Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып математика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары А.М.Сагидуллина, Н.Е.Ибатова

ӘЖК 378.126

12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып математика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары

А.М.Сагидуллина, Н.Е.Ибатова -

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің математика кафедрасының  оқытушылары

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі. 

Бүгінде осы бағыттағы білім беру ең негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, өзінің білімі мен іскерлігін әртүрлі әрекеттердің айналасында қолдана білетін, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді мамандар қажет.

Үздіксіз педагогикалық білім берудің деңгейі ретінде педагогикалық колледждің негізгі қызметі маманның кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ететін тұлғалық және кәсіптік жағдайларды қалыптастыру болып табылады. Осы айтылғандардан  мұғалімдер дайындайтын оқу орындарының алдында үлкен міндеттер тұрғанын көреміз, өйткені 12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген әрбір пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр. 

12 жылдық білім берудің басты мақсаты - білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру. 

Білім беру талаптарына «Құзыреттілік» ұғымы енгізіліп, оның мазмұны психологиялық ғылымда бірнеше нұсқада қарастырылады. Тәжірибеде кәсіби құзыреттілік бітірушінің идеалды моделі ретінде көрініс береді. Құзыреттіліктің негізгі анықтаушы факторлары үздіксіз білім алуға деген қажеттіліктердің қалыптасқандығы, кәсіби құзыреттілікті тереңдетуге дайындық болып табылады. Құзыреттілік тәсіл жеке тұлғаның сапалық кешенін дамытуды көздейді.  

Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе 12 жылдық білім беруде де педагог төмендегідей құзыреттерді игеру міндетті деп көрсетті:

1. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білу қабілеті. 

2. Әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 

3.Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. 

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дамытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан - жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. 

Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді. 

Сонымен қатар қазір негізгі мәселе «Баланы қалай оқыту керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға  бағытталып отыр. 

12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент–мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент–профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент–оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.

Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді. 

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау тақырыбындағы көп жылғы  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалинаның еңбектерінде көрініс тапқан. 

Елімізде бастауыш білім беру жүйесінің мәселелерін, соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау және бастауыш сынып мұғалімінің әдістемелік-математикалық дайындығы мәселелерін зерттеуші ғалым Ш.Х.Құрманалина 12 жылдық білім беретін мектеп моделін, сол мектепте білім беретін болашақ мұғалім моделін (сурет-1), бастауыш сыныпты бітіруші түлек моделін (сурет-2), құзыреттілікке бағытталған сабақтың жоспары және күнтізбелік-тақырыптық жоспардың жаңа үлгісін, педагогикалық колледждердің 0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі»  біліктілігі бойынша білім алушы студенттерін даярлауға арналған «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» электрондық-әдістемелік жүйесін жасақтады.

                            сурет – 1                                                                      сурет – 2 

«Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі» электрондық-әдістемелік жүйесі – оқытуды ұйымдастырудың мақсаттылық, мазмұндылық, іс-әрекеттілік, нәтижелік бағалау компоненттері мен құрылымдандырылған пәнаралық  байланыста құрылған ашық қор. ЭӘЖ құрастырудағы педагогикалық технологияның негізі – модульдік технология.  

Ашық жүйе түсінігіне пәндік білімдер, педагогикалық тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі, оқытушы мен оқушының өзінің әдістемелік тәжірибесіне байланысты қосымша қоса алатын тестілер кіреді. Тестілер арқылы білім алушы өзін-өзі бақылай, бағалай алады. Тапсырмаларға анықтамалық материалдар берілген, бұл материалдар арқылы студенттер өзін-өзі тексере алады. 

Бұл ашық, дамыту жүйесі педагогика, психология, математиканың теориялық негіздері мен бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі пәндерінің пәнаралық байланысында құрылған. «Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі»,  «Шамаларды оқыту әдістемесі»,  «Алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі»,  «Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі» саласында желілік, жүйелік және функционалдық жиынтықтан тұратын модульдерден құралады (сурет - 3). 

                             сурет – 3

ЭӘЖ  құрамына  «Бастауыш білім берудің мұғалімі» біліктілігі бойынша  мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламалары, «Педагогика», «Психология», «Математиканың теориялық негіздері», «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» оқулықтары енгізілген. 

Гипермәтін және интерактивті тапсырмалар бастапқы математикалық құрылымдардың құрастыру жолы арқылы, олардың бастауыш математика оқулықтардың мазмұнымен, монографиялар, түрлі теориялық тұжырымдамалар бар ғылыми мақалалармен, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары, дидактикалық тапсырмалар мен компьютерлік математикалық ойындармен қанығу арқасында ядро идеяларын меңгеруді қамтамасыз етеді. Модульдің мазмұнына байланысты идеяда үлкен немесе кіші үлес салмағы болуы мүмкін. Тест тапсырмалары модульдің мазмұнына сәйкес құрастырылған. 

ЭӘЖ құрамындағы интерактивтік тапсырмалармен қатар берілген құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар студенттердің танымдық қызығушылықтарын қалыптастырып, ауызша сөйлеуін дамытып, эвристикалық қызметтің тәсілдеріне үйретіп, кеңістік туралы түсініктерін, ойлаудың әр түрлі тәсілдерін қалыптастырады.

Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет - білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады.

12 жылдық білім берудің жаңа стандартында реттелген білім, білік, дағдылар, сондай-ақ негізгі құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелері, әлеуметтену нәтижелері жалпы білім беретін пәндер мен оқу-әдістемелік қолдау бойынша білім беру және оқу бағдарламаларының мазмұны арқылы қалыптасады. 12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі - проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент); ақпараттық құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған.

ЭӘЖ-нің әр модулі мен гипермәтін мазмұнына сәйкес жүйелі берілген тапсырмалар болашақ бастауыш сыныптың математка пәні мұғалімдерін даярлауда бойларында кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыруға көмектесіп, олардың математикалық сауаттылығының артуына көп ықпалын тигізеді.  

Бір ғана тапсырманы орындау арқылы студент бойында бірнеше кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыруға болады. 

Мысалы: Геометриялық материалдарды оқытуда «Тіктөртбұрышпен таныстыру, оның периметрін табу» тақырыбына берілген құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмаға тоқталатын болсақ: Алдыңызда пәтердің жобасы берілген. 

Құзыреттілік

Аспектілер

I деңгей

Тапсырмалар

 

 

 

Алдыңызда пәтердің жобасы берілген.

1.      Залдың периметрін тап.

2.      Дәліздің периметрін есепте.

3.      Дәліздің ұзындығы енінен неше есе артық?

4.      Егер залдың есігінің ені 1 метр болса, онда қанша метр плинтус қажет?

Проблеманың  шешімін табу  құзыреттілігі

Ресурстарды жоспарлау

- белгілі әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды.

Бұрыннан белгілі ішкі ресурстарын: білім, білік, дағдыларын қолдана отырып берілген тапсырмаларды шешу үшін орындалатын қадамдарды жоспарлап, қолданылатын әрекеттерді атайды. Тіктөртбұрыш пен шаршының айырмашылығын, периметрін табуды еске түсіріп, берілген қабырғалардың өлшемдерін еселік (қатынастық) салыстыруды түсіндіреді. 

Әрекетті жоспарлау және мақсат қою

- міндеттерді шешу қадамдарының логикалық және уақытша бірізділігін  анықтайды және  құрайды.

Ақпараттық құзыреттілік

Ақпараттық ізденісті жоспарлау

- ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

- қойылған міндетті шешу үшін берілген тізімнен ақпараттың  қайсысын меңгергенін, не меңгермегенін көрсетеді.

Пәтер бөлмелерінің периметрлерін табу үшін қажетті ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі. Бөлмелердің ұзындығы мен енінің белгілі және белгісіз өлшем бірліктерін анықтайды,  белгісіз қабырғаларды табу суретті қолдана отырып баяндайды.

Ақпараттарды өңдеу

- ақпараттың жеткіліксіздігін немесе түсініксіздігін көрсетеді.

Залдың ұзындығы 6 м тең. Ал қалған қабырғалары белгісіз, яғни бұл жерде қалған қабырғалары туралы ақпараттың жеткіліксіздігін көрсетеді.

Беріліп тұрған фигура тіктөртбұрыш болғандықтан, оның қарама-қарсы жатқан қабырғаларының тең және бұрышы тік болатынын қолданып, белгілі қабырғаға қарсы жатқан қабырғаның да 6 м-ге тең болатынын айтады.

Зал мен 1-ші бөлмені бөліп тұрған қабырға 2 м-ге тең болатын шаршының қабырғасы болғандықтан, залдың ені де 2 м-ге тең болатынын атап, жеткіліксіз ақпараттарды толықтырады. Қалған бөлмелердің белгісіз қабырғаларын табуды осы жолмен анықтайтынын айтады.

Коммуникативтік құзыреттілік

 

Жазбаша  қатынас

- қарапайым құрылымдағы жазбаша байланысудың стандартты өнімдері нысанында өз ойын ресімдейді

1. Ұзындығы белгілі залдың енін табу арқылы периметрін есептеп шығарады.

2. Дәліздің ұзындығын табу үшін зал мен 1-ші бөлменің қабырғаларын қосады. Белгілі ені мен табылған ұзындық арқылы периметрін анықтайды.

3. Дәліздің ұзындығы енінен неше есе артық екенін есептейді.

4. Залдың жалпы периметрінен есік енінің өлшемін азайту арқылы  қанша метр плинтус қажет екендігін анықтайды.

Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзыреттілікті қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны,  осыдан келіп білім алушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылуда.

12 жылдық білім беру талаптарына сай бастауыш сыныптың математика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім берудің парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің жаңа бағдарын анықтап, мамандардың құзыреттілігін көтеруді талап етіп отырғандығына байланысты болып отыр. 

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу болашақ ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді, олардан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Электрондық әдістемелік жүйе қызметінің педагогикалық алғышарттары. Оқу құралы / Құрманалина Ш.Х. -  Алматы. - Әлем. - 2001.

2. Жаңа педагогикалық технологиялар бойынша оқытушылардың біліктілігін көтеру – маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру жолы / Құрманалина Ш.Х. // Алматы. – Қазақстан жоғарғы мектебі. - 2001.-  №3. -  65 б.

3. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар. / Құрманалина Ш.Х. т.б.//  Орал. – 2008. 

4. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе / Тұрғанбекова  Б.А. // Алматы. – 2005.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 112

Кеше 150

Осы аптада 511

Осы айда 2791

Барлығы 177176

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска