Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ

    ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

    СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

    Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттер үйі 314 орынға шақталған.. 1980 жылы пайдалануға беріліп, 2015 жылы күрделі жөндеуден өтті. Жатақханада студенттер тұратын 110 бөлме бар. Бөлмелер 2,3 және 4 кісілік. Әрбір қабатта 8 бөлмеде 20 – 28 студент тұрады. Әр қабат бойынша ас дайындау бөлмесі, жуынатын бөлме, 2 дәретхана бар. Әр бөлмеде тұрғындар үшін кереуіт, түскі үстел, орындықтар және киім салатын шкафпен, төсенішпен қамтамасыз етілген. Тұрғындар үшін кір жуу машиналары мен тоңазытқыштар орнатылған. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсетуге арналған кабинет жұмыс жасайды, тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Медбике бөлмесіне қажетті құрал жабдықтармен толық қамтылған және оқшаулау бөлмесі жабдықталған.

    Колледж жатақханасы бірінші кезекте жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек, толық емес отбасылардан шыққан, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер, Сонымен қатар 9 сынып бітіріп келген барлық бірінші курс студенттері қамтылды. Екінші кезекте облыстық және республикалық байқаулар мен конкурстарда және жарыстарда топ жарып жүрген студенттер қамтылды.

    Студенттердің сабақтан тыс бос уақытын тиімді өткізу мақсатында әртүрлі тәрбиелік, мәдени-көпшілік және тренингтер ұйымдастырылады. Әр қабаттағы холлдар тақырыпқа сай безендірілген. Мәселен: 3а қабатындағы холл «Әуен алаңы», бұл жерде студенттер түрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйреніп, ән салады. 5а холл «Тілдесу алаңында» студенттер өзара жиналыстар ұйымдастырып, тренингтерге қатысады. 6а холл «Өнер алаңында» студенттер түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, тоқыма тоқумен айналысады. Бұл жерде «Қолөнер» үйірмесі жұмыс жасайды. 7а қабатында студенттердің сабаққа дайындалуында түрлі ақпараттар іздеу үшін және ғаламтор желісінен түрлі қызықты ақпараттар алу үшін «Интернет кафесі» жұмыс жасайды. 8а холл «Ойын time» студенттер теннис, шахмат, дойбы үйірмелеріне қатысып, «Монополия», «Футбол», «Мұнара» ойындарын ойнайды. 9а қабатында «Кино залда» студенттер бос уақытында отандық және шет елдік түрлі жанрдағы фильмдер тамашалайды.

    Колледж жатақханасынан бөлме алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    1) Өтініш

    2) Отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

    3) Ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы анықтама;

    4) Отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін)

    5) Мүгедектігін растау туралы анықтама;

    6) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шыққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан баллар үшін атаулы әлеуметтік көқмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

    7) Жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).