Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана отырып болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттіліктерін арттыру жолдары Сагидуллина А.М.

Сагидуллина Асима Мұратқызы, 

бастауыш сыныпта математиканы оқыту пәні оқытушысы, 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, болып жатқан жаңартулар оқу-тәрбие жұмыстары бағыт-бағдарының заман талабына сай жасалуын міндеттеп отыр. ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры.  Жеке тұлғаға қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің  инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Елбасымыздың әр жылғы халыққа жолданатын Жолдауында білім беру жүйесі қомақты өз орнын алады. Ұлт көшбасшысы биылғы Жолдауында ұлттық білім берудің салаларында білім беру сапасын жақсарту, оның ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі түйінді мәселелерге тоқтала отырып, оны шешу шараларын ұсынды. [1]

Оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары студенттердің алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге, тұлға ретінде дамуға қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгізуді көздейді. 

Білім мазмұнының компоненттері, әрекет түрлері, құндылық бағдары және эмоциялық-тұлғалық қатынасының алғашқы түсініктен білімге жетуі, әрекет тәсілдерінен дағдыға, құндылық нормадан көз жеткізуге дейін көтерілсе, құндылықтар мен тәсілдерді меңгеруге қажетті нақты мақсаттылық бағыт тиімді болмақ. Бұл әрине қай деңгейде болмасын білім беруде жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Сондай қажеттілікті өтеудің бір жолы студенттердің ақпараттық құзыреттіліктерін қалыпастыру үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану болып табылады. Инновациялық технологиялар туралы зерттеу жүргізген ғалымдар (В.А Сластенин, И.П. Подласый, В.И. Андреев, В.В. Шапкин, В.Д. Симоненко, К.К. Колин және т.б.) пікіріне жүгінсек, педагогикалық инновация – бұл педагогика ғылымы саласында нақты мақсатқа бағытталған білім аясына белсенді өзгерістер енгізетін тұрақты элементтер, білімнің жеке компоненттері мен біртұтас жүйесін жетілдіруге ықпал ететін жаңа көзқарастар, – деген тұжырымға келеді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. [2] 

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына, құзыретті маман атануына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық коммуникациялық технология. Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.  Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге оқушыны оқытуда бейне және ойын бағдарлама-ларын тиімді пайдалануға  мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандырусыз ұйымдастырып, жоспарлау мүмкін емес. Инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізу, оқытушылар мен болашақ мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде ақпараттық-әдістемелік орталық, электрондық оқу залдары, ақпараттық оқыту алаңы мен оқытушылар үшін автоматтандырылған жұмыс орындары жасақталып, нәтижелі білім беруді ұйымдастыруға жағдай орнатылған. Колледждің оқу-тәрбие үрдісінде 250 компьютер, 4 интерактивтік тақта, 13 интерактивтік және мультимедиялық проекторлар, 200-ден астам электрондық оқулықтар, колледж оқытушыларының авторлығымен жасақталған электрондық-әдістемелік жүйелер, мультимедиялық оқу бағдарламалары, электрондық оқу құралдары қолданылуда.  

Техникалық және кәсіптік білім берудің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай  талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану  және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – студенттің жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру  мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – студенттің әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. [3].

Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа  нәтижелер. Құзіреттілікті студенттің пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. 

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – студенттерді ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда колледж оқытушылары өз пәндерінде студенттерді жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастыруда оқытудың жаңа инновациялық технологияларын, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалануда.  

2003 жылдан бастап колледжде барлық арнайы пәндер бойынша электрондық-әдістемелік жүйе жасақталып, оқу-тәрбие процесіне енгізілді. Колледж директоры, п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалинаның авторлығымен «АКТ жағдайында колледж оқушылары мен оқытушылардың әдістемелік жұмысқа дайындығының диагностикасы» автоматтандырылған авторлық бағдарламасы, «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесінен» электрондық-әдістемелік жүйесі, «Математиканың теориялық негіздері» электрондық оқулығы, «Математика» электрондық оқулығы (1-класс), колледж оқытушылары п.ғ.к. К.З.Хамитованың «Экономиканың теориялық негіздері» электрондық-әдістемелік жүйесі, «Экономика» (2-4 класс) электрондық оқулықтары, п.ғ.к. Ш.С.Набидоллинаның «Анатомия, физиология және гигиена» электрондық әдістемелік жүйесі жасақталып, студенттерге сапалы білім беруде пайдаланылуда. 

«Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» электрондық-әдістемелік жүйесі педагогикалық колледждердің 0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алушы студенттерді даярлауға арналған.  Ашық жүйе түсінігіне пәндік білімдер, педагогикалық тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі, оқытушы мен оқушының өзінің әдістемелік тәжірибесіне байланысты қосымша қоса алатын тестілер кіреді. Тестілер арқылы білім алушы өзін-өзі бақылай, бағалай алады. Тапсырмаларға анықтамалық материалдар берілген, бұл материалдар арқылы оқушы өзін-өзі тексере алады. 

Бұл ашық, дамыту жүйесі педагогика, психология, математиканың теориялық негіздері мен бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі пәндерінің пәнаралық байланысында құрылған. «Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі»,  «Шамаларды оқыту әдістемесі»,  «Алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі»,  «Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі» саласында желілік, жүйелік және функционалдық жиынтықтан тұратын модульдерден құралады. 

 

ЭӘЖ  құрамына  «Бастауыш білім берудің мұғалімі» біліктілігі бойынша  мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламалары, «Педагогика», «Психология», «Математиканың теориялық негіздері», «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» оқулықтары енгізілген.

 

Гипермәтін және интерактивті тапсырмалар бастапқы математикалық құрылымдардың құрастыру жолы арқылы, олардың бастауыш математика оқулықтардың мазмұнымен, монографиялар, түрлі теориялық тұжырымдамалар бар ғылыми мақалалармен, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары, дидактикалық тапсырмалар мен компьютерлік математикалық ойындармен қанығу арқасында ядро идеяларын меңгеруді қамтамасыз етеді. Модульдің мазмұнына байланысты идеяда үлкен немесе кіші үлес салмағы болуы мүмкін. Тест тапсырмалары модульдің мазмұнына сәйкес құрастырылған. ЭӘЖ құрамындағы интерактивтік тапсырмалармен қатар берілген құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырып, ауызша сөйлеуін дамытып, эвристикалық қызметтің тәсілдеріне үйретіп, кеңістік туралы түсініктерін, ойлаудың әр түрлі тәсілдерін қалыптастырады. [4]. [5].

Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет - білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiнде пайдалану келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi: 

- студенттердің  дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану; 

- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.) қолдана отырып тұлға бойында кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыру; 

- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру; 

- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.  [6]

Инновациялық технологиялар арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, өз пәндерін жетік меңгерген, ақпараттық ортаға тез бейімделе алатын, проблеманы шешу құзыреттілігі дамыған жеке тұлға қалыптастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Назарбев Н. " Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ " 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы [1]

Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. "Қазақстан мектебі" №12 Алматы, 2003- 3 бет. [2]

Информатика (Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты) Алматы, 2003 ж. [3]

Құрманалина Ш.Х. Қазіргі заман талаптарына сай педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін көтеру. "Техникалық және кәсіптік білім" №2-3 Алматы,  2011 – 10 бет. [4]

Жаңа педагогикалық технологиялар бойынша кәсіби біліктілігін көтеру– маманның кәсіби құзыреттілігін жетілдіру жолы. / Құрманалина Ш.Х. // Білім. – 2011. №2. [5]

«Информатика негіздері» №1 2004 ж 14,16 бет. [6]

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 143

Кеше 150

Осы аптада 542

Осы айда 2822

Барлығы 177207

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска