Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

Топ ішінде ынтымақтастықты қалыптастыруды қамтамасыз ету сағаты. Оқытушы: Есенова Л.С.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

 

Топ ішінде ынтымақтастықты қалыптастыруды қамтамасыз ету сағаты

(Қарым - қатынаста қиындығы бар оқушылармен  түзету жұмысы.

Көшбасшылық қабілеті бар оқушылармен дамыту жұмысы.

Қарым – қатынасқа арналған тренингтер.)

Педагог – психолог: Есенова Л.С.

Орал қаласы

2014- 2015 оқу жылы

1. Психологиялық түзету - тренингтік жаттығулар

Қарым-қатынасты   дамытуға  жаттығулар.

Мақсаты:  Бұл жаттығулар  қарым-қатынас   тренингтің  тұтастай бағдарламасын  құрайтын  топтағы   қарым -қатынасты  дамытуга  арналған   жаттығуларды қолдану.

Жүргізуші: "Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Сендерге өзіңе және өз мінезіңе ең маңызды, ең мәндісі не болып табылатындығы жайлы ойлауды ұсынамыз. Енді оған қысқаша айту формасын тауып көр, мысалы, өлең түрінде де болады: (Мұз және жалын), (Бірде хайуандай ұлимын, бірде сәбидей жылаймын), (Тыныш, мұңды, үнсіз... және т.б). Ойландың ба? Жақсы. Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді айтыңдар. Егер ол бір сөйлеммен айтылса да жақсы, немесе өлең немесе метафора қолдануға болады. Сен қазір, аяқ астынан ойлап тап... Өтінеміз. Рақымет. Біз бір-бірімізге бір қадам жасадық. Кімнің таныстыруы көбірек әсер қалдырды, талқылауымызға болады. Рефлексияға арналған сұрақтар:

1. Алғаш бейтаныс кезенде қандай күйде болдың?

2. Танысу барысында не сездің?

3. Танысу аяқталғанда қандай күйде болды?

Тақырыбы: "Метафора"

Жүргізуші: Әркімнің қоршаған ортаға қандай әсер қалдыратыны қандай ассоциациялар тудыратыны, мәнді ретінде қабылданатыны түсінікті, ал нелер байқалмайтынын білу қызық. Барлығымыз өз әріптесімізге көркем бейнесін бірігіп жасауға шығармашылық жұмысты жүргізуге қатысуды ұсынамын. Ол үшін алдымен, шығармашылық зат болғысы келген, өз еркімен шеңбер ортасына шығамын дегендерді шақырамын. Өтінемін. Қазір қатысушыларға тапсырма: "Біздің кейіпкерге қарағанда сендердің бойларыңда қандай бейне туады. Бұл бейнені қандай суреттен толықтауға болады. Оны қандай адамдар қоршауы мүмкін. Суреттің фонын қандай интерьер немесе пейзаж құрайды. Бұның бәрі қандай кезеңдерді еске түсіреді. Мысалы: біздің ортадағы өз еркімен шыққан бейнесі сендерді суда жүзген және мұхит жәндіктері қоршаған су перісі жайлы ой келуі мүмкін, мүмкін қайда барары белгісіз, шөл даламен келе жатқан жалғыз ел кезуші болуы мүмкін. Міне, осындай ойлар келуі мүмкін, яғни осындай ойларды өз шығармапшлық ойларымен ортаға салып бір-бірімізбен бөлісейік. Рахмет. Тағы өзін сыртынан көргісі келетін адамдар бар ма? Қане алган әсерлерімізбен алмасайық.

Тақырыбы: "Символика"

Назар аударыңдар! Сендердің әрқайсыларың бүгінгі кездесу уақытына өзіңнің жеке символикаңды иеленуің керек. Қазір әрқайсымызға үш символикалық атрибут ойлап табу немесе жасау керек: біріншіден, жалған есім: екіншіден, жеке ерекшелік белгі: және үшіншіден, девиз және ерекшелік белгі параққа салынуы керек. Ол қарапайым және символикалық болуы мүмкін. Девиз, қысқа және бейнелі болу керек. Сонымен, жалған есім, девиз және ерекше белгі. Мысалы: жалған есім "Дядя Вася", ерекше белгі - күрек, девиз - "терең қазамын". Егер тапсырма түсінікті болса жұмысқа кірісуге болады. Енді суреттеріңмен алмасуға болады және оларды талқылап жиналғандардың әрқайсына жеке мінездеме беруге тырысайық. Сонымен қатар сендерге топтың әр қатысушы-сының символикалық атрибуттары қаншалықты сәтті таңдалғанын бағалау керек. Бес ұпайлық жүйе бойынша әр қатысушыға оның таңдаған жалған есіміне, ерекше есіміне және девизінің жиынынша баға беріндер. Ендеше өз парақтарынды шеңбер бойынша жанымызда отырған адамдарға береміз, әрқайсысы оларға кезектеп баға қояды. Өтінемін. Тамаша. Ал, енді барлық ұпайларды санап арамызға кімнің осындай символикалық формада өзін жақсы көрсете білгенін айтамыз".

Тақырыбы: "Біз нені жақсы көреміз?"

"Қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түскенде біз әншейінде олардың бізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Қане адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз және қабылдаймыз осы туралы айтып өтейік. Тапсырманы жазбаша орындаймыз. Бір парақ алып, топ ішінен көп жағынан саған ұнамды көрінетін кісіні таңдаймыз. Бұл кісідегі саған ерекше ұнайтын бес қасиетті белгіле. Сонымен адамның өзін белгілемей, ол кісіде саған ерекше ұнайтын бес қасиетгі жаз. Бастадық! Уақыттарың бітті. Енді өтінемін, кезекте өз сипаттарыңды оқыңдар, ал біз бәріміз оның қай кісіге келетінін анықтап көрелік. Ал, енді кім бастайды! Сол жақтан оңға қарай бастауымызға болады. Бастадық. Ал, енді қазір қорытынды жасауға болады. Қатысушылардың қайсысын біз тезірек таныдық, яғни ең танымал адам қатарында кім болды?".

Тақырыбы: "Шеңбер бойынша фраза"

"Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр." Енді, экранның оң жағындағы шыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларынды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз".

Тақырыбы: "Жалпы назар аудару"

"Ойынның, барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалык әсер және жергілікті апатта қолданбай қоршаған-дардың назарын аударуға тырысыңдар. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта орындауға үмтылумен күрденеледі. Бұған кім қандай жолдармен қол жеткізгенін анықтандар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың назарын көп аудартқан адамды байқаймыз".

Тақырыбы: "Эмоция түстері"

"Жүргізуші таңдаймыз. Жүргізуші белгі бойынша көзін жабады, ал қалған қатысушылар тыныш қана өзара бір түсті ойластырады, бастапқыда ең негізгі түстерді ойластырған жөн (қызыл, жасыл, көк, сары). Жүргізуші көзін ашқанда, барлық қатысушылар өз қылықтарымен, әсіресе эмоцияларымен білдіруі керек. Түстің атын атамау керек. Егер ол адам таппаса, басқа жүргізуші тандалынады".

Тақырыбы: "Айна"

"Қазір біз сендерге бірнеше тапсырмаларды орындауға ұсынамыз. Тапсырманың шартына назар аударыңдар. Барлығы төртеу:

1. Түймені тігеміз;

2. Жолға жиналамыз;

3. Пирог пісіреміз;

4. Циркте ойнаймыз.

Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай, оның әрқайсысын жұптап орындайды, жұптағылар бір-біріне қарсы тұрып екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Ол үшін алдымен жұп-жұпқа бөлінейік. Сонымен әр жұп кезекпен өз таңдауы бойынша тапсырмаларды орындайды. Олардың бірі - орындаушы, ал екіншісі -оның айнадағы бейнесі, орындаушының барлық қимылдарына еліктейді. Топтың басқа қатысушылары - көрермендер, олар жұптың, ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Содан кейін жұптағылар рөлдерімен ауысады.

Жұптар кезекпен ауысады, осылайша топ алдына барлық қатысушылар шығады. Топ айна рөлінде ойнаушыны бес ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Кейін барлық қатысушылардың бағалары қосылады да әркім өзінің айна роліндегі  жұмысының  сәттілігін біле алады. Рахмет! Қорытынды жасайық. Әр қатысушы өзі үшін өзінің рөліндегі алған топтың берген бағаларының қосындысын есептейді.

2. Психологиялық коррекциялық  жұмыстар .

Мәдениаралық өзара әрекет тренингке жаттығулары

Мақсаты: Топта қолайлы жағдайды қалыптастыру, ойын мінез-құлқы  қабілетін , әлеуметтік өзара әрекет дағдысын  дамыту , бөтен мәдени топтың жаңа қоршаған ортасымен, негізгі нормаларымен, құндылықтарымен, сенімдерімен адамды тез таныстыру. Топ мүшелерінің талап ететін тұлғаралық  қатынастағы мәдениетаралық айырмашылықтарымен оқытылатындарды таныстыру. Топта сенімді және ашық атмосфера құру.  Қарым-қатынастағы  кеңістіктің маңызын жете түйсінуге көмек беру. Серіктестердің қатынас барысындағы кеңістікте орналасуының әсерін орнату.

Жаттығу: "Амандасу"

Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербальді әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі амандасу тәсілдерді психолог (жетекші) есіне түсіру керек.

Жаттығу: "Тұсаукесер " ("Презентация ")

Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог (жетекшіден) бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы арқылы, әрі позамен, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа Сіз қандай адам тұрғысынан сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдауын қалайтындығын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз", - дейді. Психолотың сөзінен кейін оның өзі топтың алдында айта бастайды. Содан кейін әр қатысушы шеңбер бойымен өзін таныстырады. Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.

Психолог төмендегідей сұрақтарды қояды:

- "Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қаларлықтай әсерін тигізді?";

- "Сіз үшін қай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?";

- "Қай топ мүшесінің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді (мінезі, көңіл-күйі бойынша)?";

- "Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе Сізді таңқалдырды?

- Мүмкін, Сіздің сол адамға қандай да бір сұрақты қойғыңыз келетін шығар?"

Жаттығу: "Мұз жарғыш".

Қатысушылар екі қатар құрып, бір-біріне қарап тұрады. Мақсаты: серіктесті итеріп жіберу. Талқылау.Қойылатын сұрақтар:

- Неге ұнамсыз сезім пайда болды?

- Сіздің өміріңізде кездескен осындай жағдайларды айтып бере аласыз ба?

Жаттығу: "Көпір".

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: "Бұл сызық -тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол, тек бір ғана адам өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам - екі ұлттың өкілі, бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жету керек". Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі. 

Талқылау:

- Тапсырма ненің көмегімен орындалды?

- Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?

Осы жағдайда  қарым-қатынастың  қандай құралдары (вербальді немесе вербальді емес) маңызды?

Қай ұлттың вербальді емес  қарым-катынасы  саған жақын да, түсінікті көрінді?

Жаттығу: "Танысыңыз, шетелдік!"

Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың ағылшын, француз, италъяндық, жапондық және тағы басқа ұлт өкілдері мінез-құлықтағы қол-дене қимыл-қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген. Қалған қатысушылар қай ұлтты көрсеткенін табу керек.

Талқылау:

- Неге сүйеніп анықтадық?

- Ұлттық таптауырындар қажет пе?

Осы сұрақ бойынша топ екіге бөлінеді. Бір топ таптауырындардың қажетін дәлелдейтін болса, ал екінші топ - оның қажет емес екендігін дәлелдеу үшін пікір-талас жүргізіледі.

Жаттығу: "Елсіз арал "

Психолог ойынның шартымен таныстырады: "Мүхит бойындағы бірнеше күнгі болған окиғадан кейін адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады. Әрі ол да жарамсыз болып қалды".

Ойынның шарты: "Сіздер елсіз аралда қалдыңыз. 20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздар. Енді үш топқа бөлініңіздер".

Жетекші әр топқа барып, оларға жеребе арқылы қай ұлттың өкілдері (қазақ, орыс, ұйғыр) болғанын анықтап алғаннан кейін, топтар бір-бірінің қай ұлттың өкілдері екенін білмейтіндігін, әрі бір-біріне айтуға болмайтынын түсіндіреді.

Жиырма жылдың аралында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай зандарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылық, салт-дәстүр, түрткі, мейрам ерекшеліктерімен көпшілік алдында таныстырып, ойнатып көрсету керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, желім және тағы басқалармен қамтамасыз етіледі.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа көріністі көрсетуге 30 минут беріледі. Топ қай ұлт өкілдері туралы екенін айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекті құралдарды да дайындайды. Тыңдаушылар анықтауға тырысады. Талқылау толық жүрмейді. Тек мынадай сұраққа жауап беріледі:

- Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтау мүмкіндігі болды?

Тақырыбы: "Жел соғады".

Мақсаты: Ойынға қатынасушылардың зейінін тұрақтандырып, көпшілікпен  қарым-қатынасын  нығайту.

Барысы: Жел соғады соған ..... деп бастайды. Қатысушылар бір-бірін жақсы білу үшін, келесі сұрақ: "Жел соғады соған, кімнің шашы қысқа болса", барлық шашы қысқа ұлдар мен қыздар бір жерге жиналады. "Жел соғады соған, кім жануарларды жақсы көрсе", ".а", "....... кімде көп достар болса", "..... кім іскер болса" т.с.с.

Тақырыбы: «Темір жол кассасы» 

Вокзалда тұрмын деп өзіңіздің көз алдыңызға елестетіңіз. 15 минуттан кейін сіз отыру керек поезд жүреді. Кассада бір билет қалған, бірақ кассир өзінше ұстап отыр. Сізге кассир билетті сату үшін оны сендіруіңіз қажет. 

Кассир таңдалады. Қатысушылар сыртқа шығады, кезекке тұрады. Содан соң бөлмеге біртіндеп кіреді, кассирге жақындап, билетті сатып алу үшін дәлелдер келтіреді. Әр ойыншыға 3 минуттан беріледі. 

Талқылау:

Кассирден билетті кімге сататынын, яғни кері байланысты сұраймыз. Неге? Кімге сатпас едің? Неге? Кассирдің қабылдауға болатын, жарамды варианттарды хабарлауына болады. 

Кері байланыс.

Барлық оқушылар шеңбер құрып отырады. Біздің тренингіміз аяғына жетейін деді. Біз қоштасамыз. Бірақ жан-жаққа тарап кетер алдында, чемоданымызды жинаймыз. Біз бірге жұмыс істедік, сондықтанда әрқайсысымыздың жол сөмкемізде бірге жинақтаймыз. Жол сөмкедегі заттар ерекше болмақ. Біз қарым-қатынас мәселесімен шұғылданғандықтан, оған біз әрқайсымызға қарым-қатынас жасауға не көмектесті және не кедергі жасады соларды «саламыз». Чемоданды біз иесі жоқ кезде жинаймыз, ал жинақтап болғаннан кейін, оны шақырып чемоданды береміз. Ол чемоданды ешқандай сұрақ қоймай алып кетуі тиіс.

Чемоданды жинау барысында біз бірқатар ережелерді сақтауымыз керек:

1. Чемоданға салынатын көмектесетін және кедергі жасайтын қасиеттердің саны бірдей болуы керек.

2. Әрбір қасиет чемоданға топтың келісімімен салынады. Егерде біреуіміз келіспейтін болсақ, топ өзінің шешімінің дұрыс екендігіне ол адамды көндіруге тырысуына болады, ал егер көндіре алмаса қасиет чемоданға салынбайды.

3. Чемоданға топтың жұмысы барысында көрініс алған қасиеттерді ғана салуға болады.

4. Чемоданға коррекциялауға жарайтын қасиетті ғана салуға болады.

5. Чемоданға салынған қасиеттер талқыланады. Чемоданды жинау кезіндегі ойлаумен бастайық және оны төмендегідей жасаймыз: көзімізді жұмамыз (топтың барлық мүшелері көздерін жұмғанша күтіп тұрамыз) және ойымызда шеңбер бойымен жүріп өтіп, топтың әрбір мүшесінің алдында тоқтап оның бойында қандай жақсы қасиеттер бар екенін, қай жағына мықты екенін ойлайық. Менде қатысамын, бұл негізінен барлығы тапсырманы орындап үлгеру үшін және ойымен әрбірінің қасына баруына қанша уақыт керектігін анықтауға көмектеседі. 

Көзімізді ашамыз. Енді сіздердің біріңіз өзі таңдаған топ мүшесіне доп лақтырады да, ол адамның бойында қандай жақсы қасиеттер бар немесе қай жағынан мықты деп ойлайтынын айтады. Допты тосып алған адам өз кезегінде келесі адамға допты лақтырып оның бойындағы жақсы қасиеттер мен мықты жағын айтады және ары қарай т.с.с доп әрқайсысымыздың қолымызға тигенге дейін. Әркім өзінің мықты жағын білуі тиіс.

Тапсырма аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы допты топтың өзі қалаған адамына бергісі келген бірақта, ол адамға басқалар назар аударғаннан кейін бере алмаған адамына бергісі келгендер бар ма екен оларға мүмкіндік берілетінін айтады. Ондай адамдар қатары бірнеше болуы мүмкін.

Талқылау барысында: Сіз енді өзіңізді қалай сезінесіз? Сіз басқа біреудің жеке қасиетін айтқанда және сіздің жеке қасиеттеріңізді айтқанда қандай күйде болдыңыз?

Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі. 

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 94

Кеше 148

Осы аптада 641

Осы айда 2921

Барлығы 177306

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска