Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

КОЛЛЕДЖДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ – МІНДЕТТЕРІ МЕН МИССИЯСЫ

МИССИЯ

Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

ҰСТАНЫМЫ

1. Колледж:

- техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі педагог мамандарды дайындау көшбасшысы;

- еліміздің педагогикалық колледждеріне арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру орталығы;

- педагог мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және қашықтықтан оқыту ресурстық орталығы.

2. Колледждің педагогтары – үш тілді білетін, IT технологияларын жетік меңгерген, оқу мен оқытудың инновациялық технологияларын қолданатын, өз тәжірибесін жақсарту үшін зерттеулер жүргізетін кәсіпқой мамандар тобы.

3. Колледждің білім беру ортасы заманауи, қолайлы және қолжетімді, әртүрлі оқу ресурстары мен инновациялық технологияларды қамтиды.

4. Колледж түлектері заманауи педагогикалық әдістер мен технологияларды, екі/үш тілді меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие жеке қасиеттері жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ

Қолжетімді және сапалы білім беру қызметтерін ұсынатын инновациялық педагогикалық колледж болу.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Отансүйгіштік

Қатысушылық

Мейірімділік

Сенім

Инновациялар

Ынтымақтастық

Қатысушылық, мейірімділік және сенім – біздің бірігіп істейтін жұмысымыздың негізі. Инновациялар мен ынтымақтастық біздің болашағымызды анықтайтын идеяларды зерттеуге және оларды іске асыруға мүмкіндік береді.

ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Колледж өз қызметінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

1. Заңдылық

Колледж өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, МЖМБС және басқа да 1 нормативтік құжаттарға қатаң сәйкестікте жүзеге асырады.

2. Инновациялылық

Колледж жаңа технологияларды енгізуге және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар және білім беру үдерісінің формаларын жетілдіруге талпынады.

3. Ынтымақтастық және қатысушылық

Колледж еліміздегі және шетелдік серіктестермен ынтымақтасу арқылы педагог мамандардың шығармашылық ойлау қабілетін үздіксіз дамытуға жағдайлар жасайды, педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз етеді, педагог мамандар құрамының ғылымиәдістемелік әлеуетін жетілдіреді.

4. Ашықтық

Колледж басқарушылық шешімдер мен өзге де шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етететін шаралар кешенін анықтайтын негізгі идея ретінде ашықтық қағидатын ұстанады. Колледждің қызметі туралы барлық ақпарат қоғам үшін қолжетімді.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 115

Кеше 282

Осы аптада 1265

Осы айда 9301

Барлығы 186820

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска