Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Менің туым - менің Отаным» атты акция жолдауын Жоғары аграрлық-технологиялар колледжінен қабыл алып, Құрманғазы атындағы саз колледжіне жолданды. Акцияның мақсаты – мемлекеттік Туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Колледж студенттері акцияны қолдап, Қазақстанның мемлекеттік Туын белсенді насихаттауға үн қосты.