Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ

    ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

    «Түлектерді жұмысқа бөлу» шарасы болған

    Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 18 мамыр күні «Түлектерді жұмысқа бөлу» шарасы қашықтықтан ұйымдастырылды. Шараға облыстық, аудандық, қалалық білім беру басқармаларының басшылары, колледж директоры – С.М.Бахишева, директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары - М.С.Мұқашев және бітіретін топтардың жетекшілері қатысты.

    Шараны өткізу барысында алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, аудан бойынша колледжді бітіретін түлектердің тізімі білім беру басқармаларына жіберіліп, аудандарға қажетті сұраныстар мен бос орындар анықталды. Шара барысында колледж директоры - С.М.Бахишева түлектер туралы мәлімет беріп, аудандардан келген сұраныстарды талдап өтті.
    Қазіргі таңда еңбек нарығында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері , орыс тіліндегі мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне деген сұраныс артып отыр. Осы қажеттілікті өтеу барысында колледж директоры аудандық білім беру басшыларына мектеп бітіруші түлектерді колледждегі аталмыш мамандықтарға бағыттау туралы ұсыныс білдірді.