Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ

    ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

    БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАР

    БҚО білім басқармасының 26.03.2018ж №4/121531 хатыңа сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Астана қаласының 20 жылдығына орай 31 наурыз-4 сәуір аралығында «Балдаурен»  РОСО-да өткен педагогикалық жасақтарының Республикалық слетінде колледжімізің «Жайық жастары» педагогикалық жасағы жүлделі ІІ орынды иеленді. 

     

     

     

     

      

    БҚО білім басқармасының 26.03.2018ж №4/121531 хатыңа сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Астана қаласының 20 жылдығына орай 31 наурыз-4 сәуір аралығында «Балдаурен»  РОСО-да педагогикалық жасақтарының Республикалық слетінде колледжімізің «Жайық жастары» педагогикалық жасағы «Керемет актерлік шеберлік» номинациясын жеңіп алды.  

     

     

     

     

      

    Республикалық «Ұлы Дала Ұрпағымыз» балалар мен жастар байқауында «Эстрада вокал» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткен «Музыкалық білім» мамандығының  3 курс студенті  Қожаниязова Гүлназия БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды.

     

     

     Республикалық «Ұлы Дала Ұрпағымыз» балалар мен жастар шығармашылық байқауында «Эстрада вокал» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосып, бала шығармашылығы мен білімінің дамуына ерен еңбек сіңіргені үшін музыка кафедрасының оқытушысы М.Хайдарова «ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ» аталымымен марапатталды.

     

      

    «Болашақтың ғалымдары» атты республикалық табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысы конкурсында «Домбыра тартуды үйрену әдістемесі және сандық жүйемен үйрену тәсілі» тақырыбындағы жобамен қатысқан «Музыкалық білім беру» мамандығының 1-курс студенті Мулекова Индира жүлделі 2 орын алды.

     

      

    Колледжіміздің «Жауқазын» би ансамблі Ақтөбе қаласында өткен І халықаралық "Көктемгі əуендер" балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық конкурсының «Хореография» аталымы бойынша ГРАН-ПРИ иегері біздің атанды.

     

     

     

      

     

     

     

     

    3аКШИ  тобы  Муратова Эльмира.

    «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Ағылшын тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиада І дәрежелі  диплом

     

     

     

     

     

    3аКШИ тобыТуржанова Гүлдана

    «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Ағылшын тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиада І дәрежелі  диплом

     

     

     

     

      

    Жастар мәдениет үйінде «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастырумен «Алатау шыңы» ІІ Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсы өткізілді.Байқаудың басты мақсаты- сан түрлі өнердің басын біріктірген  жастардың  шығармашылық ізденістерін жетілдіру. Байқау жеті номинация бойынша аспапта орындаушылық өнері, дәстүрлі ән өнері, хореграфиялық, мәдени-тынығу жұмысы,  және сәндік өнер, «Жас ғалым» ғылыми жоба және «Жас қаламгер» үздік шығарма  бойынша өтті.  Байқаудың мәдени-тынығу жұмысы бағыты бойынша қатысқан  Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті  Нығметжан Зейнұр ақын  Кәкімбек Салықовтың «Тіл жорығы» атты өлеңін оқып,  жүлделі І  орынды иеленді.

     

     

     

     

     

     

     

     

      

    Мұхтар Ақжол 2пКШФ тобы студенті

    2015 жылдың наурыз айында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай самбо күресінен 1995-1996 жылы туылған ұлдар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатында «74» келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын;

    2015 жылдың қаңтар айында самбо күресінен 1996-1997 жылғы туылған жастар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатында «74» келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын.

     

     

     Сағидолла Айдос 2пКШФ тобы студенті

    2016 жылдың қаңтар айында Самбо күресінен 1996-1997 ж.т. жастар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатында «52» келі салмақ дәрежесінде І орын иегері;

     

     

     

       

     Қали Тұрсынбек - «Технология» мамандығы, 3пКШТ  тобы студенті 

    2015 жыл сәуір айында - «The Erudite» тақырыбындағы ІІІ жалпы Ресейлік сырттай ғылыми – практикалық конференцияда «Бесіктің жасалуының және тұрмыста қолданылуының тұтынушыға экономикалық тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасынан жүлделі ІІІ орын иегері. 

     

     

      

     Махсотов Жайсан -  «Технология» мамандығы, 2аКШТ тобы студенті

    2015 жыл маусым айында - Батыс Қазақстан облысы жастарының ашық XI дельфийлік ойындарында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын иегері.

     

     

     

     

     

    Губайдуллин Азамат - 1 а КШМ тобының студенті

    2015жыл - Атырау қаласында өткен II Республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-конкурсынан жүлделі III орны, лауреат;

    2015 жыл - Еуропа бойынша халықаралық фестивальдердің ұйымдастырушысы Москва қаласының «Арт-центр» ақпараттық-сервистік холдингі,  ҚР «Аrt.rainbow»  Халықаралық өнер бірлестігінің Қарағанды қаласындағы  «Ақ сұңқар» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсынан «Домбыра» номинациясы бойынша  1- дәрежелі дипломы.

     

     

    Жанболат Мейірбек  1 аКШМ тобының студенті

     2015 жыл - Еуропа бойынша халықаралық фестивальдердің ұйымдастырушысы Москва қаласының «Арт-центр» ақпараттық-сервистік холдингі,  ҚР «Аrt.rainbow»  Халықаралық өнер бірлестігінің Қарағанды қаласындағы  «Ақ сұңқар» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсынан «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломы.

     

      

    Махметжанов Арман 3аКШМ тобының студенті

    2015 жыл - Оренбург қаласында өткен Москва  мемлекеттік педагогикалық  университетімен бірлескен  «Планета талантов» балалар шығармашылығы орталығының  «Урал собирает друзей» фестиваль-конкурсына қатысып, жүлделі 3-орын.

     

     

        

     

     «Әдем- ай» әншілер квартеті 3аКШМ тобының студенттері

     2015 жыл - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінде  Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты Республикалық әскери-патриоттық әндер байқауында III- дәрежелі орын; 

    2015 жыл - Еуропа бойынша халықаралық фестивальдердің ұйымдастырушысы Москва қаласының «Арт-центр» ақпараттық-сервистік холдингі,  ҚР «Аrt.rainbow»  Халықаралық өнер бірлестігінің Қарағанды қаласындағы  «Ақ сұңқар» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсына қатысып, «Академиялық вокал» номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломы.

     

    Исанғалиева Айымгүл - 2пҚМҚ тобы студенті 

     2015 жылдың наурызында - Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған қара өлеңнің хас шебері ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін насихаттау, жастарды ақын шығармашылығы арқылы ұлтжандылыққа, елсүйгіштікке, шынайылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» байқауынан ІІ орын;

    2015 жыл  қараша айында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті қазақ халық жазушысы Қ.Мырза Әлінің  80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған көркемсөз оқу байқауында жүлделі 3-орын.

      

     

    Шынболатова Эльзира – 2пҚМҚ тобы

     2014 жыл - «Жаңа толқын -2014» облыстық бірінші курс студенттері фестивалінде «Көркемсөз оқу шебері» номинациясын ақын А.Бақтыгерееваның «Жар мұрасы» шығармасын оқып, жүлделі    1-орын;

    2015 жыл – Ақын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттау мақсатындағы Облыстық «Қадыр оқулары» байқауынан 2 орын.

     

     

    Шабдан Гамзат  – жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткер. 1аКШФТ тобы

    2015 жыл – жеңіл атлетикадан 1500м, 3000м қашықтыққа жүгіруден облыстық жарыста  – І орын;

    2015 жыл – 1998 – 1999 жылы туған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан «Аминиада - 2015» республикалық жарысында 800 метр және 400 метр қашықтыққа жүгіруден – І орын;

    2015 жыл  – жеңіл атлетикадан облыстық жарыста 2000м қашықтыққа жүгіруден - І орын,

    2016 жыл  – Шымкент қаласында өткен  республикалық жарыста 3000 метр қашықтыққа жүгіруден - ІІ орын; 

         

     

     Имашев Әсет  Темурболатұлы – гір спортынан спорт шеберіне үміткер. 1аКШФТ тобы

     2015 жыл – Әлем  рекодшысы Степан Иванович Ульяновты еске алуға  арналған 1998 – 1999 жылы туған жасөспірімдер арасында 68 кг. салмақ дәрежесінде гір тасын көтеруден облыстық турнирде – І орын;

    2015 жыл – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған гір спортынан 1997 – 1999 жылы туған жасөспірімдер арасында Ақсай қаласының ашық біріншілігінде 68кг. салмақ дәрежесінде жүлделі – І орын;

    2015 жыл – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған гір спортынан 1997 – 1999 жылы туылған жасөспірімдер арасында арасында ашық аудандық турнирдінде 68кг. салмақ дәрежесінде жүлделі – І орын;

     

     

     Ларионова Екатерина Алексеевна – еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 3пРШФ

     2001 жылдан бастап еркін күреспен айналысады. 2012 жылдан бастап Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алуда. 2008 жылы Семей қаласында өткен дзю – додан Қазақстан Республикасы чемпионатында, осы жылы Йеменде өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Сегіз жасынан бері күрес өнерімен айналысып келе жатқан бойжеткен қыз еркін күрестен 12 мәрте ел чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы және 2 рет Әлем чемпионы атанды.

     

     


    Елеген Досбол Нұрболұлы - әскери самбодан спорт шебері. 2аКШФ

    2010 жылы ауыр атлетикадан Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында ІІІ орын, 2011 жылы Лесаковск қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында ІІ орын, Хромтау қаласында өткен турнирде І орын, Ақтөбе қаласында өткен турнирде І орын, Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында ІІІ орын, 2012 жылы Алматы қаласында өткен турнирде І орын, 2013 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында І орын, 2014 жылы әскери самбодан Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында ІІІ  орын, Павлодар қаласында ІІ орын, Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы кубогі үшін ІІ орын, Орал қаласында

    І орынды иеленді.

    2013 жылдан Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алуда.

     

    Аманов Сыйбағат Салауатұлы – самбо күресінен спорт шебері.

    Сырттай бөлім

    2012 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқуға түсіп білім алуда. Самбо күресінен спорт шебері, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, Азия чемпионы.

     

     

     

    Есенжанова Лаура Қайратқызы – дзю – додан спорт шебері. 3аКШФ

    2012 жылы Ақтау қаласында өткен Республикалық, Халықаралық турнирде ІІІ орын, Ресей Федерациясы, Самара қаласы, А.С.Потаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде ІІІ орын, 2014 жылы Башкирияның Кумертау қаласында дзю – додан өткен ХҮІІІ бүкілресейлік турнирде І орынды иеленді. 2013 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, білім алуда. 

    2016 жыл - Қазақ күресінен 1997-1998 жылы туылған жастар (қыздар мен жігіттер) арасындағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА 63 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын иегері.

     

      

    Бүркітов Рауан Өміржанұлы – ауыр атлетикадан спорт шебері. 1пКШФ

    2012 жыл Қостанай қаласы – ауыр атлетикадан  Қазақстан чемпионатында І орын;

    2013 жыл Қостанай  қаласы - ауыр атлетикадан  Қазақстан чемпионатында ІІ орын;

    2013 жыл РФ, Оренбург қаласы – ауыр атлетикадан І орын;

    2014 жыл Лисаковск қаласы - ауыр атлетикадан  Қазақстан чемпионаты ІІ орын; спорт шебері

     

     

    Мырзахметов Нұрсұлтан Бейбітұлы – самбо күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Сырттай бөлім

    2014 жыл – Орал қаласында өткен Асқар Шайхиевты еске алуға арналған самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде ІІІ орын;

    2014 жыл қазақша күрестен  Қазақстан біріншілігіне іріктеуде ІІІ орын;

     

     

     

     

     

     

    Амангельдиева Аида – гір спорты. 2аКШФ тобы

    2014 жыл қазан – ауыр атлетикадан 3 дүркін әлем чемпионы Степан Иванович Ульяновтың еске алуға арналған гір спортынан жарыста І орын.

    2014 жыл қазан – Спорт ардагері, ұстаз, жаттықтырушы Н.К.Коломоецтің жүлдесіне арналған гір спортынан қыздар арасындағы Батыс Қазақстан Облысының ашық турнирінде «58» келі салмақ дәрежесінде І орын.

    2014 жыл қараша – Гір спортынан қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының жеке – командалық чемпионатында «58» келі салмақ дәрежесінде І орын.

    2015 жыл  қаңтар – Гір спортынан қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының жеке командалық чемпионатында «63» келі салмақ дәрежесінде І орын.

    2015 жыл Қазақстан Республикасының Кубогінде гір көтеру спортынан  «58» келі салмақ дәрежесінде ІІ орын.