Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Оқытушысы: Сабиева А.С.

ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Сабиева Айсауле Сериккалиевна

Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Білім беру жүйесін дамыту еліміз үшін басты бағыт болып саналады. Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер спортшының жеке ерекшеліктерін дамытуды, оны ізгілікке баулып, шығармашылық қабілетін арттыруды талап етеді. Спортшыны жан-жақты дамытып, өзіндік шығармашылығын арттырудың басты негізі - жаттығу сабақтары болып табылады. Жаттығу сабақтарының қызықты өтуі - жаттықтырушының үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін үнемі жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда білім беруде ақпараттық - технологияларды қолдану және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалану-сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер-түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Ал жаңа ақпараттық-технологияларды пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан жаттықтырушының біліктілігін көтеру мен шығармашылығын арттыруда қазіргі ақпараттық-технологияларды меңгерудің маңызы зор. Волейбол ойынының жаттығу сабақтарында ойыншыға ең басты міндет жан-жақты түрде кеңінен насихатталған теориялық білімінің болуы. Осыған байланысты білім беруді жаңарту жаттықтырушылардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейінің артуына жаңа талаптар қойылуда. Осы мақсатты басты міндетке ала отырып жаттығу сабақтарының жаңа үлгісінің жоспарын назарларыңызға ұсынып отырмын.

Волейбол әлемге кеңінен таралған спорт ойындарының бірі. Ойынның негізгі ережелері бойынша ойын 9х18 шаршы метр алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық үстінде екі бағанға керілеген волейбол торы орналасады. Волейбол торының биіктігі ерлер мен әйелдерге әр түрлі. Биіктіктер бойынша ерлерге 2,43см,ал әйелдерге 2,24 см биіктікте берілген.

Қазақ волейболының атасы деп - Октябрь Жарылғаповты танимыз, ол 1969 жылы КСРО чемпионы атанып, 1970-1971 жылдары Еуропа чемпиондарының кубогын жеңіп алған. Алматының “Буревестник” ерлер командасының негізін қалады. Октябрь Жарылғапов – қазақтың доп өнерінде несібесінің мол екенін әлем деңгейінде дәлелдеген біртуар бапкер.

Жас спортшыларға волейбол ойынын үйретуде О.Жарылғаповтың әдістемелік нұсқауларын көптеп пайдаланамыз. Ойынның негізгі ережелерін, әдіс-тәсілдерін түсіндіруде ақпараттық-технологияларды енгізу күнделікті ісімізге айналып отыр. Волейбол ойынының шарттарын меңгертуде ақпараттық - технологияларды қолданудың маңызы зор

Ойынның әдіс-тәсілдері бойынша допты ойынға қосу, допты беру және қабылдау, шабуылшының соққылары, тосқауыл қою әдістері көрсетіліп, жаттығудың орындалу техникалары толық түсіндіріледі.

Допты ойынға қосу әдістері

- Жоғардан шабуылдап ойынға қосу

- Бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру

- Допты астынан тура беру

- Допты астынан жанамалап беру

Допты беру және қабылдау әдістері

- Допты жоғарыдан беру

- Допты төменнен екі қолмен қабылдау

- Допты оң және сол жақпен құлап алу

Шабуылдау соққылар әдістері

- Тіке шабуылдау соққысы

- Бұрылу арқылы шабуылдау соққысы

 

Тосқауыл қою түрлері

- Топтық тосқауыл қою;

- Жеке тосқауыл қою.

Ойынның әр элементтік қимылдарын айта отырып, жаттығудың түрлі тәсілдерін үйренуде интерактивті тақтаны қолданудың ерекшелігі зор. Спортшы әр жасаған қимылға көңіл бөле отырып, ол әдістердің орындалу тәртібін киномоторикалық әдіс арқылы естеріне сақтай алады. Өзім жетекшілік ететін қыздар волейбол секциясында ақпараттық-технологияны қолдану арқылы ойыншыларды теориялық және практикалық біліммен толық қамтамасыз етемін. Теориялық білім беру барысында волейбол ойынының әдіс – тәсілдеріне көптеп тоқталамыз. Ойынның әдіс-тәсілдерін әр ойыншы тереңінен түсініп, жіті меңгеруі керек.

Жас волейболшыларды кәсіби-педагогикалық дайындау технологиясы оның жеке басының кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттердің, операциялардың, іс-шаралардың тұтас жиынтығы. Мұндай жеке тұлғаның қалыптасқандық деңгейін анықтау, үйрету мен шынықтырудың нақты нәтижелерін айқындайтын көрсеткіштер жүйесі деңгейінде қарастырылады. Бұл дайындықтың мәні ретті, педагогикалық шынайылықты тану үдерісінің қисынына сай, танымдылықты және тәжірибелік сабақтар арқылы жүзеге асып отырады. Оқытушы-бапкердің кәсіби-педагогикалық дайындық технологиясын түзу оның теориялық-әдістемелік негіздемесінің тікелей жалғасы болды.

Волейболшылардың кәсіби-педагогикалық дайындаудың мақсаты мен нәтижесі ретінде, оның тиімділігінің көрсеткіштерін негіздеу мен мақұлдау үшін оның кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру қарастырылды. Оның бірқатар негізгі құрамдас бөлімдері болады, атап айтқанда, жеке тұлғаның спорттық-педагогикалық бағыттылығы, субъективті ұстанымы, әдістемелік ұғынуы, рефлексия, педагогикалық іс-шаралар мен операцияларды меңгеруі. Осыған орай, үйрету мен шынықтырудың нақты нәтижелерін айқындайтын мақсаты түзілді. Жаттығу барысында түрлі ақпараттық - технологияларды қолдануда студенттердің ойынға деген қызығушылығы мен ынталары артуда. Жаттығу сабақтарында ақпараттық-технологияларды қолдану арқылы колледж командасы көптеген жарыстардан жүлделі орындарды иеленуде.

Нәтижеге бағытталған құзыретті маман дайындау мақсатында ұсынылған баяндамамның қорытындысы.

Қазіргі уақытта заман талабына сай маман дайындау келешектің кезек күттірмес тапсырмаларының бірі.Спорт жарыстарында әлемдік деңгейде мемлекеттің намысын қорғайтын ұл-қыздарымыздың болуы, сапалы білім нәтижесіне байланысты. Осы бағыт-бағдарды негізге ала отырып жүргізген жұмыстарым бойынша көптеген нәтижеге қол жеткіздім. Колледждің қыздар волейбол командасы қалалық және облыстық жарыстарда өз жетістіктерін көрсетуде. Болашақ жастарға білім берумен қатар, еліміздің намысын қорғап, ұлтына пана болар азамат тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз екенін ескере отырып, шәкірт тәрбиелеу жолында үнемі ізденісте болайық дегім келеді.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 281

Кеше 1370

Осы аптада 4093

Осы айда 6188

Барлығы 183707

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска