қаһарманы Бауыржан Момышулына -105 жылдығына сәйкес«Халықтың қаһарман перзенті» тақырыбына танымдық сағат өткізілді.

     9-желтоқсан Жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған көрме жасақталып оқырмандарға насихатталды.

    Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 25-жылдығына араналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік», «Қазақ Елінің  ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел» тақырыбтарына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып,материалдармен толықтырылып  насихатталуда. Кітапханаға келіп түскен республикалық, облыстық баспасөз басылымдарын насихаттауда газет-журналдарға шолу ай сайын өткізіліп отырылады. 

    Кітапхананың басты мақсаты колледждің оқу процесін жоспарлы түрде ғылыми –әдістемелік,  оқу және қосымша әдебиеттермен уақытылы жабдықтау және өз дәрежесінде оқырмандарға қызмет көрсету барысын жетілдіру.

    Кітапхана колледж ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан. Кітапхана көлемі-180 ш.м. құрайды. 

    Күні бүгін кітапхананың кітап қоры-70947 дананы құрайды, оның ішінде 65099 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, қазақ тілінде-33225 дана, жалпы білім беретін пәндері циклы бойынша кітаптың саны-10703, оның ішіндегі мемлекеттік тілде-6933 дана, кәсіптік арнайы пәндер бойынша кітаптың саны-56546 дананың- 34631 данасы қазақ тілінде. Әдістемелік әдебиеттер 5826 дананы құрайды. Кітапхананың кітап  қоры жыл сайын толықтырылуда.

    Кітап қорын толықтыру ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Білім беру мекемелерінде бекітілген тізбеге сәйкес пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар, оқу әдістемелік кешендер, қосымша әдебиеттер, соның ішінде электрондық тасығыштағы оқулықтар туралы» 2013 жылдың 27 қыркүйегіндегі №400 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

     

    Егер 2010 - 2014 оқу жылдары   аралығындағы  кітаппен толықтырылу мәліметтеріне тоқталатын  болсақ ,

    2010 жылы кітапханаға құны 3262000 теңге кітаптар алыңған болса, 

    2011 оқу жылы құны -5249746 т. -3476 дана оқулық,

    2012 оқу жылы  - 2477096 т.- 771дана оқулық,

    2013 оқу жылы – 6692600 т.-2398 дана оқулық,

    2014 оқу жылы – құны 2226800 теңге тұратын 1041 дана оқулықтармен жабдықталып, нәтижесінде 5 жылдың ішінде кітапхананың кітап қорына жұмсалған қаржы мөлшері- 21617891  теңгені құрап, 

    оның ішінде  оқу әдебиеттеріне- 9954121 теңге , 

    оқу -әдістемелік әдебиеттерге -3981648 теңге,

    ғылыми әдебиеттерге – 2986237теңге,

    қосымша әдебиеттерге-2986237теңге

    электрондық оқулықтарға -183000 теңге жұмсалған.

    Жыл сайын кітапхана республикалық, облыстық мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды жүйелі жүргізеді.

    Баспасөз басылымдарын толықтыруға 5 жылда жаратылған  қаржы мөлшері төмендегідей:

    2010 жыл –71 атау//құны-300249  теңге;

    2011жыл. – 85 атау/құны-403305 теңге;

    2012 жыл —73 атау//құны-333290 теңге;

    2013 жыл -75  атау//құны-279945 теңге;

    2014жыл.-54 атау//құны-392860 теңге. 

    Нәтижесінде 2010-2014 оқу жылдары аралығында құны-1709649 теңгеге жазылу жүргізілген.

    Колледж мемлекеттік білім беру стандарты, бағдарламаларға сәйкес оқу үрдісін жүргізу үшін мамандықтар бойынша әр оқушыны негізгі оқу, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді.

    Әр оқушыны оқулықпен, оқу-әдістемелік құралдармен  қамтамасыз  ету көрсеткіштері  нормативтік талаптарға  сай. Оқу-әдістемелік қор, әр мамандыққа сәйкес 1 оқушыға есптегенде 30 дана оқулықты құрайды.  Баспасөз қоры колледждің профилі негізінде жабдықталуы негізінде, әр мамандықтар  кешенді баспасөз басылымдарымен жабдықталған. 

    Бұл кешенді басылымдар студенттер мен оқытушылардың  өзекті, керекті ақпараттардан хабардар болуына мүмкіндік туғызады.

     

     

    Колледждің оқулықтар ,оқу әдістемелік құралдармен қамтылуы жөнінде хабарлама

     

    Оқу-әдістемелік қор

    Арнайы пәндер

    бойынша кітап қоры

    Жалпы білім беретін пәндер бойынша

    Көркем әдебиеттер

    Электрондық кітаптар

    қаз

    орыс

    қаз

    орыс

    қаз

    орыс

    қаз

    орыс

    қаз

    орыс

    38645

    27577

    3461

    21915

    6933

    3770

    1057

    1438

    231

     

    104

     

    66222

    56546

    10703

    2495

    Жыл сайын кітапхананың кітап қоры қажеттілігіне қарай толықтырылады.Кітап қорының толықтырылу барысы «Фолиант», «Академия», «Атамұра», «Алматыкітап», баспа орталықтарының  тізімдемелері нагізінде жаңартылады. Кітап қорының жабдықталуы колледждің кафедра меңгерушілері құрамы шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Күні бүгінде  колледж студентеріне, оқытушыларына,, қызметкерлеріне   оқу , электронды оқу залдары қызмет көрсетеді, пайдаланушылар электронды тізімдер базасын пайдалануға мүмкіндіктері бар. Кітапхананың атқаратын қызметтерінің бірі -кітапханалық және анықтамалық- библиографиялық қызмет көрсету болып есептеледі.

    Кітапхананың оқу залында  Мемлекеттік стандарт талаптары сақталған кітапханалық-библиографиялық топтастыру негізінде дәстүрлі әріптік, жүйелік каталогтар жұмыс жасайды..Қазіргі таңда оқырмандар қажетті қағаз нұсқасындағы әдебиттермен танысу және  іріктеу үшін әріптік және жүйелік  каталогтары пайдалану мумкіндіктері бар.

    Сонымен қатар апта сайын толықтырылып отырылатын жүйелік мақалалар, өлкетану картотекалары жүргізіледі.

    Кітапхананың оқырмандар саны жылдан-жылға көбеюде.Егер, 2009-2010 оқу жылы кітапханаға тіркелген оқырман саны-1450 адам болса, оның ішінде -1350 студенттер,

    2010-2011 оқу жылы -1600 оқырман, оның ішінде-1450 студенттер,

    2011-2012 оқу жылы-1630 оқырман оның ішінде -1500 студенттер,

    2012-2013 оқу жылы -1615 оқырман, оның ішінде -1500 студенттер

    2013-2014 -2008  оқырман, оның ішінде студент саны-1908 адам құраған

    2013-2014 оқу жылы кітапханаға келген оқырман саны-56130 адам болса, кітап беру саны 75100 дана құрады.

    Күннен күнге өсіп келе жатқан  кітапхананы пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктер ікітапхана үдерісін автоматтандыруға түрткі болып, 2010 жылы  кітапхана қорын автоматтандыру және электрондық  қор базасын жасақтау мақсатында

     ЖК  О. Р. Димухамбетовтың «Кітапхана ісі» бағдарламасы 

    еңгізілді.Қазіргі уақытта электрондық  қор базасына 13000 мыңға жуық басылымдар, 100-ге жуық  сипаттама берілген мақалалар атаулары еңгізілген, сонымен қатар  50 дана сканерленген оқулықтарды  студенттер пайдалануларына мүмкіндік жасалған.

    Кітапхана құрылымына 60 орындық оқу залы 6-ты компьютермен, 64 орынды электронды  қормен жабдықталған электронды оқу залы.

    Барлық компьютерлерде Интернетке шығу мүмкіндігі ,

    керекті ақпаратты  электронды тасымалдағышқа, немесе, қағаз нұсқасына көшір қарастырылған.Колледж студенттері өздеріне ыңғайлы уақыттарында оқу, электронды залдарға келіп оқу-әдістемелік, әдеби, барлық білім беру бағытындағы анықтамалық әдебиеттердің аумақты қорын пайдалануға жағдай жасалып, оқырмандар сабаққа, баяндама жазу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тақырыптық рефераттар жазуға іздену жұмыстарын жүргізуде үлкен, жан-жақты комек беріледі.

      Кітап көрмелері-кітапхананың дәстүрлі жұмыстарының бірі болып есептеледі. Бұл жұмыс түрінің танымалдылығы  -оқырмандарды кітапханаға келген жаңа әдебиеттермен шұғыл таныстыруы бағытында..

    Осы бағытта кітапханада тұрақты  кітап көрмелері ұйымдастырылып отырылады. Атап айтсақ, «Егеменді Ел-Тәуелсіз Қазақстан», «Тіл-ұлтымыздың тірегі», «Дені сау ұрпақ-Ел болашағы», «Елбасының Жолдауы- елдің қамы», « Заңды білу-заман талабы», «Тарихы мол, шежірелі оқу орнына-100 жыл», «Танысыңыз-Жаңа кітаптар», «Саламатты Қазақстан»және т.б.  жыл бойына  саны 20-ға дейін оқырмандарға көмек ретінде айтулы күндерге арналған кітап қорын ашатын тақырыптық сөрелер ұйымдастырылады. 

    Әр оқу жылының басында оқырмандардың ақпараттық мәдениетін арттыруда,  1 курс студенттеріне кітапхананың кітап қорымен, анықтамалық аппаратпен  таныстыру экскурсиялары өткізіледі.

    Кітапхананың жоспарына сәйкес кітап қорын насихаттау мақсатында, кітап оқу мәдениетін арттыруда өткізілетін көпшілік шараларға үлкен  көңіл бөлінеді.

    Осы мақсатта ақын-жазушылардың атаулы, ұмытылмас күндеріне шаралар өткізіледі.

    Атап айтатын болсақ, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақтың ақын-жазушысы С. Мұратбековтың шығармаларын насихаттауда «Жусан иісі» 

    шығармасына арналып откізілген оқырмандар конференциясы, ақын М. Мақатаевтың «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш, жерлес ақын -жазушы Қ. Мырзалиевтің шығармашылығына арналған «Қазақ жырының Қадірі» атты еске алу кеші, жерлес ақын  Т. Молдағалиевтің шығармашылығына арналған»Сезім падишасы» тақырыбына кітап көрмесі т.б.Сонымен қатар Ақын-жазушылар Қ. Аманжоловтың, Ж. Жабаевтың, Ж.Ннабиулиннің шығармаларына арналып құрастырылған ұсыныс сілтемелері,жазушы О. Бөкейдің шығармаларын насихаттауға арналған,оқырмандарға көмек ретінде  «Алтайдан айналып ұшқан ақиық» атты библиографиялық құралды атап айтуға болады.

    Кітапхана қызметінде патриоттық, эстетикалық, өлкетану, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлініп отырады. Осы бағытта өткізілген көпшілік шаралар: «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі»(ҰОС ардагері  М. Маметованың 90-жылдарн.), «Табиғат-тал бесігіміз», «Адамгершілік-асыл қасиет», «Туған жерің-тұғырың», «Тәрбие тұғыры –имандылықта» т.б. тақырыптардағы жоспарға сәйкес жүргізілген  насихат жұмыстарын атауға болады.

     

                                                                          

     

    Кітапхана туралы

    Колледж кітапханасы  2014-2015 оқу жылына жоспарланған  жұмыстарын жүзеге асыру барысында аталған оқу жылының қыркүйек айынан бастап, кітапханаға жаңа оқымандарды тарту, және кітапхана есебінде  тұрған оқырмандарды  қайта тіркеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде күні бүгінге дейін кітапханаға – 267 оқырман жазылып, 1741 оқырман қайта тіркеуден өтіп, тіркеу жұмысы жалғасуда.

    1 курс студенттерімен жұмыс жүргізу барысында, кітапхананы пайдалану ережесімен таныстыруда «Кітапханалық сабақтар» қыркүйек айының 3-15 күндері аралығында  

    12 топта өткізілді.

    Кітапхана кітап қорын толықтыру барысында  біркелкі жұмыстар жүргізіліп қазан, қараша, желтоқсан айларында кітапхананың кітап қоры 3427 дана кітаппен толықтырылды. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу арқылы-1373 дана кітап, 2054 дана кітап облыстық Білім басқармасының бөлуімен алынды.

    19.09.2014ж.  күні  Тілдер мерекесіне орай атадан балаға мұра болып қалған ана тілімізді студент жастарға насихаттау, қастерлеуді үйрету мақсатында «Қазақтың тілі-қазыналы тіл» атты кітап көрмесі жасақталып, осы тақырыпқа Зияткерлік-танымдық ойын оздырылды. Шараға 112 студент қатысты.

    30.10.2014ж. күні «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында белгілі жазушы С. Мұратбековтың 

    «Жусан иісі» атты шығармасын насихаттауда, оқырмандарды жазушы өмірімен,шығармашылығынан мәлімет беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту, патриоттық тәрбие беру, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқырмандар конференциясы өткізілді.

    Конференцияға 127 оқырманда қатысты.

    21.11.2014 ж. күні қазақ поэзиясының көрнекті өкілі,Қазақстанның халық жазушысы Қ. Мырзаәлінің -80жылдығы қарсаңында , оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырманның ой-өрісін, ақыл-ойларын, тіл байлықтарын дамыту мақсатында «Әдебиеттегі ерекше тұлға» атты әдеби сазды кеш  ұйымдастырылды.

    Шараға-86 оқырман қатысып, ақын шығармаларынан мазмұнды мағлұмат алды.

    01.12.2014ж. Тұңғыш Президент күніне арналған-танымдық сағат өткізілді.

    Бұл танымдық сағатта оқырмандарға Елбасының өмірі , оның идеялық басшылығының маңызы туралы түсінік беріліп, жастарды патриотизмге , отаншылдық тәрбиелеу мақсаты белгіленді.

    09.12.2014ж Жазушы «І.Есенберлиннің туғанына -100 жыл» толуына байланысты кітап сөресі жасақталып, оқырмандармен таныстырылды. Сөредегі материалдармен 36 студент танысып жинақталған материалдарды пайдаланды. 

    15.12.2014ж. Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік-қол жеткен мұрат» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып өткізілді. Бұл кеште еліміздің жетістігі, тарихи деректердің маңызы туралы айтылып,  Тәуелсіздік жолында күрескендердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу болды.

    Кешке 63 студент қатысты.

    25.12.2014 ж. күні Жерлес ақын- жазушы Ф. Оңғарсынованың  75 жылдығына орай

    «Мен құштар әлем» атты поэзия кеші ұйымдастырылып,« Поэзия падишасы» тақырыбына арналған кітап көрмесі жасақталып шараға қатысқан оқырмандарған таныстырылды.Кеште ұлт мақтанышына айналған Ф. Оңғарсынованы еске алып, ақынның жүріп өткен өмірі, жазған кітаптары, ол туралы айтқан аға- апаларымыздың ой-пікірлерімен таныстырылып, ұсынылды.

    06.01.2015 «Қазақ хандығына-550 жыл», «Ассамблеяға-20 жыл», «Конституцияға-20 жыл» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізілді. Шолуға 68 студент қатысып, көрме материалдарымен танысып, керекті материалдар пайдалануға берілді. 

    08.01.2015 Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау-болашаққа сенімділік» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізіліп, оқырмандар пікірлері тыңдалды.

    Шолуға - 62 оқырман қатысып, көрмедегі материалдармен танысты.

    17.03.2015ж. күні Наурыз мерекесі қарсаңында «Халық дәстүрі-асыл қазына» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шара мақсаты- жастарға қазақ халқының ұлағатты салт-дәстүрін, дүниетанымын дәріптеу, құрметтеуге тәрбиелеу болды. Кеш барысында тақырыпқа арналған көрініс көрсетіліп, соңында оқырмандар тілектерін айтты.

    Шараға-58 студент қатысты.

    Сонымен қатар патриоттық тәрбиені насихаттауда, Ұлы Жеңіс күніне-70 жыл толуы қарсаңында өткізілетін «Желбіре Жеңіс жалауы» атты  кеке дайындық жүргізілуде. 

    Сондай-ақ   ақын –жазушылардың даталы күндеріне арналған «Атаулы есімдер» бұрышы ұйымдастырылып, оқырмандармен таныстырылып, бұрыштан керекті материалдарды алып оқушылар сабақтарында пайдаланды.