Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж
«Бағыңды сынап көр!» өнер байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
«Бағыңды сынап көр!» өнербайқауы облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық жалпы ортабілім беру ұйымдарының 11 сынып және балалар музыка мектептерінің 17-18 жастағы оқушылары арасында өткізіледі.
Байқау ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.
Байқаудың мақсаты: 11 сынып оқушыларына музыканың түрлі жанрларында өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беріп, жас таланттарды табу.
- балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу;
- өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу;
- ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.
Байқаудың міндеттері:
-Баланың бойындағы талант пен дарынын зерттеу, оқушылардың шығармашылығын дамыту;
- балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін арттыру;
-оқушының өзін- өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау;
-оқушының ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу;
-оқушының психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру;
-жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашу;
Байқауды ұйымдастырушылар: Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кәсіптік бағдар беру кабинеті. Байқауды ұйымдастырушы әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
Қатысушылар: 11- сынып және балалар музыка мектептерінің 17-18 жастағы оқушылары.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
Байқаудың І кезеңі онлайн түрде өтеді. 2019 жылғы 01 сәуір – 15 мамыр аралығында конкурсттық видео жұмыстар This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына немесе www.pedcollege.kz сайтына жолданылуы тиіс. Байқаудың І кезеңі бойынша жіберілген жұмыстар әділ қазылар мүшелерімен қаралып, ең үздік жұмыстар ІІ кезеңге өткізіледі.
Байқаудың ІІ кезеңі 2019 жылдың 15 маусым күні сағат 11.00-де Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж қабырғасында өткізіледі.
Бір ауданнан 10 үміткер болған жағдайда байқау жергілікті аудан орталығында өткізіледі.
Жоғарыда көрсетілген мерзімненсоңтүскен және ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.
Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жұмысты БАҚ-та жариялауға құқылы.
Байқауға қатысу үшін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына немесе www.pedcollege.kz келесі құжаттарды жіберу қажет:
1.Толықтай толтырылған өтініш (№1 қосымша осы ереженің ажыратылмас бөлігі), өтініштер (WORD) форматта және тек қана біздің формада толтырылуы керек.
2.Сайыскерлердің тууы туралы куәлігінің (немесе жеке басын куәландыратын құжаттың) көшірмесі. Өтінішпен бірге куәліктер жолдануы керек.
3. Қатысушылар және байқауға қойылатын талаптар
Ұсынылған жұмыстар байқаудың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес болуы керек.
Байқауға облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық жалпы ортабілім беру ұйымдарының 11 сынып және балалар музыка мектептерінің 17-18 жастағы оқушылары қатыса алады.
Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
-вокал (жеке дауыста)
-аспаптық жанр (классикалық аспаптар, ұлт аспаптар)
Байқауға қатынасу шарттары:
Байқаудың І кезеңінде әр орындаушы еркін тақырыпта номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсете алады. Қатысушылардың репертуарында кез-келген оркестр, аспапты немесе өз сүйемелденуінде, кез-келген тілде вокалды-аспаптық бола алады. Ән фонограммасыз, акапелла түрінде, табиғи дауыста орындалуы тиіс. Аранжировка, фонограмма қажет емес. Шығарма видеода жоғары сапада жазылуы және орындаушының аты-жөні, шығарманың аты көрсетілуі тиіс.
Конкурста плюстік фонограмма қолдануға тиым салынады!
1. Домбыра-1 күй немесе 1 шығарма
2.Барлық басқа аспаптар-1 шығарма
3.Вокал (эстрадалық, академиялық, дәстүрлі ән)-1 ән
Байқаудың ІІ кезеңі:
1.Вокал (эстрадалық, академиялық, дәстүрлі ән) номинациясы бойынша табиғи дауыста минусттық сүйемелдеумен орындауға мүмкіндік беріледі.
2.Домбыра-1 күй немесе 1 шығарма
3.Барлық басқа аспаптар-1 шығарма
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
-вокалдық ерекшеліктері;
-актерлік шеберлігі;
-ұлттық аспапта ойнау шеберлігі;
-дәстүрлі әндегі орындаушының дауыс кеңдігі;
Сайыскерлердің өнерін мәдениет және білім саласының тәжірибелі, білікті мамандары, музыка кафедрасының оқытушылары бағалайды. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігі тиісті талаптарға сай болмаса, жүлделі орындарды бермеуге құқылы.
Қатысушы байқауда бір ғана номинацияға қатыса алады. Әр номинацияға қатысушыдан бір жұмыс қана қабылданады.
4. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша әділқазы мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.
Байқау қорытындысы, бас жүлдегерге Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша қабылдау емтихандарынан оң баға алған жағдайда конкурстан тыс оқуға қабылдану мүмкіндігі беріледі. 1, 2, 3 орынға ие болған оқушылар шығармашылық емтиханнан босатылады. Белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталады.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 50-64-17, 51-06-81.
Ұялы телефон: 8775 501 34 52
1- қосымша
ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ
1 |
Облыс, қала/аудан, ауыл атауы |
|
2 |
Сайыскерлер оқитын мектеп атауы, оқитын сыныбы |
|
3 |
Сайыскердің жасы |
|
4 |
Сайыскердің аты-жөні, әкесінің тегі |
|
5 |
Байқау номинациясының атауы |
|
6 |
Шығарманың авторы, толық атауы |
|
7 |
Сайыскердің байланыс телефоны |
|
8 |
Сайыскердің электрондық поштасы |