Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ

    ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

    CALL-CENTER «111»


    ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

    МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ

     

    ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

    Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 

    Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
    Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіне оқуға қабылдау ережесі

    І. Жалпы ереже

    1. Осы Техникалық және кәсiптiк білімнің бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына (бұдан әрi - бiлiм беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртiбiн белгiлейдi.

    2. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіне негiзгi орта (жалпы негiзгi), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсiптiк (кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары (кәсiптiк жоғары) бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

    3. Бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделедi:

    1) І, ІІ топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек- балалар арасынан шыққан азаматтарды- 1%;

    2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарды-0,5%;

    3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарды-30%;

    4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды-2%;

    5) жетім балаларды және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды-1%.

    4. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiмi бар тұлғалар үшiн түсу емтихандарын тапсыру нысанын бiлiм беру ұйымдары белгiлейдi.

    II. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

    5. Бiлiм беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтiнiштерiн қабылдау, түсу емтихандарын өткiзу және бiлiм алушылар құрамына қабылдау үшiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешiктiрмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.

    Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелерi кiредi.

    6. Бiлiм беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңiрлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелерi тиiстi саланың уәкiлеттi органының келiсiмi бойынша шешiледi.

    Қабылдау ережелерін, өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте туралы ақпарат, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі тиіс.

    7. Оқуға түсушiлердi қабылдау нәтижесi туралы ақпаратпен оқудың күндiзгi нысаны бойынша 30 тамызға дейiн, сырттай және кешкi оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейiн ақпараттық стендiге жариялау арқылы немесе бiлiм беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.

    8. Бiлiм беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау:

    1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндiзгi нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкi және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

    2) бұқаралық кәсiптер мен неғұрлым күрделi (аралас) кәсiптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндiзгi нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкi нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

    9. Оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтініштеріне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, №086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретiмен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық - әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті, ҰБТ сертификаты, оқу орнынан мінездеме, мекен-жай анықтамасын тапсырады.

    Педагогикалық колледжге оқуға түсушілер жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушiнiң өзi ұсынады, камелетке толмағандардың құжаттары ата-аналары немесе заңды өкiлдерiнің қатысуымен қабылданады.

    Келісімшарт (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және есептеледі.

    Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесiн анықтайтын, тұрғылықты жерге тiркелгендiгi туралы белгiсi бар құжатты ұсынады:

    1) шетелдiк - шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

    2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлiгi;

    3) босқын - босқынның куәлiгi;

    4) пана iздеушi тұлға - пана iздеушi тұлғаның куәлiгi;

    5) оралман - оралман куәлiгi.

    Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді.

    Оқуға түсушiлерден түскен өтiнiштер бiлiм беру ұйымының тiркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тiркеледi.

    Кешендi тестiлеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшiн ағымдағы жылы кешендi тестiлеуге қатысқан өткен жылдар түлектерi) немесе ҰБТ нәтижелерi туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысқан бiтiрушiлер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес конкурсқа жiберiледi.

    ҰБТ-ға қатыспаған тұлғалар колледжге кешенді тестілеу арқылы қабылданады.

    10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша және:

    1) жалпы орта бiлiмi бар оқуға түсушiлер үшiн үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тiлi, Қазақстан тарихы және мамандық бейiнi бойынша пән) өткiзiледi;

    2) негiзгi жалпы бiлiмi бар оқуға түсушiлер - негiзгi жалпы бiлiмнiң оқу бағдарламалары көлемiнде 2 пән бойынша өткізіледі: қазақ немесе орыс тiлiнен жазба жұмысы және мамандық бейiнi бойынша тестілеу;

    3) мамандық бейiнiне сәйкес келмейтiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiмi бар тұлғалар үшiн мамандық бейiнi бойынша өткiзiледi;

    4) мамандық бейiнiне сәйкес келетiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiмi бар тұлғалар үшiн әңгiмелесу түрiнде өткiзiледі;

    5) 15-тармақта көрсетiлген конкурсқа өтетін баллды жинаған негiзгi жалпы бiлiмi бар талапкерлер мамандыққа сәйкес әңгімелесуден өтеді.

    Бiлiм беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушiлердiң өтiнiшiне сәйкес қазақ немесе орыс тiлдерiнде өткiзiледi.

    Техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң мамандық бейiнi бойынша жалпы бiлiм беретiн пәндер тiзбесi осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.

    11. «Технология», «Бейнелеу өнері және сызу», «Музыкалық білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсетiн тұлғалар бiлiм беру ұйымдары бекiткен бағдарламалар бойынша өткiзiлетiн шығармашылық емтихандар тапсырады.

    Шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелдi себепсiз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жiберiлмейдi.

    12-тармақта көрсетiлген негiзгi орта, жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн қабылдау емтихандарының нысанын, тестiлеудi немесе пәндер бойынша емтихандарды бiлiм беру ұйымы белгiлейдi.

    12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетiн тұлғалар үшiн оқудың күндiзгi нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкi және сырттай нысанына 
    1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; «Технология», «Бейнелеу өнері және сызу», «Музыкалық білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша шығармашылық емтихандар 21 шiлде мен 25 тамыз аралығында өткiзiледi.

    Түсу емтихандарын өткiзу кезiнде:

    1) тестiлеу нысанында әрбiр пән бойынша тестiлеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгiленедi; әрбiр тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестiлеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, екi пән бойынша 1 сағат 30 минут, 1 пән бойынша 45 минут берiледi; дұрыс жауаптар коды тестiлеу аяқтала салысымен iлiнедi; тестiлеу нәтижелерi өткiзiлген күнi хабарланады;

    2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелерi бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 баллдарға ауыстырады.

    13. Бiрыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезiндегi даулы мәселелердi шешу, түсушiлердiң құқығын қорғау мақсатында бiлiм беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.

    Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелерi кiредi.

    Тестiлеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерiмен келiспеген тұлға шағым бiлдiруiне болады.

    Апелляцияға өтiнiш тестiлеу немесе түсу емтихандарының нәтижелерi хабарланғаннан кейiн апелляциялық комиссияға келесi күнгi сағат 13.00-ге дейiн берiледi және бiр тәулiк iшiнде өтiнiш берушiнiң қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

    Апелляциялық комиссия шешiмi комиссия құрамы тiзiмiндегi тұлғалардың көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешушi дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылатын хаттамамен ресiмделедi.

    14. Тестiлеудi немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта
    тапсыруға рұқсат етiлмейдi.

    III. Білім алушылар құрамына қабылдау

    15. Бiлiм беру ұйымдарына бiлiм алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негiзiнде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.

    Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негiзiнде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшiн кешендi тестiлеу нысанында өткiзiлген түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдары негiзiнде; пәндер бойынша немесе бiлiм беру ұйымдары жүргiзген тестiлеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша алынған баллдар (бағалар) негiзiнде жүргiзiледi.
    Қабылдау конкурсын өткiзу кезiнде ҰБТ немесе кешендi тестiлеу сертификаттарында көрсетiлген үш пәннiң осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескерiледi.

    Бiлiм алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

    1) негiзгi жалпы бiлiм алғандар үшiн екi пәннен 22 баллдан кем, бiлiм, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;

    2) жалпы орта бiлiм алғандар үшiн үш пәннен 30 баллдан кем, бiлiм, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жiберiлмейдi.

    Конкурстың шарттары бiлiм алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк беруге және неғұрлым қабiлеттi және тиiстi деңгейдегi техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.

    Орта буын мамандарын даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдау:

    1) күндiзгi оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;

    2) оқудың кешкi және сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

    16. Бiлiм беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсiптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргiзедi.

    Мамандық бейіні пәні

    Мемлекеттік тапсырыс бойынша

    9 класс негізінде:

    1. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»:

    · 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» (орыс тілінде) - орыс әдебиеті;

    2. 0105000 «Бастауыш білім беру»:

    · 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» (орыс тілінде) - математика;

    3. 0107000 «Технология»:

    · 0107013 «Технология пәнінен негізгі және орта білім беру мұғалімі» - шығармашылық емтихан;

    4. 0111000 «Негізгі орта білім»:

    · 0111063 «Математика мұғалімі» - математика ;

    · 0111073 «Физика мұғалімі» - физика;

    · 0111093 «Информатика мұғалімі» - математика.

    11 класс негізінде:

    5. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»:

    · 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» - биология;

    6. 0105000 «Бастауыш білім беру»:

    · 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» – математика.

    Ақылы негізде - 11 класс негізінде:

    1. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»:

    · 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» – биология;

    2. 0102000 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру»:

    · 010204 3 «Білім беруді ұйымдастыру бастауышы» - биология;

    3. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»:

    · 0103023 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» – шығармашылық емтихан;

    · 0103033 «Спорт жаттықтырушы – оқытушы» – шығармашылық емтихан;

    4. 0104000 «Кәсіптік білім беру»:

    · 010401 3 «Өнеркәсіптік оқыту шебері, техник» – математика;

    5. 0105000 «Бастауыш білім беру»:

    · 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» – математика;

    · 0105023 «Бастауыш білім берудің информатика мұғалімі» – математика;

    · 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» - ағылшын тілі;

    · 0105043 «Өзін-өзі тану мұғалімі» – биология;

    6. 0106000 «Бейнелеу өнері және сызу» - шығармашылық емтихан;

    7. 0107000 «Технология» - шығармашылық емтихан;

    8. 0108000 «Музыкалық білім беру» - шығармашылық емтихан;

    9. 0111000 «Негізгі орта білім»:

    · 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» – қазақ әдебиеті;

    · 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» – орыс әдебиеті;

    · 0111033 «Математика мұғалімі» – математика;

    · 0111053 «Өзін–өзі тану мұғалімі» – биология;

    · 0111073 «Физика мұғалімі» – физика;

    · 0111083 «Шетел тілі мұғалімі» – ағылшын тілі;

    · 0111093 «Информатика мұғалімі» – математика;

    10.0511000 «Туризм»:

    · 0511043 «Менеджер» – география;

    11. 1305000 «Ақпараттық жүйелер»:

    · 130502 3 «Техник программист» – математика.

    Бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға арналған квота ҚР Үкіметінің 28.02.2015 жылғы №264 Қаулысына сәйкес бөлінеді.