САБАҚ ҮРДІСІНДЕ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕСІНЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ

12.02.20224ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «САБАҚ ҮРДІСІНДЕ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕСІНЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ» жобасы шеңберінде Орал қаласының ФМБ НЗМ информатика пәні мұғалімі, мұғалім-сарапшы NIS, Білім беруді басқару ғылым магистрі (Назарбаев Университеті), Болашақ бағдарламасының стипендиаты Нагибова Гулзина Сапаргалиевна өткізуімен «Мұғалімнің зерттеуі: Мүмкіндіктер мен Қиындықтар» тақырыбында шеберлік сағаты өз мақсатына жетті.

СІЗ ҮШІН 24/7 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

12 ақпан күні «Педагогика және психология» кафедрасының «Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек» жобасы аясында 1с КШО-9 тобына «Дос бол LIKE!» тақырыбында тренинг өткізілді.

ӨМІРІ-ӨЛЕҢ, ЖЫРЫ-ӘУЕН

Қазақ поэзиясының Хантәңірі, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Дарын» клубының ұйымдастыруымен «Өмірі-өлең,жыры-әуен» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.  Кеш қонақтары Қырғыз елінен келген қонақтарымыз бен колледж ұстаздары мен студенттері болды.  Шара емханадағы көріністен басталып, «Менің анкетам», «Автограф», «Бір келіншек» өлеңдері оқылды.

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ

07.02.2024ж. күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Бүгін колледжімізге бауырлас Қырғыз елінен құрметті қонақтар келді. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің кәсіптік колледжінің директоры Ардақбек Қаныбекұлы мен арнайы пән оқытушылары Назда Надырбекқызы, Бегайым Мақсатбекқызының аймағымызға арнайылап ат басын бұруларының басты мақсаты - екі оқу орны арасында әріптестік байланысты орнатып, серіктестікті нығайту.

Педагогика, психология кафедрасының оқытушылары Қырғызстан елінен келген әріптестерін қазақтың салт-дәстүріне сай шашу шашып, қонақжайлықпен қарсы алып, бауырсақ, көжеден дәм татқызды

 05 ақпан күні педагогика, психология кафедрасының оқытушылары Қырғызстан елінен келген әріптестерін қазақтың салт-дәстүріне сай шашу шашып, қонақжайлықпен қарсы алып, бауырсақ, көжеден дәм татқызды. Кафедра меңгерушісі Сахипова Жанаргүл Мендібайқызы педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, профессор және 25 жылдай колледж директоры қызметін атқарған Құрманалина Шалқыма Хайроллақызына арналып ашылған дәрісхананы таныстырды. Таныстыру барысында ғалымның ғылыми еңбектері, жариялымдары, мақалары және оқулықтары мен оқу құралдарын айтып, қабырғадағы стендтерін көрсетті.

Встреча гостей из дружественной страны Кыргызстана

Сегодня в высшем педагогическом колледже им.Ж.Досмухамедова прошла встреча гостей из дружественной страны Кыргызстан. Приехали педагоги для прохождения международной стажировки. Педагогический коллектив и студенческая молодежь с присущей нашему народу гостеприимством встретила коллег радушным приемом, концертной программой, экскурсией по колледжу.

ЖАҺАНША ЖАСТАРЫ ЭФИРДЕ

2 ақпан күні колледжіміздің белсенді студенттері және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Каримова мен ақпараттық істер жөніндегі орынбасары А.М.Бижанов “Ақжайық” телеарнасының тікелей эфирінде өткен “Күншуақ” бағдарламасының қонағы болды.

“Спорт-менің өмірім” атты облысымыздың спорт саласына үлес қосып жүрген түлектер, спортшылар, аға жаттықтырушылармен кездесу өтті

31.01.2024 ж. күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің “Дене тәрбиесі және спорт” кафедрасының ұйымдастыруымен “Спорт-менің өмірім” атты облысымыздың спорт саласына үлес қосып жүрген түлектер, спортшылар, аға жаттықтырушылармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығын бітірген түлектері әр саланың мамандық иелері ретінде жеткен жетістіктері жайлы, оларды оқытқан ұстаздары туралы колледжіміздің студенттерімен пікірлесіп, сұхбаттасу, болашаққа жол сілтеу, себепкер болу.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 27

Кеше 198

Осы аптада 895

Осы айда 8931

Барлығы 186450

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска